Arular.kz
Рейтингі
+2179.84
Тәжірибе
7034.58

Асқар Базарбай

Таңдаулылар

image image

Ньюсджекинг: Маңызды ақпаратты "сызып" кетіп, өз танымалдылығыңды арттыру

Ньюсджекинг (newsjacking) — қандай да бір оқиғаны, жаңалықты, үрдісті өз брендінің танымалдылығын арттыру мақсатында пайдалану технологиясы. Әдістің пайда болғанына 3-4 жыл ғана. Авторы — Дэвид Мирман Скотт ( David Meerman Scott ). Ақпарат ағыны күшейген сайын, оның құны төмендеп, "өмір сүру" уақыты...
image image

qisyq рекомендейді: 10 трек

Күзбен бірге «депресняк» ұстап қалатындар бар. Жыл мерзіміне байланбай, тұрақты түрде күйзеліске ұшырайтындар да кездеседі. Көпшілігіміз кем дегенде бір рет «ит-өмірден» түңіліп, әлдебір жаққа көшіп кетуді, ойланбай әлдебір дүниені бастап кетуді немесе бірдеңе істеп тастауды ойлап көрдік.
image image

Бейсенбі

Бейсенбі көзін тырнап ашты. Алагөбе таң бозара атып келеді екен. Бірден жұқа көрпесін сілкіп тастады. Сонсоң түнде жартылай сау баспен оқып бітірген, иығында қалып кеткен кітапты сол ашық күйінде жанындағы сөреге қойып, басын ұстап үнсіз отырды. Әрине, үнсіз; ояна салып, өзімен-өзі бірдеңе деп сөйлеп кеткені қызық...
image image

#ББББ. Бөрібай Бекарыс: "Бәріне кінәлі..."

Төрт күн өткен екен. Иә, осыдан төрт күн бұрын Асқар Базарбай ( Gastarbaiter ) Блогиаданың миллионын жеңіп алған болатын. Сегіз айға созылған сайысты әлде де соза бермей-ақ, көзіңіздің майын тауысатын сұхбатты назарыңызға ұсынамын. Жо-жоқ, Елбасымен сұхбаттасқам жоқ. :) Журналистерің шәй ішіп қайтты ғой. Мен...
image image

Блогиада туралы естеліктерім

Боладысынан, керісінше, болғаны қызық сирек шаралардың бірі — блогиада да ақтық мәресіне жетті. Блогиаданы қорыту, мына пақырларыңыз үшін сонша қиын боларын өзі де білмесе керек-ті. Тақырыптың аты аталған сәттен бастап, ойыма түрлі идеялар мен естеліктер қаумалап қоя бергені сол, тіпті ішінен мен үшін ең...
image image

Блогиадашылар әні

Блогиадаға бір ән арналмаса оғаш шығар? :) Барлық қатысушылардың атынан «Блогиадашылар әнін» қабыл алыңыздар. Орындайтын Асқар Базарбай. Блогиадашылар әні Сөзі: Әйгерім Кеулімжай Әні: Асқар Базарбай 1. Көктем қызу басталды, Көркем көңіл, жас жанды Отыз екі блоггер, Сақадай-сай аттандық....

#ББББ. Нағыз инвестициялық шолу

Инцес… Инфоцессс… Инвестициясы несі, а? © Қалдыбек Бала туғалы жатқан қатынның соңғы серпінінің алдындағы бір күшенуі секілді, блогиаданың жетінші туры да қылаң берді. Бұл жолғы тақырып, әй жоқ, шәй жоқ, «Инвестиция» деп былш етіп түсті-ау жарықтық. Біз секілді қарабайыр, қос дәрет арасындағы ажалды оқырман үшін...
image image

Венчурлық капитал. Экономиканы әліп деп танымайтындарға арналған анимациялық фильм

Көбімізге қаржылық айналымдар мен инвестиция түрлерін үйренуге экономикалық терминдердің күрделілігі кедергі болып жатады. Бірақ, «бақсам, бақа екен» демекші, көптеген күрделі терминдерді тіпті 5-ші сынып оқушысына да түсіндіруге болады. Осындай оймен DFJ Gotham' компаниясының басқарушы директоры...
image image

Инвестиция. Қаржыны қайда құям?

