22 шілдеден бастап жолаушыларды қалааралық тасымалдау көліктерінің қозғалыс бағыттары өзгертіледі

Астана қаласының әкімдігінде қалааралық бағдарлар схемасын өзгерту және Алай-Astra» мен «КенМарт- Astra» (автобекеттер) көлік орталықтарының жұмысы мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Елорданың көлік кешенін жаңарту мақсатында «Алай-Astra» және «КенМарт-Astra» жолаушыларды қалааралықлық тасымалдаудың екі көлік орталығы ашылды. «Алай-Astra» және «КенМарт-Astra» көлік орталықтарының аумағы жолаушыларды мінгізіп түсіру аймақтарымен, билет кассаларымен, күту залдарымен, сақтау камераларымен жабдықталған. 800 тұрақ орнын ескерген ыңғайлы орынтұрақ кеңістігі ұйымдастырылған.

Жаңа «Алай-Astra» және «КенМарт-Astra» көлік орталықтарын пайдалану көше-жол желісіне түсетін жүктемені және «Астана» темір жол вокзалы мен «Сапаржай» автовокзалы жанындағы көлік кептелістерінің санын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Сапаржай» автовокзалында және жаңа «Алай-Astra» және «КенМарт-Astra» көлік орталықтарында бар ағымдарды үлестіру арқылы қалааралық бағдарлардың бағыттарын шектеу елорда тұрғындары мен қонақтары ТЖ вокзалы аймағынан қалалық бағдарлар бойынша орын ауыстыруға жұмсайтын уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

Қалааралық бағдарлар жүрісінің жаңа схемасы қала орталығына кірмей, айналма жолдары бойынша өтетін болады. «Алай-Astra» көлік орталығы С 316 көшесі, 5 (Астана қ. Орталық базарынан кейін) және «КенМарт- Astra» көлік орталығы Астана-Қарағанды тас жолы, 45-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан.

2017 жылғы 22 шілдеден бастап «Алай-Astra» көлік орталығынан павлодарлық бағыт бойынша жүретін қалааралық автобустар жөнелетін болады. Ресми қалааралық тасымалдаушы күн сайын 23 рейске қызмет көрсететін 9 бағдар бойынша тасымалды жүзеге асыратын болады.

2017 жылғы 22 шілдеден бастап «Алай-Astra» көлік орталығынан павлодарлық бағыт бойынша жүретін қалааралық автобустар жөнелетін болады. Ресми қалааралық тасымалдаушы күн сайын 41 рейске қызмет көрсететін 8 бағдар бойынша тасымалды жүзеге асыратын болады.
Астана жаңалықтары: 22 шілдеден бастап жолаушыларды қалааралық тасымалдау көліктерінің қозғалыс бағыттары өзгертіледі

«Сапаржай» автовокзалы келесі бағыттар бойынша 30 бағдарға қызмет көрсететін болады:

Астана жаңалықтары: 22 шілдеден бастап жолаушыларды қалааралық тасымалдау көліктерінің қозғалыс бағыттары өзгертіледі

«Алай-Astra» көлік орталығын қамтамасыз ету үшін №№ 7, 11, 34, 38, 39, 41, 307, 503 – 7 қалалық және 1 қала маңы бағдарлары жұмыс істейді, оған
61 автобус іске тартылған.

«КенМарт- Astra» көлік орталығын қамтамасыз ету үшін №№ 9, 29, 80, 304, 315, 506 – 4 қалалық және 2 қала маңы бағдарлары жұмыс істейді, оған
65 автобус іске тартылған.

Қосымша ретінде, қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Нұрлы жол» темір жолы мен «Алай-Astra» көлік орталығын байланыстыратын жаңа №201 түнгі экспресс-бағдар іске қосылады, одан түнгі қалааралық тасымалдар жүзеге асырылатын болады.

— 7 сәуірден 8 сәуірге қараған түні біз бірінші маршрутты іске қостық, соған байланысты елордада көптен күткен маршрут пайда болды деген пікір айтылды. Тұрғындар мен қала қонақтары маршрутты өз игіліктеріне белсенді түрде қолдана бастады. Бұл маршрут қаланың орталығы мен ескі теміржол вокзалын және әуежай аралығындағы бағытты қосады. Жол ақысы – 150 теңге. Тұрғындардың сұрайы бойынша біз басқа да аудардармен жүретін, түрлі алыс аялдамалар мен тұрғын нысандар аралағын қамтитын жаңа маршрутты іске қостық. Жол ақысы – 150 теңге, жүрі жиілігі – 25-30 минут, деді Астана қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов.

