Тойға арналған тілектер базасын жасайық
Жақында туыстарымыздың қызы ұзатылды. Алыстағы келе алмай қалған туыстардың атынан құттықтау жазып, апарып беру деген тапсырма алдым, әбден той боларға бес-алты сағат қалғанда. Жұмыстың да қызып тұрған кезі, интернет ағамызға жүгінбекші болдым. Сондағы тапқаным бір сайт (қалғандары сондағыны көшіріп салып қойыпты): www.kuttybolsyn.kz, оның өзінде толып тұрған жоқ. Содан не керек, ең қызығы, құттықтауды жазып, түрлі-түсті принтерден шығарып, оны открыткаға жабыстырып апарып берген едім, той үстінде бір ағам сөйлеп тұр, айтқан сөздері дәлме-дәл әлгі сайттағысы, бір сөзін де өзгертпестен айтып берді! (Дәл сол сөздерді құттықтауға жазып қойып, абырой болғанда, орын жетпей алып тастап едім
)
Сөйтіп қысылтаяң тілек іздеу үстінде осы бір идея келді: нағыз керекинфоның бірі болар еді, егер осы қауымдастыққа тойға, туған күнге, т.с.с. қуаныштарда айтылатын тілектерді салып тұрсақ. Осындағы сен тұр мен атайын шешендерді бай қазыналарымен бөлісуге шақырамын
!
Әрі қарай