Мүйізатар-рогатка

Біздің балалық шағымыздың баласын мойнына ілген мүйізатарсыз елестету мүмкін емес секілді.Мүйізатар дегеніміз Y іспетті ағаш бұтағына жіңішкелеп тіліп байланған белесебедтің камерасының және сол камераның екінші басына байланған былғары оқшантай. Қолы ұзындар медициналық жгуттан жасап алатын.Ондай қулардың атқан оғы алысқа кетуші еді.Оқшантайға былғары табудың өзі сор еді. Былғары сөмкеңнің ішкі жағынан кесіп аласың немесе бәтеңкенің тілі кетеді құрбандыққа. Ағаштан әдемі аша таба алмасақ қара сымнан сап жасап алып жүре беретінбіз. Әуелгіде бөтелке атып бастағанмен кейін келе торғайға оқ ататынды шығардық. Талай рет оқ тиген торғайдың жерде тыпырлап қиналғанын көріп жаным ашып кетуші еді. Бірақ балалық па ертеңіне тағы атасың торғай біткен үйіңдегі соңғы бидайыңды жеп кеткендей...Құдай күнаға жазбасын бұл балалығымызды. Одан іш пысқанда қойдың құмалағымен оқтап бір-бірімізбен атысамыз. Іштей ұнатпай жүрген біреуің болса кішкене тас салып атып жібересің, кейде сені де біреулер таспен атып кетеді…
Әрі қарай