Бернар Вербер. Салыстырмалы және абсолюттік білім энциклопедиясы. Түс тайпасы
Түс тайпасы

  Жиырмасыншы ғасырдың 70-ші жылдарында екі америкалық этнолог Малайзия ормандарында сенуа тайпасына тап болды. Тайпаның барлық өмірі түстерге бағындырылған. Тайпаны да солай атап кеткен – «түс тайпасы».
  Әркүні таңғы ас кезінде бүкіл тайпа ошақ айналасына жиналып, бір-біріне түсте көргендерңн баяндайды. Егер бір сенуа түсінде тайпаласын ренжітсе, ол кешірім сұрап, сыйлық тартуы керек.