Заманауи қазақ жастары, немесе қазақ тілін заманауи тіл ретінде қолдану.

Қазіргі кезде қазақ тілін қолдау мәселесі көтерілсе, адамдар бірден тілмен қатар ескі салтты, дәстүрді, ескі ойындарымызды байланыстырады. Мен негізі келісемін: ескі салт пен дәстүрді көтерген дұрыс, біақ бұл дүниелерге қазіргі күнде заман талабына сай өзгерістердің де қажет екенін жоққа шығармаған жөн. Сол мақсатта Назарбаев Университет қабырғасындағы Саруар студенттік ұйымы «Zamanaui Qazaq Zhastary» жобасын іске қосты. Бұл жобаның мақсаты, қазақ тілінің, қазақилықтың ескілікпен ғана байланысын үзіп, жаңа заман тілі екеніне қазіргі қоғамның көзін жеткізу. Алғашқы кездерде бұл жоба тек аталған университет студенттері үшін ғана бағытталған болса, кейін қазақ қоғамына да тараларына сеніміміз мол. Сонымен, алғашқы жұмысымызды тамашалауға шақырамыз:
Әрі қарай

Мен басқарған бір тойдан үзінді

Блог - ErzhanKhamitov: Мен басқарған бір тойдан үзінді
Негізгі мамандығым «есеп және аудит» болғанымен жүрегім өнер деп соғады. Басты армандарымның бірі өнер адамдарының ортасында жүру еді. Аллаға шүкір орындалды. Оған себеп болған қазақтың тойы. Оқушы деген атты жамылғаннан бастап өлең жаттап, әртүрлі деңгейдегі сайыстарға барынша қалмай қатысып жүрдім. Кейін студент болып жүріп асабалықты қолға алдым. Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті. Қазіргі тойлар бұрынғы тойлардан өзгерек. Бұрын асабаны ортадан сайлап шығарса, қазір, асабаға үлкен талғаммен қарайды. Сондықтан болар, тойдың тізгінін бермес бұрын алдыңғы жүргізген тойларыңа қарап алады. Тіпті, не киетініңе дейін сұрайды) 4 жыл бойы жасамаған бейне роликті биыл жасатуға мәжбүрледі) Ол да дұрыс шығар. Сіздер де қарап, жарнамалай отырыңыздар) Осыған дейінгі басқарған тойларымның өтімді деген жерлерін қиып-қиып 10 минуттық немесе одан да көп қылып жасауға болушы еді. Бірақ, көп уақытты қажет етеді екен. Сондықтан, басқарған 1 тойдан 2-3 минуттық ролик жасауға тырыстым. Көріп бағасын беріңіздер!
Бейне роликке сілтеме: Мен басқарған бір тойдан үзінді

Әрі қарай

Олимпиадаға қатысатын боксшыларымыздан не күтесіз!?

Блог - ZakenovDaniyar: Олимпиадаға қатысатын боксшыларымыздан не күтесіз!?Көптен күткен ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының басталуына санаулы сағаттар қалды. Өзім бокс жанкүйері болғандықтан, бар назарымды осы спрот түріне салмақпын. Бокс Қазақстанда №1 спорт екеніне ешкімнің қарсылығы жоқ деп ойлаймын… Осы жолғы олимпиадаға Қазақстан, Куба және Өзбекстан толық құрамда өнер көрсететіндері белгілі (10 салмақ дәрежесінде). Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуы бойынша, боксшыларымыз жарысқа психологиялық жағынан болсын, физикалық жағынан болсын сақадай сай. Бірақ олимпиада болғаннан кейін, барлық спортшылар бар күш-жігерін сарып етіп дайындалатыны бесенеден белгілі. Өзімнің болжамымша Қазақстан құрамасы бокстан 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарді еншілейді. Ендеше жігіттеріміз бен қыздарымызға сәттілік серік болып, қазақ елін жетістіктерімен қуанта берсін… Қызықтан құр қалмаңыздар!!! Ойларыңызбен бөлісіп отырыңыздар!!!
49 келі- Біржан ЖАҚЫПОВ
52 келі- Олжас СӘТТІБАЕВ
56 келі- Қайрат ЕРАЛИЕВ
60 келі- Берік ӘБДІРАХМАНОВ
64 келі- Абылайхан ЖҮСІПОВ
69 келі- Данияр ЕЛЕУСІНОВ (құрама капитаны)
75 келі- Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ
81 келі- Әділбек НИЯЗЫМБЕТОВ
91 келі- Василий ЛЕВИТ
91+ келі- Иван ДЫЧКО
Әйелдер арасында 2 боксшы қызымыз бар олар:
51 келі- Жайна Шекербекова
75 келі- Дариға Шакимова
Әрі қарай

Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!

