Arular.kz
Рейтингі
+2179.84
Тәжірибе
7034.58

Асқар Базарбай

Жарияланымдар

image image

Қазақша дыбыстау: Спартак: "Қан мен Құм" (+18)

Қазақша дыбыстау болғанда, әдеттегідей, алдымен субтитрын аударған болатынмын. Осы серияның субтитрын аударып, өңдеуге, раскадровкасына бір ай уақытым кетті. Дыбыстауыма 1 сағат, ал дыбысты өңдеуіме 4 күнім кетті. Дені түзу инструменттерім болғанда мүмкін жұмсалған килоджоуль мен уақытты үнемдеуге болар ма еді....

Қазақша дыбыстау: "Тығылған негірлер"

1942 жыл. Фашист полковнигі түрмеден қашқан екі қара нәсілдіні іздеп күдікті үйге келеді. Өткен жолы осы видеоны дыбыстап ютубқа салсам, хұқық иесі блоктап тастапты. ВК-ға салғанмын. Жол жөнекей, хұқық иесіне рұқсат сұрап, хат жазып та жіберген болатынмын. Бүгін қарасам, ютубтағы видеоны блоктан шығарып қойыпты. Қайта жауып тастамай тұрғанда қарап алыңдар. Киган мен Пилдың басқа да скетчтерін қазақша тамашалағыларың келсе, ұнатыңыздар, пікір білдіріңіздер, бөлісіңіздер.
image image

Гастарбайтердің 2014-і

Бұрын жыл соңында қорытынды пост жазу, өз алдыңда есеп беру үшін болса да, блогер үшін расында да маңызды дәстүр болатын. Бүгінде арнайы сервистер мен әлеуметтік желілердің арқасында қорытынды жасау, біріншіден, барынша жеңілдесе, екіншіден, қажеттілігін де жойғандай. Дегенмен, эстафета бұтағы маған берілді, ал...
image image

Блогиада туралы естеліктерім

Боладысынан, керісінше, болғаны қызық сирек шаралардың бірі — блогиада да ақтық мәресіне жетті. Блогиаданы қорыту, мына пақырларыңыз үшін сонша қиын боларын өзі де білмесе керек-ті. Тақырыптың аты аталған сәттен бастап, ойыма түрлі идеялар мен естеліктер қаумалап қоя бергені сол, тіпті ішінен мен үшін ең...
image image

Венчурлық капитал. Экономиканы әліп деп танымайтындарға арналған анимациялық фильм

Көбімізге қаржылық айналымдар мен инвестиция түрлерін үйренуге экономикалық терминдердің күрделілігі кедергі болып жатады. Бірақ, «бақсам, бақа екен» демекші, көптеген күрделі терминдерді тіпті 5-ші сынып оқушысына да түсіндіруге болады. Осындай оймен DFJ Gotham' компаниясының басқарушы директоры...
image image

Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан

Дельфин мен кит балық емес, сүтқоректі екенін мектептен-ақ білгеніммен, кейде дельфин акуладан гөрі бізге жақын екенін ойлап, басым жарылып кете сақтайтын. Ғалымдар бұл сиқырдың сырын «конвергентті эволюция» деген ақылды сөзбен түсіндіреді. Арасында еш туыстық байланысы жоқ екі хайуан бір табиғи ортада өмір...
image image

Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»

Ерте, ерте, ертеде, лама жүні келтеде, Кенжекей сұлу Ертөстік хикаясын жалғастырмақ болыпты. Ертөстіктің Айдаһарды жеңген күні ішкілікке салынып кетуі себепті, басты кейіпкердің орны бос қалыпты. Кенжекей әрі ойланып, бері ойланып, ертегі сиквелына басты рөлге лайық жігіт керек екенін айтып, жарияға жар...
image image

Пицца жасау. 8 адамға. 8 қадамда.

