Жарияланымдар

GGG
Қазіріг зейнеткерлер мен мүгедектерді айтсаңшы. Нағыз экстрималдар. Өмір сүру минимумы экстрималдарға арналған пәле.
GGG
Мағжанның «Шолпаны» әйтеуір бір идеясы бар шедевр. Мұны оқыдың не, порно көрдің не бәрібір)))
GGG
Ақын жайлы айтады қызықты аңыз,
Бірақ сен қызықпа, қыз!
Қызықпа, қыз!
Рас-ақ, біздер — патша!
Мұжық та — біз…
Ілікпе, қыз,
Ақынның тұяғына.
Зымиян да осылар…
Зиялы да -деп Мұқаң босқа айтпаса керек.
GGG
Әр шумақтың төртінші жолындағы 12 буын бәрін бүлдіріп тұр. «Одан жақсысы» дегеннің орнына «жақсырағы» "ұнайтыны" т.с.с. деп алса қатып кетер еді. Екі құбылысты салыстыру, бірінің қасиетін екіншісінен асыра суреттеу ұтымды тәсіл. Қадір Мырзаәлінің мына өлеңіндегідей:
Бабалардың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен.
Бір жаманы — тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы — қимаған даланы кең.

Бір жаманы — жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы — тілге ерік берген екен.
Бір жаманы — кетпенге орашолақ
Бір жақсысы — найзагер, мерген екен.