Жаз сайын еліміздің һәм жақын шетелдің бір-екі қалаларын аралап бару жақсы дәстүрге айналып бара жатыр. Мақсаттары әрқашан әртүрлі, қыдырып, я білім алу, туысқандық, немесе жастар лагеріне. Осы жолы еліміздің ескі шаһарларының бірі — Шығыстың қазрігі астанасы (әлбетте, семейліктердің ашуын келтіру үшін жазып жатқаным жоқ) Өскемен қаласына ат басын бұрдым.
Өскеменге жазда келсеңіз бірден көзге түсетіні — ағаштар, парктердің көптігі. Қазақстандағы жалғыз парк осы қалада, Жастар саябағының ортасында отырып, көліктің дауысын есітмейсіз.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Көшеде жайқалып ақ қайындар жатыр. Әрине, қаланың жасыл болуы себебі — экологиясының нашарлығында, әсіресе, «выброс» кезінде. «Выброс» — деген ірі өндіріс орындарының зиянды заттарды шығаруы деп дефинициаласам болады-ау.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Қаланың ішінде «ескілік» дейміз бе, «ретролық» дейміз бе, әйтеуір, кешегі заманның иісі аңқып тұр. Әсіресе, көп қабатты үйлердің мүлдем жоқтығында бір кешегі күннің ала алмай кеткен өші жатқандай.
1720 жылы негізін қалағандықтан болар, бұл қаланың адам саны Павлодар, я Қостанайдан аспаса да, алып жатқан аумағы әлдеқайда үлкен боп көрінді. Яғни, кеңес заманында жоспар бойынша салынған қалалардан қарағанда, елу жыл сайын өз орталықтары мен әкімдіктері пайда болғандықтан сондай-ау деймін. Алайда, сол ертедегі орталыққа бармаса болмайды.

Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Кешегі көпес қыздарының үйлері бүгінде сұлулық салондарына айналды.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Мына ғимараттың не болғанын білмеймін, алайда, олимптай көршісі барына қарттың мәз еместігі көрініп тұрғандайын.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Өскеменнің көліктерінде де кешегі күннің суықтығы сақталғандай. Ал мына бір көліктің не үшін арналғаның әлі де түсінбей келемін.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
«Кеңес Үкіметіненбіз» деп зарлап тұрған тағы бір өзгешелік — автобустар. Жаңа автобустар Астанада бар, Алматыда, бар, Павлодарда бар, бірақ, Өскеменде емес.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Мені «Семейде жасалынатын автобустар бар» дегенге көндіргісі келді, тіпті біреуін көрсетті, сол біреуін көрсетіп отыру үшін әкелген-ау деп қалдым. Қаланың лас болу себебінің бірі осы ескі автобустар да болуы мүмкін.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Жаңадан не бар деген сұраққа "Қазақстан 2050" деді.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!

Еліміздің шағын және орта бизнес өкілдерінің креативтілігіне қашан да сүйсініп қараушы ем. Мына бір шауырма шығарушылар Макдональдсті теріс аударып тастады.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!

Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Мына бір ғимарат жәндіктердің музейі екен. Әрине, ол осындай болуы тиіс, пластмассалы таэурлерде жәндіктер бола алмайды ғой.

Бұл қалада бәрінен де таңқалдырғаны — депутаттардың қоғамдық қабылдауы. Ешбір пафоссыз, еш мақтанышсыз таңдалған офис.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!

Бәрінен де халқының жол жүру ережесін сақталуы ұнайды. Жасыл жанбағанша ешкім жолды кесіп өтпейді, көліктердің бар-жоғына қарамай, себебі, бұл жерде милиция көп.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Иә, әсіресе, маусым айында қоғам сақшылары көп болады. Жыл сайын бұл жаққа бір елдің басшысы келеді екен. Бір уақытта.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Олар өте көп, әрбір жерде, олардың отыру пунктері бір жағынан шаурма жасайтын бутикке, бір жағынан кішігірім кафеге ұқсайды.

Бұл қаланың басты өзгешелігі — 4 жағалаудың болуы: Ертістің екі жағасы мен, Үлбінің екі жағасы.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Үлбі Кенді Алтайдан бастау алып, Өскеменге келген сәтте Ертіспен бірігеді. Желтоқсанда қатып, сәуірде молданатын қасиетке ие.

Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Заречный базары — барлығы көк түсті палаткаларда болғаны қызық.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Мен білетін Тимоштардың барлығы «ТамЕрлан» еді, мына бір сауда үйінің атауы Шығыстың Ресейге жақын болуы себепті ме деп қалдым.

