Қыңыр қария

Блог - ademi_alem: Қыңыр қария

Австралияның шағын қалашығында орналасқан қарттар үйіндегі осы қария өмірден өткен кезде бәрі „Ол өзінің өмір жолында із қалдыра алмады„ деп ойлаған еді. Медбикелер оның бөлмесіндегі заттарды жинастырған кезде қария жазған өлең жолдарын тауып алған.
Әрі қарай

Күзге ғашық қыз едім

Сурет салсам тізе мұң
Айтшы неге түзедің?
Қайғысы ұшқан қасында
Күзге ғашық қыз едім.

Жанарыма ай құлап,
Отырады жәй жылап…
Құлазиды дейсің бе?
Мұң сүйсінтіп, қайғы ұнап

Күрең күннің көбі ұнап,
Қурап қалған шөбі ұнап,
Жылап өтер ме екенмін,
Жапырағымды төгіп ап.

Күзге тартқан жасым да,
Күз қойнында басым да,
Найзағай боп тіл қатам,
Нардай болған ғасырға.

Құстың көріп тізбегін
Қанатымды іздедім
Мені ұшырар – жапырақтар,
Мені әкетер – күздерім.
Жұлдыз Бейсек
Әрі қарай

Көктем деген - бір сенің қолыңдағы ғұмырым ба?..

Көктем деген кім өзі?

Өзің бе екен,

Өзіме қадалатын көзің бе екен,

Даланың кеудесінен сен гүл үзіп,

Еркелейтін, ұялшақ кезім бе екен.

Бұл дауыс па?

Дүниеде бармын деген,

Қараңдаршы жүректе жандым деген,

Аялаңдар, жоғалтып алмаңдаршы

Қар сияқты,

Енді мен қармын деген.

Көктем деген көк майса шалғын ба екен,

Бүр атарын білемін талдың неден…

Жаңбыр салды бейнесін әйнектерге,

Сен мені жүрегіңе салдың ба екен?!..

Шымшықтарды үркітіп, сай жағалап,

Бөліп ап енесінен тайды аралап

Бұл, әлде, бейқам бала шағымыз ба —

Жұлдызды қызықтайтын, айды алалап

Апам да шалын түртіп назданатын,

Атамыз жер иісіне мас болатын

Бұл — біздің ақпейіл ме,

Жаңбыр төксе,

Жаңбырға шомылып ап мәз болатын.

Көктем деген кім өзі?

Өзім бе екен,

Сәттерім бе бақытты сезінбеген…

Айдың жарығындағы, түсімдегі

Саған айтамын деген сөзім бе екен?!

Әлде, өрімін тарқатқан бұрымым ба,

Далада ойнақтаған құлыным ба?

Желмен бірге жүйткіген,

Көктем деген –

Бір сенің қолыңдағы ғұмырым ба?!

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.
Әрі қарай

Ұмыттың ба?

Өзіңді іздеп ағады жұлдыз жерге
Көктемнен де сұрадым, қыс, күзден де
Жазды күн жусан иісін жұтып тұрып,
Мені есіңе алдың ба гүлді үзгенде.

Ақша бұлттар толқытып көңілімді,
Кеудемдегі оятса елігімді
Сені ойладым,
Ал сен ше, ойладың ба,
Жаңбыр сүйіп алғанда ерініңді

Бейнеңді сап айға наз, қылық — құмға,
Кірпігін көтереді үміт мұнда
Көктем сенің шерткенде терезеңді
Мені есіңе алдың ба?
Ұмыттың ба?

Қарашығы көзімнің тұнып мұңға,
Жұбатамын жүректі жуып жырға
Хабарыңды тосамын күннен, түннен
Ұмыттың ба сен мені
Ұмыттың ба?

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.
Әрі қарай

Ахуйн (Иосиф Бродскийдің туған күніне)

Менде бір керемет сюжет бар...: Ахуйн (Иосиф Бродскийдің туған күніне)

Ақынның, хершірерсіздер, ендігәрі — ахуйн десек дәлірек болар, ішкеніне үшінші апта. Әйелінің өтінішімен — онымен бірге ішіп, өмірге құштарлығын арттыруға кіріп шықпаққа әлгі жерімді будым.

Ішімнен сыбап келе жатырмын. «Дарабоз ахуйнымыз!», «ауданымыздан шыққан жалғыз қасқа!» деген атақ пен ат-шапанға малданып, облыс орталығына көшті де кетті. Дос ретінде лібәдқа бірнеше рет ескерттім:
Әрі қарай

°°°Махаббат оқиғасы°°°

Көше бойын кезіп мен келемін,
Ал басымда неше түрлі ой менің.
Тұла бойымда махаббаттың оты лаулап
Ауырды ғой жүрегім менің сыздап.

Бұл оқиғаны басынан мен баяндайын,
Өз жайымды толығымен айтайын.
Және де жанымның қиналғанын
Не себепті көңілде қаяу барын.

Күншуақты күндердің бірі еді,
Жайбарақат ол үйінде жүрген еді.
Мен кенеттен қоңырау шалдым оған,
Ал ол болса бұл кім деп жауап берді.

Мен тіл қаттым танысайық деп жай ғана,
Ал оның мүлдем қарсылығы болмағанда.
Бірақта ойында оның бөтен ой жоқ,
Сыпайылықпен жымиды ол тамсана.

Телефонның тұтқасын қойдым дағы
Кірдім оның сайтына вк-дағы.
Хат арқылы әзілдесіп, қалжыңдасып
Біраз әңгіме айттық біз шер тарқатып.

Талай таңды атырушы ек телефонмен,
Солай күндер өте берді кезекпенен.
Мен ол қызға басында мән бермеп ем
Досым деп оны жай ғана санаушы ем.

Біз екеуміз біраз уақыт өткен соң,
Жүрдік қызбенен жігіттей боп.
Мен оны алдадым сүйемін деп,
Ол кезде менде оған сезім жоқ.

Алдадым, арбадым мен ол қызды,
Кейін бірақ айттым мен шынымды.
Сондағы айтқаным менің оған:
Кешір жаным бола алмаймыз бірге енді.

Түсіндім мен оны сүйетінімді,
Бірақ бәрі де кеш болды.
Ұмытты ол мені мәңгілікке,
Ал менің жүрегім жараланды.

Кешір жаным мен сені сүйемін,
Бекерге сені алдаған екенмін.
Жүрегімдесің менің әрқашанда,
Мен сені мәңгілікке күтемін.
Әрі қарай

Сәуірдегі сезім

Көңілге де әр берді тамаша бір,

Наурыз көшіп туылған бала сәуір.

Күн еріншек боп алды, түн асығыс,

Кештеу жағып жүр содан қала шамын.

 

Кәрі кетті қаңтардың, ақпанның да,

Тоқымдай-ақ қап қойды ақ қар шыңда.

Жылу жетіп жасылын жамылды жер,

Өрік гүлдеп, жаңғақ тал таққан сырға.

 

Тарыдай мұң жүрекке ауыр келед,

Жылу жетсе жаныңа тәуір медет.

Кештеу жанған шамдайын сезіміме,

Ойға батам себепкер сәуір ме деп?

 

Тоқым қардай шыңдағы кірсіз бе арың?

Сенің жоғың – сәуірдің гүлсіз хәлі.

Сақтамашы сәуірге,

Жүрегіңнің,

Тастап кетіп қаңтарға жүрші ызғарын.
Әрі қарай