Жарияланымдар

MickThatsMyNick
Иәә, оның бәрі оңай емес дүние, ең бастысы тең теңімен болсын!
MickThatsMyNick
Көп көше берген жаман, сары майдай сақтап келген заттарың жоғалады не бүлінеді..(
MickThatsMyNick
Уаау, Айнұр, қашан қонаққа шақырасың?)
MickThatsMyNick
«Неге ақшам жетпейді» деп емес, «неге сол көп ақша табуға миым жетпейді» деп өзіне сынмен қараушылар.)
MickThatsMyNick
Че то мына жолы легия фандарының үні шықпай қалды ғо Астанада.)) саны да көп болмады, киініп келген. 3 жыл бұрынғыдай емес, Ақтөбеде жартылай жалаңаш жүріп.
MickThatsMyNick
Ірі көлемде ақша сұрасаң әрине, сәл жоспар құрған дұрыс. Бірақ өз басым көбіне жалақыға аптадай уақыт қалғанда 5-10 мың тг көлемінде сұрайтыным бар. Сондықтан жоспарсыз-ақ, кез келген сәтте, бірақ ешкім күтпеген жерден сұрай салам. Сосын көбіне өзің қарызға ақша берген адамнан сұраған дұрыс. Әсіресе біріншісі қарызын қайтаруды ұмытып кетсе немесе ұмытқандай сыңай танытып жүрсе.))
MickThatsMyNick
1. Табыс
2. «Аудармашылар» деп ойлағам
3. «Ит» деп ойлағам
4. Гелада үйірі кептеліс тудырып, бөкендердің еркін қашуына кедергі келтіреді
5. Жер шары
6. Қорғасын немесе алюминий деп ойлағам
7. Дәмдеуіштер тозаңынан
8. Б.Франклин 100 долларлық, Вашингтон 1 долларлық купюрада тұр
16. Қауіпті.
MickThatsMyNick
Өмірге алып келетін — әйел. Садикке барасың, тәрбиеші-әйелдер. Мектепте оқып жүргенде ұстаздардың 90 пайызы әйел, ЖОО-да да сол. Оқытушылар — ер адам болғанның өзінде де егде жастағы профессорлардың мінездері қандай болатынын көбі біледі. Одан кейін жұмысқа тұрасың, онда да көбі әйел. Кешке жұмыстан шығып, автобусқа мінесің — онда да әйел. Үйленесің, қасыңда әйелің жүреді. Уже сол сияқты ойлай бастайсың. Сіз айтқан аурулардың бәрі болмаса да, бірі міндетті түрде жұғады ғо.))) Жалпы қулық болсын, сұлулық болсын, нәзіктік болсын, психоз бен невроз болсын мынау еркектікі, мынау әйелдікі деп бөлінбейді. Оның бәрі бәрімізге де ортақ қасиеттер мен мінездер. Тек бұл мінез еркекке тән, мына мінез әйелге тән демесе…
MickThatsMyNick
«Айыптама»-ға қарағанда «Сөйле»-нің сөздері анығырақ, түсініктірек. Бірақ Айыптаманың әуеніне жетпейді. Қайткен күнде де бұл жанрды қолдаймын. Айтпақшы, 91 твлардан көрінбей кетті шота..((
MickThatsMyNick
"Қазаққа таныла алмасаң, өзгеге қазақты таныт" деп мақал шығарып жіберсең.) Қаззақ әкәм бәрін танып болды, қазақ әкәмді бүгінде таң қалдыру расымен де оңай болмай барады. Қаззақ әкәмә қалғаны — әлемге енді өзін таныстыру. Дәл осы жолда Абай айтпақшы, өзіңді бір кірпіштей қаласаң, қазақ әкәм әлем алдында сенмен мақтанып, сені өзі-ақ танып алады. Димашқа келсек, даусын естісем, ортағасырлық еуропадағы кей өнер тұлғалары туралы түсірілген классикалық фильмдер еске түседі. Нағыз заманауи қазаққа керек образ. Қытай стилистері сол образды өздері сыйлап, өздері ұнатты. Ендігі жорық ыссылай тура батысқа болу керек. Еншісіне, Димаштың бет кескіні нағыз азиялыққа келіңкіремейді. Бұны артықшылық деп білейік. Сәтін салсын!
MickThatsMyNick
Сәл күмәнмен жүрсең жолдан адаспай алысқа баратын сияқтысың. Ал тым сенімді болып алсаң, раслабонь беріп бір күні опық жейсің. Бірақ Шурик туралы кинодағыдай «кімде кім жұмыс істемесе, сол тамақ ішеді» дегеннің рас екендігіне бірте-бірте сеніп келятқандайсың ғо.)) Алйда, әлемге жар салмай-ақ сенен де өмірін бал қылып алғандар жетіп артылады ғо деген ой келгенде, аспаннан жерге түсесің. Бағана айтқан синдром бұлтша сейіледі. Керісінше, тойымсыздық синдромы пайда болады. Кейін қарай перемотқа жасап, қай жерде ұтылдым деген ойлар кетеді))
MickThatsMyNick
Ерен еңбек, табандылық, одан қалды бақ пен бап екені көрініп тұр. Ақтөбеде қытайлар, Қытайда ақтөбеліктер)))
MickThatsMyNick
1. Зайырлыға қатысты сөйлемді өзгерттім. Ойымды дұрыс жеткізе алмаппын.