«Алай-Astra» және «КенМарт-Astra» автобекеттерінен жөнелтілетін қалааралық рейстерге билеттерді көлік орталықтарының өзінен, сондай-ақ «Сапаржай» автовокзалынан сатып алуға болады. Алдын ала сатып алынған қалааралық жол билеттері түгел автобекеттерде жарамды болып табылады. Жоспарланған сапар алдында жолаушылар алдын ала сатып алынған билет бойынша қай автобекеттен жөнелету жүзеге асырылатындығын нақтылау қажет. Мұны Астана қаласы әкімдігінің astana.gov.kz және Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасының upt.astana.kz сайттарында, сонымен қатар 8 (7172) 574-777 call-center телефоны бойынша жасауға болады.

Астана әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда

Атап айтқанда жұмыс штабы жұмыс істейді, оның аясында азық-түлік тауарларына күнделікті бақылау жүргізіледі.

Баға негізсіз өскен жағдайда монополияға қарсы инспекцияға xабарланады.

Бақылау барысында азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне барлық баға деңгейіне қадағалау жасалынады. Оған қоса тұрақтандыру қоры құрылған, 1500 тонна қант, 500 тоннадан күріш пен қарақұмық сияқты баға өсуі мүмкін өнім сатып алынды.

Қаланың ішкі нарығында «Кеңмарт», «Смол», «Баxус», «Магнум», «Рамстор» секілді 5 сауда нысанында қанттың 11,5%-ға өсуі байқалды. Қазіргі уақытта Жамбыл облысымен келісімшарт бойынша алдағы уақытта өтетін жәрмеңкеде келісі 230 теңгеге 20 тонна қант сатылымға қойылады. Айта кеткен жөн, бұл «Шапағат» базарында келісі 270 теңгеден сатылатын қант 15%-ға төмен болмақ. Қалада «Баxус» сауда маркетінде қанттың келісі 319 теңгеден болса, " Рамстор" мен «Магнумда» 260 теңгеден. Сондай-ақ азық-түлік бағасын қымбаттатпай, тұрақтандыру үшін СПК «Astana» 300 млн теңге мөлшерінде (150 теңгеден әрқайсысына) «Кеңмарт» және «Астықжан» сауда дүкендеріне несие берді.

Бүгінгі күні бұл нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін азық-түліктің 9 түрі бойынша 49 аталымына өз бағаларын қойды. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде сондай-ақ жыл соңына дейін «Шапағат» әкімшілік базары ірі отандық кәсіпорындармен ет өнімдерін үзіліссіз, тұрақты түрде жеткізу туралы келісімшартқа отырды.

Ет өнімінің жоғары сапасына баға 1350 теңге (1 келі) сомасында тұрақтандырылды. Көрме кезінде өнімді жеткізуде қиындықтар тумас үшін азық-түлік тауарларының резервін құру туралы қаланың ірі делдал фирмаларымен келісім жасалды.

2017 жылдың 5 айы бойынша қала бойынша инфляция 103% құрады, азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарларға жалпыреспубликалық деңгейден 0,3% төмен.

Бақылаудың нәтижесі бойынша жыл басынан азық-түліктің 4 түріне баға өсімі байқалады: картоп (104,4%), пияз (81,2%), сәбіз (68,7%),қырыққабат (62,2%).

Сондай-ақ өнімнің 4 түрі бойынша баға төмендеген: қарақұмық, күріш, жұмыртқа, сұйық май. Бағаның өсуі тауарөндірушілердің бағаны өздері қоюына байланысты болып отыр. Статистикаға сәйкес, бір апта ішінде картоп бағасы Ақмола облысында 3.3%-%-ға, сәбіз ОҚО-да 7,9%, Павлодар облысында 4,2%-ға өскен, қырыққабат Ақмола облысында 4,5%-ға баға көтерілген, ол Астанада өнімдердің бағасының көтерілуіне септігін тигізген. Бүгінде қалада 45 мың тонна көлемінде бір айға жететін азық-түлік өнімі бар. 19 наурыздан бастап 28 жәрмеңке ұйымдастырылып, өткен, онда 60 мың тонна азық-түлік өнімі сатылған. Оған қоса 18 өңіраралық (Жамбыл облысы, ОҚО, БҚО, Атырау, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстары) жәрмеңке өткен. 1-2 шілдеде Атырау, Жамбыл, ШҚО, Павлодар облыстарының жәрмеңкесі өткізіледі деп күтілуде.

