Үйдегілер менің кітап оқығанымды ұнатпайтын (Аяның постынан кейін)
Мүмкін сіздер таң қалатын шығарсыздар, бірақ бұл шындық еді. Қай ата-ана баласының кітап оқығанын қаламайды деп те ойлап отырған шығарсыздар, бірақ бұның себебі жоқ емес еді. Әлқиссаны әріден бастайық…
Мен кішкене кезімнен кітап оқуға құмар болдым. Неше жасымнан бастап кітап оқығаным есімде жоқ. Бірақ апамның айтуынша кішкене кезімде әпкемнің әдебиет кітабындағы «Керқұла атты Кендебай» деген көлемді ертегіні оқып жатып, шаршап ұйықтап кеттіппін. Демек, ол кезде мен алты жаста едім. Содан бері ес жиып, етек жапқалы кітаптан кітап қалдырмай оқыдым. Не таңдау жоқ, не талғам жоқ, әйтеуір алдыма келгенінасай оқи бердім. Қызығы сол, оқитын кітап болмаса, үйдегі бұрынғы кітаптарды қайта-қайта оқып тастайтынмын. Тіпті «Абай жолының» өзін бес-алты рет парақтаған екенмін. Бірақ бұның пайдасы тиді. Алтыншы-жетінші сыныпта оқыған эпопеяны студент кезімде емтиханда айтып беріп (тіпті, өлеңінен үзініді келтіріп бердім), бес алып кеткенім бар(Алайда ол кітапты тек ұзақ жылғы үзілістен кейін, универ бітірерде бір-ақ оқыдым). Мақтанып кеттім білем, негізгі тақырыпқа оралайын. Сол талғамсыз кітап оқудың салдарынан кітап оқымасам отыра алмайтын дәрежеге жеттім десем де болады. Жарық сөніп қалған кезде шам әкеліп оқыдым. Ал ол кез барлық нәрсенің қат кезі ғой. Содан таңда солярканың таусылғанын көріп, күйінген үйдегілерден таяқ та жеп алдым. Содан соң қараңғыда кітап оқисың, соқыр боласың деген диагноз да өз әсерін тигізбей қоймады. Оның үстіне қаражұмысқа жалқаулау мен үйге кісі келіп жатқанда жатып алып кітап оқитынмын, ондағы миссия шаруа жасамау. Өйткені кітап оқып жатқан баланы жан жаққа жұмсауды көп қонақтар жөн көрмейді. Ал, олардың алдында үндей алмай, өздері жүгірген аға-апаларым мені тайраңдатып қойғысы тағы келмейді. Міне сүйтіп, кітап оқу да маған біраз жүк болғаны бар. Әйтсе де қазір кітап оқуды ептеп қойып келемін. Дегенмен әлі күнге кітап не газет оқысам болды, жан жағымды естімеймін. Тіпті тарсыл гүрсіл, маған қойылған сұрақтар, жооооқ…
Әрі қарай
Мен кішкене кезімнен кітап оқуға құмар болдым. Неше жасымнан бастап кітап оқығаным есімде жоқ. Бірақ апамның айтуынша кішкене кезімде әпкемнің әдебиет кітабындағы «Керқұла атты Кендебай» деген көлемді ертегіні оқып жатып, шаршап ұйықтап кеттіппін. Демек, ол кезде мен алты жаста едім. Содан бері ес жиып, етек жапқалы кітаптан кітап қалдырмай оқыдым. Не таңдау жоқ, не талғам жоқ, әйтеуір алдыма келгенін