Жарияланымдар

Қоржын қоламен толысты


Грек-рим күресінен 84 кг-ға дейінгі салмақта отандасымыз Даниал Гаджиев олимпиаданың қола медалін тағынып, қоржынымыздағы алты алтынның қатары қола медальмен толықты. Еліміз өз алдына, Даниал үшін бір қуансам, Марат Тұрлыханов үшін тағы қуандым. Керемет ұнайды өзіме…

Алты алтынның алтауында да жар салып, сүйіншілеткен Керегім бүгін үнсіз, Асауға не тұсау болды екен деп отырмын күтіп… Сосын "Қой, бұл отырыс жарамас!",- деп, сүйіншіні өзім сұрамаққа бел будым. Алтынға дәнігіп алғанымыз соншалық, анау-мынауды місе тұтпайтын болғанбыз ба, қалай өзі?! Әрине, әзілім ғой…

Ал құтты болсын! Жеңіс жалғасын тапсын!
Әрі қарай

Ара қашықтық өлшемдері

Қазақ халқының сөздік қоры расында да Нұрғиса ағам «Пай-пай!» деп таңдайын қаққандай ғой…
Қазақ халқының ара қашықтыққа қатысты өлшем атаулары туралы да осылай деуге болады. Халқымыздың таным-түйсігіне, тұрмыс салтына, кәсіп еткен шаруашылығына
Әрі қарай

Қара кемпірдің зары



ә. Алтынбек Қоразбаевтікі
с. Жақсылық Сәтібаевтікі

О-о-о-о, Дүние-ай!
Сағындым, Жексенқұлым, Қосшығұлым,
Өзекті жарып шыққан қос шыбыным.
Қырық жыл аңыраған сорлы анаңның,
Зарына құлағыңды тосшы бүгін.

Қырық жыл ен сап жүрмін
Әрі қарай

Дәрігерге қараған күнің құрысын немесе мен бүгін не тындырдым?

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Дәрігерге қараған күнің құрысын немесе мен бүгін не тындырдым?
Балабақшадағы медбике ұлыма жалпы қан сараптамасын жасату үшін жолдама жазып берген-ді. Өткен жұмада әкесімен бірге осы шаруаны тындырды. Біздің ықшамауданнан жақында ғана жап-жаңа типтік жобадағы емхана пайдалануға берілген еді. Бұрынғы емхана кісі санына шақталмаған, ол жерге ауруын емдетпекке барған науқас, керісінше сырқатына сырқат жамап қайтады. Ал қазіргісі кең, жайлы. Айыбы — зертхана жоқ. Сода жолдамалары қолында, сол баяғы емханаға тартып барыпты ұлым мен әкесі. Еншісін алып кеткен оларды о жерде ешкім құшақ жая қарсы алмағанымен, кішкене баламен сүйретіліп барып тұрған соң, төсінен итермепті. Ертесіне 3-тен кейін сараптама қорытындысы дайын болатынын, келіп алып кетулері керектігін айтқан екен. Бүгін сол есеппен үйдегі сіңлім барды сүйретіле… Жаңа бір әзірде қоңырау соқты, сараптама қорытындысы қолға берілмейді-мыс /башпайларын да ұсынып көріпті;)/. Әлгі жаңа емхананың медбибілері өздері әкетеді-мыс. Сонда бұл туралы о баста ескертетін болса, қайда қалыпты? Сіңлім де босқа ұрыс естіді, өмірі ештеңе тындырмайсың деп жатырмын жалма-жан. Қазір зертхана меңгерушісіне соғып, біраз шаңын қағып алдым. Біздің дәрігерлердің немқұрайлылығына қаным қайнайды. Бүгінгінің дәрігеріне қарап жол бойында ала таяғын айналдырып тұрған жол полицейі көз алдыма келеді. Күніміз түспесін сендерге!
Әрі қарай

