Бір күн осылай өтті...

Таң ертең ертемен үйге келген қонақтарды шығарып салдым. Ұйқыны аңсаған басып сынып барады. Көзімді жұмған күйі есікті ілдім де төсекке қайта жата кеттім. Бір кезде телефон шырылдайды… Тұрып алғанға еріндім де жата бердім. Сәлден кейін сотка басталды. Автоматты түрде қолдарым батерейкасын шығарып тастады. Маужыраған менің көздерім жұмылып, армандағы әлемге ене бастадым…
Әрі қарай

Қарапайым есінеу...

Есінеу – ауызды ашып ауаны жұтып, қайта шығару. Өте қарапайым құбылыс. Өкпеде ауаның алмасуын қамтамассыз ететін қосымша оттегіні ішке жұту. Бірақ жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, өкпеде оттегі толы болғанның өзінде де адам есіней береді екен.
Әрі қарай

Електр маманы болдым

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Електр маманы болдым
Сенбі. Жұмыс жоқ, бірақ 9-да автомектепке бару керек. Әне тұрамын, міне тұрамын деп өзімді күштеп, әрең дегенде 8-40та ояндым. Сағат 11-де сабақты аяқтап, үйге келсем, әйелім әлі ұйықтап жатыр екен. Оятпақшы болып қасына жантайдым. Содан оның ұйқысын әбден ашқан соң, тұрып іш киімімді кидім.

Әйелім тамақ әзірлеп жүріп, плитаның ашасы розеткадан алынбайтындығын жеткізді. Мен шнурды тартып көріп едім, шынымен де розетканың іші балқып, ашаны жабыстырып тастапты. Тамақ ішіп болған соң, розетканы ашып қойдым да, өзім базарға жаңа розетка сатып алуға бардым. Өзінің тауарын мақтай жөнелетін сатушылардан әрең құтылып, өзіме қажетті розетканы алып үйге қайттым.

Үйге келіп, құралдарымды іздей бастадым. Өзімнің ұсақ-түйек жарақтарымды салатын қорабымды шығарып едім, ішінен қапелімде ештеңе табыла қоймайтынын білдім. Қажетті, қажетті емес қоқыстардың бәрін қорапқа жинай беріппін. Әйелім екеуміз «мынау керек, ал мынау керек емес» деп заттарды сұрыптай бастадық. Нәтижесінде бір пакетке жақын қажет емес шнурлар, розетка бөлшектері, сынған бұйымдар, атам заманғы көне телефондардың зарядкілері шықты.

Жаңа розетканы орнатып, «Вуаля!» деп әйеліме қарасам, маған күлімдеп бір құшақ… удлинительдер ұсынып тұр. Бәрі де істемейді: біреуі балқыған, біреуі күйген, біреуі үзілген. Содан бәрін құрастырып-құрастырып, іске жарамды екі-үш удлинитель шығардым.

Қазір демалып, осы жазбаны жазып отырмын. Бір сағаттан кейін мини блогкапқа кетемін.
Әрі қарай

28 түн ұйықтамасаңыз не болады?


Не залеживайся, если не можешь делать деньги в постели. Джордж Бернс
Алғысөз. Тәулігіне үш-төрт сағаттан ұйықтап жүргеніме бейсенбіде бір апта болады. “Қара қазан, сары баланың” қамы үшін ғой баяғы. Кеңседе қонай-түней, жыбыр-жыбыр бітпейтін тірлік жасап жатырмыз. Ұйқы қанбаған деген жаман нәрсе екен.
Ара-арасында  анау-мынау жаңалықтарды қарап отырып, ұйқы, нақтырақ айтсақ, ұйқының жоқтығы жайлы қызық жазбалар көрдім. Солардың басын қосып, Сіздерге бір пост жазып отырмын. Терілмей қалған, түсіп қалған әріптер болса, пардон, ұйқым кеп отыр…
Негізгі мәтін. 1965 жылы Рэнди Гарднер есімді мектеп оқушысы ұйықтамай қанша уақыт жүре алатындығын тексермек болып, эксперимент жасайды. Нәтижесінде ол 11 күнді көз ілмей өткізеді (бұл үшін Рэндидің көрсеткіші Гиннестің рекордтар кітабына енген). Жақында бұл рекорд жаңартылды деген мәлімет жарық көрген болатын, алайда денсаулыққа зиян келтіреді деген себеппен аталған категорияның (ұйықтамай жүру рекорды) алынып тасталуына байланысты, бұл көрсеткіш тіркелмепті. Қаңқу сөзге сенсек, ұйқысыз өткен ең ұзақ мерзім – 28 күн.
Әрі қарай