Өте-өте әміркандық мистика
Олар қала сыртындағы жалғыз тұрған үйге көшіп келді. Он шақты бөлмеден тұратын алып баспанада енді тек төртеуі ғана тұратын болады. Қаладағы қиын өмірлерін артта қалдырып, әдемі сарайдың иелері атанып шыға келді. Жанұя мүшелерінің қуанышында шек жоқ. Үлкен қызы Дженни өзіне қай бөлмені таңдарын білмей, әрлі-берлі зыр қағып жүр. Кішкентай қызы Джулия үйдің бұрынғы тұрғындарынан қалған ескі қуыршақтармен ойнап отыр. Жаңа ойыншықтар тапқанына ол да мәз. Отағасы Майкл мен әйелі Клара есік алдында жаңа баспаналарына сүйсініп, құшақтасқан күйі тамсана әлденелерді айтып тұр.
Ертесіне риэлтор мен үйдің бұрынғы иесі Джон келді. Жаңа тұрғындардың соңғы шешімдерін білмек. Ал отбасы үйді көрген күні-ақ шешіп қойған: «Үй біздікі! Аламыз!». Қонақтар тағы бір рет үйді аралап, оның бұрынғы иесі Джон осы жерде тұрған кездегі өмірінен аздап сыр шертті:
— Қандай бақытты отбасы болып едік. Мына бөлмеде қарындасым Сара тұратын. Ал мына бөлме қонақтарға арналған қосымша жатын бөлмесі болды. Ал мынау бөлме…
Әрі қарай