Қаланың қаңсығы далада таңсық болатыны бар. Құмкөлде пиццериялар да, «макДулатстар» да жоқ, сондықтан кішкентай вагоншықта пиццаны ыстық тамақтан жалыққанда өзіміз жасаймыз. Өз басым, ресми жиындарда ортаға қойылатын пиццаның бір тіліміне ешқашан тойған емеспін. «Тоймадым» деп, ортаға қайта-қайта қол...
image image

Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары

Бір ел ішінде белгілі бір топтар арасында өзара жек көрушілік тудыру, сол үшін ақпаратты барынша бұрмалау— басқыншылық саясаттың сүйікті амалы. Украинадағы жағдай жалпы елдегі алаңдаушылыққа оң әсер етпеді. Ақпараттық соғыс майданында жақтасты анықтаудан бұрын шындықтан алыстамау мақсат болса, сіз бен біз ескеруге...
image image

Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)

Қазақ жігіттері әйтіп-бүйтіп ақпараттанып жүретін нәзік жандарға қарағанда өзінің жыныстық сауаттылығына немқұрайлылау ғой. Урологқа да тасымыз сыздап, тасақ жыбырламайынша аяқ аттап баспайтынымыз бар. Содан ба, жыныстық сауаттылыққа келгенде әйел затынан біраз надандаумыз. Ала таңнан кешке дейін порно...
image image

"ҚАЙ БЕТПЕРДЕМДІ ШЫМШИЫН?!" Жасанды кейіп: реалда һәм интернетте

Әлдекімдердің әлеуметтік желідегі парақшасын мұқият қарап, суреттері арқылы оның болмысы жайлы пікір тудыруға тырыссаңыз, кілең патиден патиге, отырыстан отырысқа, жетістіктен жетістікке, марапаттаудан саябаққа, саябақтан саяхатқа секіріп жүруден қолы бір сәт босамайтын, бақытты жанды көрер едіңіз. Кім терезе...
image image

"Азғын" қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)

Бізде тұрақты әңгіме жазып жүрген адам өзін біраздан соң априори «таланттымын» деп есептей бастайтын сияқты. Жалпы, ақын, жазушы біткен бірден өзін құдайдан ерек туған уникум деңгейінде қабылданатынына көзім үйреніп кетті. Ал батыста, қалам тербеушілерге кәдімгі даяшы немесе шаштаразға қарағандай қарайды екен....
image image

Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)

Армысыңдар, достар! Осы аптаның тақырыбына сәйкес, «5-сыныптан кейін математиканы өмірде қолданасыз ба?» деген сауалға математикаға тікелей қатысы жоқ кәсіп иелерінен жауап алу қызық болды. Оған қоса, кейбірінің математикаға жақындығын кішігірім тест арқылы сынауға болады. Сонымен, екі сұрақ, үш есептен...
image image

ҮЗДІК 10 "ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ". Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

— Олар не істеуші еді маған? Көп болса укол салар… Әйтпесе, алып кетер... «Тамақтан ұшындым» деп қысылып жатқан құрбымнан неге жедел жәрдемге хабарласпағанын сұрағанымда алған жауабымның сиқы осы еді. Рас, еліміздің науқастарға жедел көмек көрсету жылдамдығы мен сапасы кейде сан соқтырып,...
image image

Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары

Біз сияқты қаратабан тоғышарлар «фотоприкол», «ентерлет мем» һәм демотиваторларды өзіне жаңалық етіп ашпас бұрын, қалам ұстаған интеллигенттер бір-біріне карикатураның «шарж» деген түрін жиі қолданған екен. Анықтамасында оны " дос-жаран, құрбы-құрдасқа әзіл-қағытпа ретінде салынатын портрет" немесе...
image image

Садақа. Риясыз көмек дилеммасы

Садақа беру — көп діндерде ерікті түрде көмек көрсетуді білдіреді. Дарвинизм тұрғысында, адамдардың қиын-қыстауда бір-біріне көмек қолын созуы — бізді жер бетінен жойылып кетуден құтқаратын әлеуметтік қорғаныс инстинкті. Садақа беруді өзім рефлекс деңгейінде жүзеге асуы тиіс әрекет санайтынмын. Тек,...