Кіржиген көзқарастың жадырауы: Жайдарман, финал
Бар жанарды жаулаған жайдарман ашық!Жоғары лигада соңғы рет осылай дегелі 1 ай өтіпті. Жайдарманның ақтық сайысы өткелі дегенім, әлбетте. Конгресс-холлдың балконы да лық толған сол күні кей жанкүйерлердің отырысынан тұрысы көп болған шығар.
Ашығын айтқанда, бірінші жартылай финал жаман болған жоқ. Және оған шолу жасағанда өзімнен бір инерттілік байқадым да. Бірақ, ондай инерттілік үшін тек өзімді ғана айыптауым дұрыс емес. Ондай үрдіс командаларда да бар. Және осы жағдайда мен екіұшты күйде қаламы. Өкінемін — командаларда өсу, іздену жоқ екеніне. Себебі, жастардың жанарын жаулаған қозғалыстың қызық, сапалы болғанын қалаймын.
Және қуанамын — шолуымды тәуір жазуыма болады деп.
Қармақшылықтар "өзіміздің темамен" біраз қудырып алды. Сосын демеуші жоқтық мәселесін нөмрмен жеткізгені де жаман емес.
ІІ айналымда Қармақшының «арка аяғы» — мектеп жайдарманында бұлай әзілдемейді тіпті…
Сағыз. Жігіттер (& қыз) — өздерін өздері күлкілі жастар. Ағылшынша оригиналдың араласып кете беретін бір сәттік жымитар идеяны айтпағанда, күлкі шақыратын дүние — мына парик, стиль, киім. Және қимылдар, бэк-вокалдағылардікі, әсіресе. Осыған, визуал-қимылға тірек сала беруге болмайды. Себебі, әннің өзі таңдалуы мен пародиялық сипаты автомат түрде ыржитады да, ал сөздерінде екі-ақ месседж: Баспалдақ жайлы және шаштараз жайлы. Күлкілі емес екі месседж.
Аягөз. «Отырдық, шықтық...» — :D :D :D




"Қандай да бір нәрсенің мүмкін емес екенін бәрі біледі. Содан кейін оны да білмейтін бір дымбілмес келеді де, жаңалық ашады" © Альберт ЭйнштейнИнновация дегеннің не нәрсе екенін, оны неге қосып жейтінін көзі қарақты, құлағы түрік ағайынның бәрі білсе керек. Қазір тіпті еңбектеген балаға дейін оны біліп қана қоймай, арагідік өздері де жаңалықпен таңғалдырып жүрген заман.

2013 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы «Вибромаш УК» ЖШС-нің басшысы Анатолий Ковшик бас болып жасап шығарылған. Автономдылығы мынада – тоңазытқыш қыс бойы арнайы жинақтау орнына суық жинап алады да, қалған мезгілдерде соны пайдаланады. Ол үшін жылу құбыры қолданылады. Уақыт келгенде тоңазытқыш автоматты түрде қосылып, өзі қор жинай бастайды. Қолданылу аясы – қойма дүкен, шаруа қожалықтары, балық, ет өндіру мекемелері. Сондықтан, қызығушылық бар. Күрделі тұсы – баламалы тоңазытқыштарды пайдалана салу оңай.
