Оразаға қатысты

Рамазан – айлар ішіндегі ең қасиеттісі. Өйткені Құран кәрім осы айда түсті. Сауабы ең көп ораза, осы айда тұтылатын ораза. Ораза тұтумен қатар бұл айды ғанибет деп біліп, иман-ақида мәселелерін дұрыс жазылған илмихал (ғылмихал) кітаптарынан оқып үйрену керек. Содан соң ғибадаттарды, харам-халалды үйрену және тіршілігін соған сәйкестендіру қажет. Илмихал мәселелерін оқып үйрену нәпіл намаздан және бүкіл нәпіл ғибадаттардан да артық.
Әрі қарай

Рамазан айының құндылығы

Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазреттері былай деген:
Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады.
Әрі қарай