Маңдай термен тапқан артық ақшаны қайда құюға болады? Табысты қалай көбейтем? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Бұл мәселеде бізге тәуекел-менеджер, құрбым Мәдина көмекке келеді. Депозит Қаражат сақтаудың ең кең таралған және ең түсінікті құралы – депозит. Сонымен қатар ол қаражат құюдың ең сенімді жолы...
image image

Балалық шаққа хат

Сәлем, кішкентай Зарина! Сенімен сөйлеспегелі көп болды, өзіңді сағынып қалыппын… Соңғы рет қай жақта, қай жерде қоштасып едік? Тіпті ол да есімде қалмапты.
image image

Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан

Дельфин мен кит балық емес, сүтқоректі екенін мектептен-ақ білгеніммен, кейде дельфин акуладан гөрі бізге жақын екенін ойлап, басым жарылып кете сақтайтын. Ғалымдар бұл сиқырдың сырын «конвергентті эволюция» деген ақылды сөзбен түсіндіреді. Арасында еш туыстық байланысы жоқ екі хайуан бір табиғи ортада өмір...
image image

Кофеханалар шеруі

Кофе мәдениеті елімізге енді-енді еніп жатқан секілді. Әлбетте кез-келген бұрышта сапалы кофені өзіңмен ала кететін дүңгіршек жоқ, дегенмен қаладағы арнайы кофеханалар саны көбейіп келе жатыр. Астанада 50-ден астам кофехана бар екен, ал Алматыда бұл сан 100-ге жетіп жығылады. Енді әзірге Алматымен сервис жағынан...
image image

Қоғам: Байқоңыр тынысы

Мутанттар туыла ма? Алматыда оқып жүргенімде осы сұрақ алдымнан көп шығатын. Жыл өтті, құлағым тыныш. Ал жазда бөлем қыдырып келген кезде таң қалған: — Қазақтың жері емес пе? Тіпті, мынау тұрған Қазалыдан келген Ispek92 -тің туыстары да дәл осы сұрақты қойған болатын. Рас, Байқоңыр қаласына құжатсыз кіру қиын....
image image

Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»

Ерте, ерте, ертеде, лама жүні келтеде, Кенжекей сұлу Ертөстік хикаясын жалғастырмақ болыпты. Ертөстіктің Айдаһарды жеңген күні ішкілікке салынып кетуі себепті, басты кейіпкердің орны бос қалыпты. Кенжекей әрі ойланып, бері ойланып, ертегі сиквелына басты рөлге лайық жігіт керек екенін айтып, жарияға жар...
image image

Жігіттер, не киеміз?

Осы сайттың кейбір резиденттері мені метросексуалдар қатарына жазып қойған. Неге екенін өзім де түсінбеймін. Шындығын айтсам, метросексуалдың кім екенін білу үшін сөздікке үңілуге тура келген. Е, болсам, бола қояйын. Бірақ, бұл үшін киіну өнерінің (иә, бұл да өнер екен) қыр-сырын меңгеру керек қой. Ал, мен болсам...
image image

Пицца жасау. 8 адамға. 8 қадамда.

Қаланың қаңсығы далада таңсық болатыны бар. Құмкөлде пиццериялар да, «макДулатстар» да жоқ, сондықтан кішкентай вагоншықта пиццаны ыстық тамақтан жалыққанда өзіміз жасаймыз. Өз басым, ресми жиындарда ортаға қойылатын пиццаның бір тіліміне ешқашан тойған емеспін. «Тоймадым» деп, ортаға қайта-қайта қол...