Өңірлік жәрмеңкелерде бас-аяғы шамамен 5220 тонна азық-түлік өнімі сатылған.

Бүгінде өңірлер азық-түлік өнімдерінің көлемін арттыру бойынша жұмыс атқаруда. Сондай-ақ тауарлардың артық қалып және бүлініп кетпеуі үшін жәрмеңкеге ең қажетті өнімдерді ғана жеткізу туралы мәселе қарастырылуда. Бұл бағытта жұмыс іске асырылауда.

Астанада Жамбыл, Атырау, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

1-2 шілде «Қазақстан» спорт сарайында (Қ.Мұңайтпасов көш., 7) Атырау, Жамбыл, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстарының қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Аймақтардың отандық тауар өндірушілері 1000 тонна өнімді базар бағасынан 10-15% арзан саудалайды. Ет және ет өнімдері – 120 т., сүт өнімдері – 64 т., макарон өнімдері – 21 т., жарма өнімдер – 53 т., бал – 52 т., күнбағыс майы – 54 т., картоп – 13., көкөністер – 107,1 т., балық – 53 т.

Жәрмеңкеге 20-дан астам өндіруші қатысады деп жоспарланған. Мәселен, «Эмиль», «Багратион Улан», «Өскемен құс фабрикасы», «Крендель» ЖШС секілді компаниялар өнімдерін ұсынады. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары 1 келі қантты 120 теңгеге сатып ала алады.

Осы күнге дейін 18 өңірлік жәрмеңке өткізілген (Жамбыл облысы, ОҚО, БҚО, Атырау, Қызылорда, Алматы, Актөбе, Қарағанды, Қостанай облыстары) және 5 219 тонна өнім сатылған.

Астанада Қала күнінің құрметіне орай 3 ауқымды фестиваль өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Қала күнінің құрметіне орай 3 ауқымды фестиваль өтеді

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу аясында 1-6 шілде аралығында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы елордалық Мәдениет басқармасының қолдауымен 3 ауқымды фестиваль өткізеді.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «Шашу» халықтық биі ансамблінің ІІ Халықаралық фестиваліне, «Астана Самалы» атты VIII Халықаралық үрмелі оркестр фестиваліне, «Серпер»қазақ халық аспаптароркестрі республикалық фестивалінің мерекелік бағдарламасына көзайым бола алады.

Биыл «Шашу» халықтық биі ансамблінің Халықаралық фестивалі қалалық алаңда 1-3 шілде аралығында өткізіледі. Фестивальге Қазақстанның жетекші ұжымдары қатысады, атап айтқанда: «Шалқыма», Астана; «Назерке», Орал; «Томирис», Қызылорда, «Алтынай», Талдықорган), сондай-ақ Қырғызстанның («Ақмарал»), Башкирия мемлекетінің (Стерлитамак мемлекеттік би ансамблі), Ресейдің («Огоньки»).

Өткізгелі отырған Үрмелі аспаптар оркестрінің фестивалі аясында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы, оған қоса ҚР Ұлттық гвардиясының оркестрі, Петропавл Ұлттық гвардия институтының үрмеліаспаптароркестрі, Орынбор (Ресей) қаласы муниципалдық үрмелі аспаптар оркестрі өз өнерлерін паш етеді.

Концерт 4 шілдеде «Бәйтерек» монументі алдында сағат 21.00.-де ашылады. 5 шілдеде сағат 10.00.-де түрлі ұжымдар қаланың орталық саябақтары мен өзге де алаңдарында мерекелік бағдарламасын ұсынады. Сол күні, 5 шілдеде сағат 19.30-да «Бәйтерек» монументі алаңының сахнасында бэнд-марафон өтеді. 6 шілдеде сағат 10.00.-де Республика даңғылы бойынша Әскери-тарихи мұражайынан бастап «Жастар» сарайына дейін жалғасатын парадта «Астана Самалы 2017» фестивалінің барлық ұжымдары өнер көрсетеді. Сол күні, 6 шілдеде сағат 16.00.-де әкімдіктің алдындағы алаңда барлық оркестрлердің плац-концерті өтеді.