Тындырғаным сол болды

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Тындырғаным сол болдыБүгінгі күннің басым бөлігі ұлымның пайдасына шешілді. Ұйқымызды қандырып, сағат 11-лерде FUNKY TOWN ойын-сауық орталығына бардық. Карточкаға 3000 теңге салып, ойламаған жерден ұтыс купонын иелендік. Сөйтсек, орталықта «Ойыншықтар айлығы» деген акция өтіп жатыр екен. "Ұтыс бүгін сағат 16:00-де болады",-деді кассадағы қыз. Ал біз айналдырған бір сағаттың ішінде карточкадағы тиынның түбіне құм құйып үлгердік. Сағат төртке дейін не істейміз? Оның үстіне үйіміз қаланың ана шетінде...Қайтсек те осында күтуге тура келеді. Содан асқазанымызды аз-мұз алдарқатып, сол ғимаратта орналасқан Арсенал кинотеатрындағы 3Д форматтағы «Гномео и Джульетта» мультфильміне билет алдық. Мені негізі қандай бір нәрсемен таң қалдыру аса қиын емес-тін. Бірақ, 3Д формат мені кереметтей таңқалдырды деп айта алмаймын. Көзілдірікті бір киіп, бір шешіп өзімше сынама жүргізіп отыр ем, кенет кіре берістен оқыған «Көзілдірік бүлінген жағдайда 6000 теңге айыппұл салынады» деген ескертпе есіме түсіп, мұнымды доғара қойдым.
Сонымен ұтыс уақыты кеп жетті. Мен естуге құмартқан 2546 нөмірі ақыры аталмастан қалды. Бірақ, мен ұтылғам жоқ. Ұлым мәз-мейрам боп, асыр сала ойнады. Оның бір қуанғаны — бізге мың ұтыс. Купонды күйеуім тіркеткен-ді. Әдетте мені "құманқол" деп мазақ қылатын. Өйткені, мен лотерея, ұтыс деген нәрселерде жолым болып көрген емес. Құманқол деген атақ бүгін оның өзіне бағытталды…
Ойын-сауық паркінен келе жатып орталықтағы абажадай бір жарнама банеріне көзім түсті. Үш тілде берілген жарнаманың жапсары — КОКО МОТО деген лонж-бардың ашылуы туралы жар салу екен. Қақалып-шашалып жатқан сол баяғы қазақ тілі. Айналдырған үш сөйлемде сан қате… Бардың ашылу салтанат құрметтіне шықырылған… Бұлай өздерін де, бізді де алдамай-ақ қойғандары жөн болар еді…
Әрі қарай

Күл-қоқыс жәшігіне жолдама

Менің үйде тұрмыста тұтынбайтын артық заттардың болғанына жаным қас.«Керек боп қалар» деген қағидатты ұстанбаймын, өзіме ненің керек екенін білемін.Еміс-еміс үйді ескі-құсқы нәрселерден арылтып тұрамын, осыдан жаным кәдімгідей рахат табады. Бүгінгі бітірген ісім де осы болды. Үй жинастыра жүріп, екі дәу пакетке күл-қоқыс жәшігіне «жолдама» жазып бердім. Екі пакет ауылдан қатынаған біреу-міреуді күтіп шкафта тұр, ішіне баламның сыймай қалған киім-кешектерін толтырып қойдым. Ауылдағылар оны «гумпомощь» дейді. Фэн-шуйда пайдаланылмайтын ескі-құсқы бұйымдардың жағымсыз энергия бөлетіні туралы айтылады. Қысқасы — бүгін үйдің аурасын біраз қалыпқа келтіргендей болдым.
Әрі қарай

Мен бүгін не бітірдім?

Әдетте жұма күні алдағы екі күн демалыста не істеу керектігімді жоспарлаймын. Бұл жолы да осылай. Бұл жоспарымның бұған дейінгілерден бөліп алары жоқ: үй жинау, кір жуу, азық — түлік алу, тағысын тағылар.
Бүгін тағы не бітірдім? Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылған энциклопедия жарық көрмек екен. Соған кәсіпорынның тарихын баяндайтын мағлұматтарды жиыстырып, жүйелеп отырған жәйім бар. Бұйыртса, бітіремін.
Әрі қарай