Алғашқы дебат сайысымыз басталды. Алғашқы тақырып: «Көп білген зиян ба?»
Бұл пікірді теріске шығаруға ниет білдірген алғашқы сөзуар Он.Кз- блогосферасының жарқын жұлдызы, ЦТ — сайтынан және Түркістан қаласынан Жалғас Ертай шығады.
Ал енді онымен сөз тірестіруден қашпаған батыр Дәурен Жақсылық ұлы қандай екен?
Жалғас Ертайдың аргументтеріне қарсы қояр қандай айласы бар екен?
Ойын ұсынамын.
Біреу нақыл сөз, афоризм, қара сөздерден үзінді, мақал, мәтел жазады. Соған жауап ретінде қарама-қарсы немесе толықтыратын нақыл сөз жазылуы керек. Таба алмасаңдар, басқа тақырыпта мақал, мәтел, нақыл сөз жазуға болады.
Ойдан шығаруға да болады, бірақ қисыны бар болуы керек. Ерекше жағдайда абсурд жазуға болады, бірақ ол әзіл не алдыңғы мақалмен /нақыл сөзбен үндес болуы шарт. Афоризм авторы белгілі болса, жазған дұрыс.
Мысалы:
Фильмдер үнемі екі жақты пікір тудыратыны белгілі. Біреулер мақтап жатады, біреулер даттап жатады. Біз де тыныш жатып алмай, екеуміз көрген бір фильмге екі түрлі рецензия жазып көрмекпіз.
«Керекинфо» сайтында. Бүгін. Күтіңдер!
Толықтыру: Батлға арналған рецензияларды мына және мына жерден оқи аласыңдар!