«Серпер»қазақ халық аспаптар оркестірінің V республикалық фестивалі 4-6 шілде аралығында өтеді. Фестивальдің ашылуы 4 шілде күні сағат 19.00.-де «Бәйтерек» монументі алаңында болады. 5 шілдеде Астаналық, Студенттік және «Жерұйық» саябағында сағат 11.00-ден бастап фестиваль қатысушыларының концерті басталады. Сол күні, яғни 5 шілдеде сағат 17.00.-де «Бәйтерек» монументі алаңында «Күй керуен» концерті басталады, көрермендер Ақтөбе қаласының Ғ. Жұбанова атындағы халықтық аспаптар оркестрінің, Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі мен Новосібір қаласының Орыс академиялық оркестрінің мерекелік бағдарламасымен таныс болады.

6 шілдеде сағат 13.00.-де қалалық алаңда Астана күніне арналған «Серпер»қазақ халық аспаптар оркестір V республикалық фестивалінің гала-концерті өтеді. Гала-концертте көрермендер «Серпер» және «Сарыарқа» оркестрінің ең танымал күйлерін тыңдай алады. Олар дирижер Айтқали Жайымовтың басқаруымен 200 музыканттың түрлі аспаптармен сүйемелдеуінде өнер көрсетпек.

«Жетісу тарландары» І орынды иеленді

Алматы облысы: «Жетісу тарландары» І орынды иеленді
Қарулы күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айбын» жастар жиыны Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткен. Оған Алматы облысынан «Жетісу тарландары» командасы қатысып, бірінші орынды иеленді.
««Айбын» жастар жиыны 2015 жылдан бастап, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. 2015-2016 жыдары Республиканың деңгейінде өтсе, биылғы жарыс халықаралық дәрежеде болды. Қарағанды облысына жан-жақтан командалар өте үлкен дайындықпен келгені байқалып тұрды. Осыны болжай отыра біз «Жетісу тарландарына» мықты әрі талантты жастарды жинадық», — деді «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Жаналиев Жандос.
Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
«Команда капитаны ретінде үлкен жауапкершілікті арқалап бара жатқандықтан, осы уақытқа дейін қаншама тер төккенімізді ескере отырып, командамды жігерлендіруге тырыстым. Себебі, рухы күшті команда ғана жеңіске жетеді»,- деді «Жетісу тарландары» командасының капитаны ТЕН Владимир.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Талдықорған қаласында «Айбын» әскери-патриоттық жиынның жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды

Алматы облысы: Талдықорған қаласында «Айбын» әскери-патриоттық жиынның жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында 1 орынды иеленген «Жетісу тарландары» командасын Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында салтанатты түрде қарсы алды.

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлері ұйымдастырған ұлттық оркестрдің әуенімен «Жетісу тарландары» командасының мүшелерін «Жастар» саябағында туған-туыстары, достары мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айбын» жастар жиыны осы жылы халықаралық дәрежеде өтті. Жиынға 600 республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінің, өңірлердегі әскери-патриоттық клуб мүшелері мен Ресей Федерациясының ОренбургПрезидент кадет училищесінің тәрбиеленушілері қатысты. Ұйымдастырылған жарыстар оңай болмады, алайда қызықты өтті. Физикалық күшті, рухы биік, білікті жастардан құралған біздің команда халықаралық деңгейде өздерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Алдағы уақытта біз жоғары жетістіктерге жететінімізге сенеміз», — деді Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеология жұмыстар жөніндегі орынбасары Қуандық Әділбеков.

Ескерте кетейік, Қарағанды облысында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жеткен болатын. Алматы облысының атынан шыққан «Жетісу тарландары» командасы 16 өңірден шыққан әскери-патриоттық клуб арасынан жүлделі 1 орынды иеленді. Команданың әр мүшесі арнайы дипломмен, медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Елордалық баскетболшылар ҚР чемпионы атанды

Астана жаңалықтары: Елордалық баскетболшылар ҚР чемпионы атанды

Балқаш қаласында қыздар арасында өткен баскетболдан ҚР чемпионатында Астананың намысын №5 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиленушілері қорғады.

Жарысқа 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туылған ойыншылар қатысты. 2005-2006 ж.т. баскетболшыларымыз ерекше ойын үлгісін көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Олармен бірге Астана атынан барған 2003-2005 ж.т. ойыншылар 7 команда ішінде 5-ші орыннан көрінді.

2003-2004 жылдары туылғандар категориясы бойынша Астана, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Батыс-Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шымкент қалаларының командалары қатысты.

