Табыс стандарттары немесе Месси мен Роналду мысалы

Футбол әлемінде ғана емес жалпы спорт әлемінде өте үлкен табыс пен жетістіктерге жеткен екі «аңыз» тұлға бар. Және бұл екі спортшы көп заттар бойынша бір-біріне өте қарама қайшы келеді (ол әрине олардың клубтары мен ұлттық құрамаларын ескермегенде). Мен сөз қозғағым келіп отырған екі спортшы ол Месси мен Роналду.
Месси мен Роналдудың ең бірінші ерекшелігі табысқа жету жолы. Адамдар арасында еңбек пен талант арасында үлкен даулар жүреді. Бірақ бұл футболшылар оның екеуімен де табысқа жетуге болатының дәлелдеді. Месси өзінің талантын сәтті пайдаланып ең үздік бола алса, ал Роналду өте үлкен еңбек арқылы көптеген жетістікке жете алды.
Келесі ерекшелік бұл адами қасиеттері. Месси өте қарапайым, әлеуметтік желілерде белсенді емес және стиль мәселесіне қатты бас қатырмаса Роналду бұл заттарда қарама қайшы позицияда байқалады. Махаббатқа тұрақтылық бойынша Месси өзінінің бала күндегі махаббатымен әлі күнге бірге болса Роналдудың тұрақтылығы жайлы өте көп әңгіме бар. Бұл заттарға көңіл бөлген себебім кез келген табысты адамадар арасында бұл екі типтағы адамдар жиі кездеседі.
Келесі Месси командалық мүддені жоғары қоятын болса Роналду өзінің жетістігін жоғарырақ қоятыны мәлім. Сонымен қоса адамдардың табысқа жетуіне екі үлкен кедергі болады ол әлеуметтік және отбасылық жағдай немесе денсаулық. Бұл екі заттың бірі Роналдуда болды, ол ерте жастан әкесінен айырылып қиын әлеуметтік жағдайда өмір сүрседе сынбай табысқа жете алды, ал Месси туғаннан денсаулығында үлкен кінараттар байқалған тіпті дәрігерлер оның футболшы болуына күмәнмен қараған, дегенмен бұны жеңіп шыққанын жақсы білеміз.
Жоғарыда келтірілген мысалдарды қарай отырып екеуінің өте қарама қайшы адамдар екенің көре аламыз. Ал басты ұқсастықтары Месси мен Роналдудың тарихтағы ең үздік футболшылар, көптеген рекордтармен жүлделердің иегері екендігі.
Бұл пост арқылы айтайын дегенім табысқа жетудің стандарттары болмайды. Яғни сен талантты бол немесе болма, адал бол немесе болма, өміріңде мәселелер көп болсын, командаға жұмыс істе немесе жеке бол бәрібір. Ең бастысы дұрыс мақсат қоя білсең және сол жолда күресе білсең болды қалғанының бәрі маңызды емес. Сәттілік!!!

Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі, оңтүстік-шығысында орналасқан. Аумағы жағынан Каспий, Арал теңіздерінен кейін үшінші орында. Орташа тереңдігі 5,8 метр, ең терең жері 26 м. Батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне Қаратал, Ақсу өзендері құяды. Жаз айында еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті Ресейден, Қытайдан туристер келіп демалады. Қаламыз мұнысымен ғана шектелмейді.
Оңтүстік-шығысында 60 км жерде Әулиетау деп аталатын тау желісі бар. Бірақ қала тұрғындары «Бектау ата» деп атайды. Оның жанында Ұраңқай деген шоқы бар. Таудың шыңы 1000 метрге дейін жетеді, ал ұзындығы 4000 га, оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан.
Бектау ата тауының күн батыс жағында "Әулие" деп саналатын үңгір бар. Үңгірдің жалпы ұзындығы 45-48 метрге дейін жетеді. Суы мөлдір, таза, өте салқын және түбі лай болып келеді. Кезінде Бектау ата үңгіріне ауру адамдар, бала көтере алмайтын әйелдер басына түнеп, құрбан шалып, Құдайдан тілеген тілектерінің орындалуын сұрайтын қасиетті орын болған. Ал, қазіргі уақытта бұл жан-жақтан келетін туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы болып қалыптасты. Және де мұнда балалар демалатын жазғы лагерлер жұмыс істейді.
Сонымен қатар, шаһарымызда «Балқаш кен-металлургия» комбинаты бар. Мұнда алтын, күміс, платина және т.б. түсті металдар шығарылады. 1997 жылдан бастап "Қазақмыс" корпорациясының құрамына кірді. Аймақтан мыс кенін шығаратын 4 кеніш жұмыс істейді. Олар: Қоңырат, Саяқ-1,2,3. Бұлардан басты пайдалы компонент — мыс, молибден, алтын өндіреді.
Ал, орталық алаңында Ағыбай батыр ескерткіші орналасқан, сонымен қатар Мұхтар Мағауин атындағы мәдениет сарайы бар. Қаламызды қай жағынан алып қарасаң да мақтауға тұрарлық. Бірақ, ең басты деп саналатын киелі жерлері туралы жаздым. Оқып отырғанның өзінде көз алдыңызға бейнесі елестейтіні хақ. Қаламыз жылдан-жылға дамып, өсіп-өркендеп жатыр. Еліміздің үлкен бір алып қаласына айналатына сенемін.