Кездейсоқ "кездескен" көрме

Кітап дүкендерінен басталған «саяхатым» Конгресс Холл маңындағы жерасты өткелге келгенде кілт тоқтады. Асанқайғының шұрайлы мекеніне тап болғандай, әлгі жерден шыға алмай қалдым. Қысқасы, Bnews хабарлаған "қызыл кадмий" көрмесіне тап болыппын. Көп сөйлемей, түсірген сапасыз сүгіреттерімді ұсынайын:


Әрі қарай

Академияның суретшілері

Мен жұмыс істейтін жер — Атыраудағы дарынды оқушылардың бас қосқан өнер шаңырағы. Ең алғаш келген кезімде ондағы оқушылардың талантын көріп қатты таң қалғанмын. Еуропаның көптеген елдерінен құр қол келмейтін өнерлі өрендерді дайындап отырған мектепті осы кезге дейін білмейтін едім. Сондықтан оның әрбір жеткен жетістігіне таң қалумен ғана болдым. Тек мен ғана емес, өзге Атыраулықтарға айтсам да, «солай ма еді» деп таң тамаша болады. Себебі, қанша жерден жүлдемен оралса да, елге танымал бола алмай келеді. Сол үшін ғой Ал мына суреттер сол мектеп оқушыларының дипломдық жұмыстары.
Әрі қарай

BlogCamp 2012, қысқа фото-репортаж!)

Сәлем керекинфо қолданушылары! Бұл менің осы сайттағы алғашқы постым! Бұл тақырыптың дәмі кете бастағанымен, жазуға бел будым. Өзімнің алғашқы постымды Наурыз айының 23-жұлдызы болған блогкэмпте және Астана қаласындағы суреттеріммен жазсам ба деп отырм. Фото-репортаж 4 бөліктен тұрады. 1. 21-22 наурыз поезд. 2. 22 наурыз, Астана қаласын аралау. 3. Блогкэмпте болған суреттер. 4. 24 наурыз, тағыда қалада қыдыру))) Ал енді бастайық!)

I. Бөлім
Ең бірінші өзімізді таныстырып кетейін! Бұл мен) 21 наурыз күні, пойызға мініп кетіп бара жатырмыз!
Тойғұлиев Әлішер

Ал мынау, сайтымыздың екінші директоры десек те болады. Ахметжанов Дастан

Әрі қарай

Адольф Гитлердің суреттері

Адольф жас кезінен суретші болуды армандапты. Жай ғана суретші емес, танымал суретші болуды. Сол мақсатының жолында 1907 жылы жас Гитлер Вена қаласындағы суретшілер академиясына оқуға түсуге келеді. Оқуға түсуге тырысқан бірнеше сәтсіз әрекеттерінен кейін, ол жарнамалық хабарландырулар және пошталық карталар сызумен күн көре бастайды. Бұл топтамада Гитлердің сәтті шыққан эскиздерін көре аласыңдар. Онда ғимараттар, натюрморт пен пейзаж, сондай-ақ жалаңаш натуралар бар. Айта кететіні, Гитлер академияға екінші рет емтихан тапсырып жатқанда, академияға түсу түгілі үшінші рет емтихан тапсыру мүмкіндігінен де айырылған екен.

Кім білсін, егер ол әсемдікке құштар суретші болып кеткенде, мүмкін тарих өзінің парағын басқаша мазмұндаған да болатын еді. Бір анығы, әлемді жаулап алу туралы жегі құрт оның басында бұл кезде кішкене басқаша қалыпта өрбіген сияқты көрінді.
Әрі қарай

Counter Strike ойнауды жаңадан бастағандарға...

Іш пысқанда компьютер алданда отырып алып контрымызды қосып, сүйікті серверімізде атысып ойнағанға не жетсін  
Сонымен бүкіл әлемде миллиондаған фанаттары бар Counter Strike ойынын жаңадан бастағандарға бірнеше кеңестерім бар! Сонымен бастайық:
1. Раунд басталған уақытта қару таңдаған кезде, басқа нәрсеге алаңдап базада ұзақ уақыт кідірмеңіз. Белгілі бер жерге тез жету үшін пышақпен жүгіріңіз.
Әрі қарай

Мерекені қалай тойлаудамын?

Күн суық. Қашанда кешігіп жүретін әдетіме басып, Алматыдан келген таныстарды Астананың аязына үсіріп, әйтеуір кездесетін орынға әрең дегенде жеттім. Бұл орын — Астана-Арена еді. Мұнда келуімізге себепкер — «Тәуелсіздік — қазағымның арманы» атты музыкалық дастан. Ғимараттың есігіне жету қандай қиын еді: алдымен күзетшілер билетпен өткізеді, келесі айналмалы есіктен сол билетті тексертесің. Онан қала берді ішке кірген соң... тіпті фотоаппаратымды суретке түсіртіп тұрып тексерді ғой.
Әрі қарай