Белсенділік

  • 4 қыркүйек 2017
  • aka_bek ·
    пікір жазды - "Жигули" сыралары. Қайсы жақсы?
    Қанша жыл Керекинфоны сырттай оқып жүрсем де, осы постқа комментті жазу үшін арнайы келіп тіркелдім. Сыраның құдіретін-ай десеңші )))

    Сыралар туралы жақсы сараптама жасапсың, бөтелкеңе өзімнің бес тиынымды тастап кетейін. Осы мақтаулы Жигули Барное сырасын жақында байқағаның білініп тұр. Мен бұл сыраны 2011 жылдан бері ішіп зерттеп келем ;)

    Алғаш рет Мәскеуде Арбатта ішіп, бала кезімдегі әкемнің үйге 3л банкеге құйып әкелетін сырасын ұрттатқандағы дәмін сезгем, содан бері арнайы іздеп ішіп келем. Екі үш жылдан бері Қазақстан дүкендерінде сатыла басталғаны жақсы болды, дегенмен массовка болғасын ба, Новый Арбаттағы өзінің сыраханысындағы дәмінен ауытқу бар. Бірақ басқа Жигулилерден жақсы екенін растаймын.

    Бұл сыраны Иосиф Кобзонның баласы шығаратыны бір факт, сосын әуел бастан бұл пиво тек өзінің рестораны үшін шығарылғаны, сосын Путин мен Медведев Арбатты аралап жүріп осы сыраханаға келіп бір бокал пиводан ішіп атын шығарып кеткен жарнамасы бір бөлек тарих. Содан бері олардың өз тілінде айтар болсақ, «бизнес пошел в гору».