2. Дискотекадағылар олардың түрлерін көре сала өлеңдеріне бірден билемей қойды деп айта алмайм.

3 Әрине, өз төл өнеріміз q-pop жанрынан жоғары. Өйткені төл өнер ертеректе пайда болды. Ал жақында пайда болғандар ертеректе пайда болғандарды «хотя бы» жасына бола сыйлап құрметтеу керек. Бұл ұғым тек музыкаға ғана қатысты емес. Адамдарға да. Кейде өтпейтін пышақтан кішкентай өткір лезвие артық. Соңғысы басын бастап берсе, әрі қарай пышақ та алып кете алады.
4. Кәрістер бұл жанрды батыстан алған және өздерінше өзгерткен дегенге дау жоқ. Осындайда риторикалық сұрақ туындайды, Батыстан біз нені алмай жатырқ деген?! Кәрістер мен жапондар, қытайлар батысқа жорықтарын бізден бұрын бастап қойған. Олардан үйренеріміз әлі көп. Ал монголоидпіз дегенге келетін болсақ, кәрістердің келісті жүздері жасанды, бізде табиғи. Біз үшін ұтымды айырмашылық осыда. Азияттардың ішінде көздері бадырақтау мен сопақбастар да бізде көп. Егер батыс тұрғындары өзіне ұқсас формаларды көруді қалап тұрса, осындай параметрлерді қор қылмау керек.
5. Мен гарантия береді деп жазған емеспін. Бұл жай ғана батысқа жасалып жатқан музыкалық жорықтардың қатарындағы кезектісі ғана. Еуропаның ересектері тыңдай қоймас, өйткені оларда да біздегідей консерватизм көп. Азияттарды көп жақтырта қоймайды. Сондықтан нысаналы аудитория олардың космополит жастарында. Өз басым екі жақты да түсінем. Бірақ Ерболат айтпақшы, қарсы пікірдегілер өзге жақты түсінгісі келмейді. Аргументтері тек сыртқы көріністеріне ғана келіп тіреледі. Қазақ тілін өздерінің гамбургерлеріне тығып беріп, асату керек қо былайша айтқанда. Ютубтағы реакцияларды көрсем, 91 өлеңдерін тыңдаған шетелдік жастар тілге қызығушылықтарын білдіруде. Бұрын соңды өзге өнерпаздардың шығармашылығынан мұндайды көрмеппін.
MickThatsMyNick
Ғарышкерлер Марсқа қонбай жатып, кеме ішінде кімнің аяғын марсқа бірінші тиеді деп сулифа ойнайтынын айтпадың. Бірақ нәтиже бәрібір өзгермеді, кеме Марсқа жақындап қалғанда қазақ есік алдында өзінен басқасын жолатпай қояды. Бірақ қалған ғарышкерлер жердегілерге бәріміздің аяқтарымыз марсқа бір мезетте тиді деп жалған ақпарат беріп жібереді. Ол қазақ Жерге оралысымен өзінің аяғы Марсқа бірінші тигендігін дәлелдеу үшін есік алдында тұрған кезінде видеокамераға жазылған таспаны ұсынады. Түптің түбінде Әділдік орнап, күллі әлем қазақты мойындайды! Өмірге келген кезде ата-анасының қойған Ақпантоқпанбет Кемпірқосақов деген аты-жөніне өлер алдында ақыры көңілі толады. ©
MickThatsMyNick
тобыр психологиясы бір емделмейтін обыр сияқты меніңше) адам өзге жақты да түсіну керек, бірақ өзінің бастапқыдағы жеке пікіріне берік болуы шарт.