Әкесінің ауызын...

Баяғының балалары әкесі арқасынан сегіз өрім қамшымен сабап жатса да әкесіне қарсы шықпайтын көрінеді. Қазір ғой "ә" десе «мә» дейміз. Мына видеода да әкесіне қарсы шыққан баланы көреміз.
Әкелі-балалы Балғабек және Балқан Смағұловтар арасындағы күй тартыс.
Ә, айтпақшы, тақырыпқа келсек. Негізі "Әкесінің аузынан түсе қалған" деп жазғым келген. Сіздер де осы төмендегі нұсқамен оқи салыңыздар.
Әрі қарай

Құдірет

Руслан Нұрбай
Сенбі күні жұбайым Руслан Нұрбай "Ғаламның рахман нұры" атты ақындар мүшайрасынан Умра қажылықты ұтып алды.
Әрі қарай

Пойыздағы бір түн

"Қарағанды-Жезқазған" бағытындағы пойыздың ең соңғы бүйірінде "Қарағанды-Қаражал«деген жазуы бар екі вагонының біріне отырдық.Себебі, осы екі вагонды кейін басқа теплавозға тіркеп көздеген жерімізге жеткізеді. Плацкарт вагон. Орыннан шатасып кеткен жандар, билет бойынша орналасып, я болмаса „мына жерде таныстарым бар екен, орын ауыстырып алайықшы“ деп жүрген жандар. Ораза бітуге екі күн қалған кез. Маған қарама қарсы бір келіншек отыр. Ауызашатын мезгілде қолын жайып бата қылды. Өзімізді мұсылман санап жүргендіктен біз де қарап қалмай қол жайдық. Ана келіншек батаны ұзақ қайырды екен.Менің ішім пыса бастады. Келіншек еріні жыбырлап тоқтар емес, бір кезде дұғасын ұмытып қалды ма еріндері жыбырламай қалды. Есіне түскен болуы керек, тағы бірер минөт бірдеңелерін оқып, ақыры бетін сипады-ау.Бала кезімнен ауызашар уақытта дұға жасаған кісілерді көріп жүрмін, дәл мынандай ұзақ ниеттенген жанды бірінші көруім. Алла қабыл қылсын!
Әрі қарай

Біз көрген Нұрберген және Нұрберген көрген Қарағанды...

Нұрберген келем деген соң Абзал екеуміз кәдмігідей қобалжыдық. Себебі, бұндай "ғақлия амигоны" бұрын соңды күтіп алып көрмеген едік. Негізі, Қарағандының қара асфальтына тағы біраз астаналық жігіттердің табандары тиюі керек еді,өздеріне белгілі себептермен келе алмай қалды.
Сонымен, Нұрбергенді таксиден бес летір баклашкадан сыра ішіп түсер немесе қолында тұтанған темекі болар деп жобалап отырдым. Баклашка жөнінде шатасқаныммен темекіге келгенде шатаспаған екенмін. Абзал екеумізді бұрыннан танитын адамдай, анандайдан құшағын жайып қарсы жүрді.
Әрі қарай

Фотожұмбақ(қарағандылықтар жауап бермесін)

Әр қалада әр түрлі ескерткіштер, әркімдерге қойылған ескерткіштер болады. Тіпті кейбірі қаланың символына да айналып кетеді.
Мынау ерінбеген құстардың барлығы басына саңғырып кеткен, қанаты талған құстардың сәл демалып алатын ескерткіш-бюстті кімдікі деп ойлайсыздар?
Әрі қарай

"ОккупайАбайлықтар" Қарағандыда

Бастауын Ресейдің Москва қаласынан алған «ОккупайАбай» қозғалысының көлемі осылайша үлкейіп кетерін басында ешкімде білмеген шығар?! Ресейдегі сайлаудың нәтижесіне көңілі толмаған қарағандылық орыс жастар наразылық шарасы ретінде 18-ші мамыр күні Абай ескерткішінің жанына жиналып, соткаларынан музыка тыңдады.

Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды



Мадрид. Сантьяго Бернабеу стадионы. Чемпиондар лигасы. Жартылай финал. Соңғы пенальти.

Ойын бойы үздіктер қатарында болған Бастиан келді де ақтық пенальтиді шіреніп тұрып тепті. Гол! Баварлықтар финалда.
Әрі қарай

Қарағандыда жаңа тұрғызылған үй құлады.

Кеше түскі 12 шамасында Қарағанды қаласында жаңадан салынған (элитный) тұрғын үй құлап қалған.
Бұл қиын заманда ең басты проблема баспана мәселесі болып тұрған кезде қаншама адамды баспанасынан айырған кім?
Құлаған үйдің шығынын кім қайтарады?
Кінәлілер қазір қайда?
Бейшара қарапйым халықтың күйі не болмақ деген сауал еріксіз әркімнің ойына келер.
Құлаған үй





Мұндай жағдайды көрген адам жаңа салынған үйден пәтер алу қорқыныш тудырады екен. Сан бар жерде сапа бар деген желеумен осындай үйлердің қаншасы тұрғызылды. Әлі қаншасы тұрғызылады…