Корей қыздарының шаш күтіміндегі құпиясы

Соңғы жылдары кореялық күтім жүйелері бізде трендке айналғаны белгілі. Олардың бояуы, жуынатын заттары, маскалары тағысын тағылар дүкен сөрелерінде толып тұр. Ал бүгін біз корей қыздарының шаш күтіміндегі құпияларына тоқталамыз.

Бас терісіне массаж керек
Кореяның сәнқой қыздары шаштың әдемі болуы үшін, бас терісінің күйі жақсы болуы керек екеніне сенімді. Өйткені массаж арқылы қан айналымы дұрысталып, шаштың да өңі кіреді.

Сульфат және парабені жоқ сусабын
Қолданатын сусабынның құрамында сульфат пен парабеннің болмағаны жөн. Бұл заттар шаштың құрғап кетуіне әсер етеді. Сонымен қатар, әйел денсаулығына айтарлықтай зияны бар. Мүмкіндігінше химиялық элеметтері аз сусабындарды таңдаңыз.

Шашқа арналған маска
Кореялықтардың «тканевый маска» дегенін естуіңіз бар шығар? Бұл маскаларды қап сияқты болады, оны басыңызға киіп аласыз. Оның құрамында шашты нәрлендіретін түрлі дәрумендер бар. Нәтижесінде шашыңыз жұмсақ жібектей болып, ұшталмайтын болады.

Шашты қорғау
Кореялық сұлулар шаштарын күннен, зиянды сәулелерден қорғау үшін арнайы спрейлер мен қоспалар қолданғанды дұрыс көреді. Әрі оны барлық қыздарға ұсынады. Өйткені экологиядағы зиянды сәулелер шаштың көркін кетіреді-міс.

ERNUR.KZ

Өрілген шаштар

  • TOP
Интернеттен өрілген шаштардың фотоларын қарап, жатақханадағы қыздардың шаштарын өрген болатынмын. Шаш өру де бір өнер. Алдағы уақытта тағы өрген шаштардың фотоларын іліп отырамын. Қыздар қауымы сіздер де өз тәжірибелеріңізбен бөліссеңіздер болады. Ары қарай суреттер сөйлесін :)
Әрі қарай

Шаштаразға бармай тұрып…білген жөн!


Адам ағзасында шаштың өзіндік алатын орыны бар. Шаш – басқа дене мүшелерімен тең дәрежеде айналаңыздағы өткен оқиғалардың бәріне дерлік атсалысады. Сол себепті, адамның көңіл-күйіне байланысты шаштың түсі де өзгеріске ұшырап отырады.
Әрі қарай

Өнер үшін - ұлт пида!

Superstar-дан шыққан Әлішер Кәрімовты қазіргі таңда көбі танитын шығар. Бастапқыда шашы ұзын болып, имидж жағынан халі сәл мүшкілдеу жүр еді, оған осы өткен кәріс сериалы жақсы әсер еткен сияқты. Яғни имиджіне. Тура сол сериал біткен соң, Әлішердің шаш үлгісінен корей сериалының басты кейіпкерінің образын көріп, плагиат деп шулағанда, «мен ешкімнен имидж ұрлаған жоқпын» деп ақталумен болды.

Не де болса, шашын қиғаны жақсы болды, өңі кіріп, енді сүйсінерлік әншілер қатарына кіре бастады.
Айтарым ол емес. Өзбек бауырымыздың бастапқыда Роза Рымбаеваның репертуарынан «Әлия» әнін айтып жүргенін тыңдаған шығарсыздар. Сонда «Батыр қызы сен халқымның» деген сөздері бар. Дәп сол жерін айтқанда біртүрлі ішімде бірдеңе қылт ете қалатын еді. Енді соғыс сонау КСРО кезінде болғанын ескерсек, бәрі бір халық болды, яғни идея бір дегендей. Олай айтуға намыстанбайтын да шығар.
Ал алдында Қазақстан телеарнасында Кеңес Дүйсекеевке арналған кеш өтті. Сол кеште бұл батырымыз «Қазағымның мұңысын сен – домбыра, бабамыздың жырысын сен — домбыра» деп шырқап тұр.
Ну енд, ұлтқа бөлінбеген дұрыс. Бірігіп ұстау керек, анау-мынау… Бірақ бәрібір, іште тағы бірдеме қылт ете қалады, неге екенін…
Әрі қарай

Шіркін life – 2

«Кәрістер мен түріктердің сериалдарын шаң қаптырып кеткен» /жүргізушілердің сөзінен/ осынау шоудың алдыңғы бөлімін тамашалап көрмеппін.Көрмедім дегенім өтірік айтқандық болар, үйдегілер асыға күтіп жүрген бағдарламаға бір-екі рет көз жүгірткеніммен көңілім толмаған еді. Арасында Қалдықыздың осы бағдарлама жайлы жазғандарын оқығаным бар. Бұл жолы қараған себебім, таңдалған ойыншылар /ойыншы дегенімді жөн санадым/ әскерде өздерін сынап жатыр деген соң қызықтырды. Өзім әскерде болғандықтан және келісім-шарт негізінде жалғастырғандықтан маған бұл тақырып қызықтырақ көрінді. Сонымен кешегі яғни 9-шы қаңтардағы нөмірін көргендегі ойларым.
Әрі қарай