Бұл жас категориясы бойынша қортынды мынадай:

1 орын – Қарағанды облысы

2 орын – ОҚО

3 орын – Ақмола облысы

4 орын – Ақтөбе облысы

5 орын – Астана қаласы

6 орын – БҚО

7 орын – Шымкент қаласы

2005-2006 жылдары туылғандар категориясы бойынша Астана, Қарағанды облысынан 1 және 2 команда, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Челябинск қалаларының командалары өзара мықтыны анықтады. Финалда Астана мен Қарағанды облсының 1 командасы кездесіп, 57-46 есебімен аяқталды. Осылайша, елорда командасы екінші рет осы жас категориясы бойынша Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды.

Бұл жас категориясы бойынша қортынды мынадай:

1 орын – Астана қаласы

2 орын – Қарағанды облысы – 1

3 орын – БҚО

4 орын – ОҚО

5 орын – Қарағанды облысы – 2

6 орын – Челябинск қаласы

Чемпионат қорытындысы бойынша әр жас категориясы бойынша жаттықтырушылардың дауыс беруі арқылы турнирдің ең үздік ойыншылары анықталады. Бұл жолы елорда командасы атынан 5 үздік спортшы қатарына №5 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің 3 оқушысы енді.

2003-2004 жылдары туылғандар категориясы бойынша Дарья Богданец үздік ойыншы атанды.

2005-2006 жылдары туылғандар категориясы бойынша үздік ойыншылар қатарынан Дарья Головина мен Тамила Солсанова көрінді.

"Жетісу тарландары" "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында бақ сынамақ

Алматы облысы: Жетісу тарландары Айбын халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында бақ сынамақ
Биыл қарулы күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Айбын» жастар жиыны 12-17 маусым аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтеді. Жыл сайын өткізілетін әскери-патриоттық жастар жиынының мақсаты — әскери қызметті насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әртүрлі елдердің жас армияшылары бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Осы бағытта Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастыру мен өткізу бойынша үлкен жұмыс атқаруы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
«Халықаралық деңгейде өтетін жастар жиынына Алматы облысының ең үздік жігіттері таңдалынып алынды. Осы уақыт ішінде, қатысушылар күнделікті дайындықтың арқасында өз шеберліктерін машықтай түсті. Біздің командада физикалық күшті, рухы биік, білікті жастардан құралған. Біз жеңіске абыроймен жетеміз деген сенімдемін!», — деді «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Жаналиев Жандос Жұманұлы.
«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында «Эрудит» зияткерлік сайысы бар. Бұл сайыс облысымыздың спорт және білім саласында жеткен жетістіктерін таныстырады.
Баспасөз мәслихатына қатысқан БАҚ өкілдері «Жетісу тарландарына» сайыстан жүлделі оралсын деп тілектестіктерін білдірді.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Шырқа, гитара! ән кеші

16 ақпан күні, сағат 17.00. «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Шырқа, гитара!» атты ән кеші өтті. Қарағанды қаласының кәсіби және әуесқой гитаршыларының басын біріктіріп, ән салып, өнерпаз жастардың уақытын тиімді пайдалана отырып, олардан түрлі ұсыныстар алып, сұхбат құрып, көңілді кеш ұйымдастырылды.

Қатысқан гитаршылар:
Шакенов Владимир Жунусович – Қарағанды қаласының №1 балалар музыкалық мектебінің ұстазы. Свердлов қаласының, Чайковский атындағы музыкалық училишесінің гитара класын тәмәмдаған. Көп жылдық тәжірибелі гитаршы.

Айнаш Сәдуақас – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 7 курс студенті;

Әнші, сазгер Жансерік Нишанбеков;

Рауан Қабидолдин – ақын, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі;

Асыл Баянова – Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетінің студенті;

Марғұлан Уәли – әнші, сазгер. Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының маманы.

Сонымен қатар Алмас Мырзахмет, Айзада Рахимжанова, Еркін Нарынов т.б. ақындар өлеңдерін оқыды.

Кеш еркін форматта өтті. Елімізге танымал сонау 70 жылдардан бастап, кейінгі жылдарға дейінгі сазгерлердің әндерін айтып, және жаңа авторлық әндер орындалды.

Ән қалықтап, көңіліміз шарықтай берсін!

Блог - ZhastarTynysy: Шырқа, гитара! ән кеші

«Шырқа, гитара!»

Құрметті достар!

«Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өтетін «Шырқа, гитара!» ән кешіне шақырамыз!
Блог - ZhastarTynysy: «Шырқа, гитара!»