Ғимарат үстіндегі жарнама жақсы дамыған қала. олар барлық жерде. Әрбір ғимараттың үстінде. Олар барлық жерде!
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!

Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Өскеменнің басты символы — "Қазақстан" «голивуды».

Иә, бір қарағанда Ресейдегі Барнаул, Омбы қалаларының типінде. Сырт көзге қазақ санының басымдығы көрінбейді. Заманауи ғимараттар мен биік мұнарлар, тұрғын-үй кешендерін кездестіру қиынға соғады. Бірақ, соған қарамастан, жаз айларында бір қыдырып қайтқыңыз келсе, тауды көріп, тамаша парктерде серуендеп қайтқыңыз келсе — Өскемен керемет қала.
Келетін болсаңыз, ешбір қаламызда жоқ таза орыс асханасынан дәм татып қайтыңыз.
Блог - ErnarSeytahmet: Жаз 2016 күнделігі - Өзгеше Өскемен. шағын фотореп!
Әрі қарай

Қазақстан террористік акті құрбандарын аза тұтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы өкімге қол қойды.

«Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 маусым

№95
Әрі қарай

Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым еліміз үшін ерекше күн, 24 жыл бұрын тәуелсіздігімізді алғаннан кейін жарты жыл өткен соң егеменді Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күні – халықты бірлікке шақырып, патриоттық рухты оятатын мереке.

Мемлекеттік рәміздерді әзірлеу және бекіту барысында оның рәсімделуі мен мазмұнына баса назар аударылды. Бұл үрдіс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.

Барша қазақстандықтарды атаулы мерекемен республикалық елтаңбаны жасаушы Жандарбек Мәлібеков құттықтайды. Автор ұлттық рәмізді әзірлеу барысы мен оның әрбір бөлшегінің халық үшін қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды.

ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков:

– Еліміздің қандай ерекшелігі бар деген кезде қазақ халқы өзінің бірінші реттен кеңпейлідлігімен, адамгершілігімен, өзінің тарихымен, мәдениетімен, қонақжайлылығымен, көп үрдісті, көп татулықты жақсы көретін халық. Соны білдіру үшін қазақ халқымен бірге мыңдаған жылдар бойы жасап келе жатқан біздің киіз үйіміздің тұлғасы анық. Қазақ халқының мәдениетін де, дәстүрін де, философиясын да, дүниетанымын да қалыптастырған киіз үй болғандықтан елтаңбамыздың негізгі арқауы ретінде киіз үй алынды. Қазақта шаңырағың биік, керегең кең болсын, босағаң берік болсын дейді. Үш ұғым мәселе шын мәнінде қазақ халқының ертеден келе жатқан керемет ұғым. Сондықтан бірінші киіз үй алынды, — дейді Ж. Мәлібеков.

Астана жаңалықтары: Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні

ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков:

– Мен қазақ халқының ертеден келе жатқан, 2,5 мың жыл бұрын болған біздің «Алтын адамымыздың» бейнесіндегі жан-жануарлар бейнесін алып, оған қанат бітіріп, оған күш беретін тұлпарлар, сақиналары бар заттар көрініс тапты, бұл ғұн дәуірінен келе жатқан ұғым. Осының бәрі біздің елтаңбамыздан тарих болып көрініп жатады.

Биылдан бастап елтаңбаны жасау ережелері заң жүзінде бекітілді. Елтаңбаның бейнесі қалады, бірақ оны жасау жолдары өзгереді.

Қазақстанда мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын ескере отырып, оларды жасау және пайдалану бойынша бекітілген ережелердің сақталуына ерекше назар аударылады. Бұл сала «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңмен реттеледі.

ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков:

– Елтаңбаны оқитын болсақ, қазіргі заманның жастары, аталар аманаты, тәуелсіздік кезінде оны қалай дамытамыз деп ойлайды. Менің айтарым, Қазақстанда жаңадан этномәдени институттар қабылданды, мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясы. Біз Қазақстан, ұлт болып қалыптастық, сондықтан оның шаңырағы бір, керегесі кең, босағасы берік, тыныштық сүйетін, біртұтас ел болып қалыптастық. Бұл тарихи кезеңдер еш уақытта ұмытылмауы керек. Жастарға, елімізге нышандарымызды тұмар есебінде қадір-қасиет тұтып, қадіріне жетуіміз керек деп ойлаймын, — дейді Жандарбек Мәлібеков.

Мемлекеттік рәміздер күнін бекітудің негізгі идеясы қазақстандық патриотизмді және ұлттық бірлікті нығайту, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау болып табылады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай