Жүзіп(малтып) үйрену
Адам ананың құрсағында суда жатқанымен суға жүзуді үйреніп тумайды екен. Бала кезім Қарасу деп аталатын жайлауда өтті. Түбі көрінбей қарайып жататындықтан солай атаған халық. Дегенмен бастауын бұлақтан алатын басқа бір өзенде бартын маңайда 1 шақырымдай жерде.Суы қыста да қатпайды(бұлақ қой). Жаздың ыстық күнінің өзінде суы салқын болып тұрады. Шөп шауып келген ағаларым сол өзенге түседі кешкілік.Кейде күннің ыстығына шыдамай күндіз де түсіп алады. Түн ішінде барып түссе де менің не шатағым бар. Қайткенмен де ағаларым мені өздерімен өзенге апаруға құмар. Менің жүзе алмайтынымды қызық көре ме, кезек-кезек суға лақтырады.Мен бір батып-бір шығып әлекпін. Ішке біраз суда кетеді.Қолдарынан сытылып шығып киімдерімді сонда қалдырып үйге қашып келген кездерімде болды.Бірақ әлекедей жалаңдаған 4 ағамнан қашып құтылудың сәті бірде түссе тоғызында түспеуші еді.Қанша лақтырсада, иегімнен ұстап тұрып жүзуді үйретсе де үйрене алмай қойдым. Содан өздігімнен жүзіп үйренуге бел будым. Малды сол өзен жаққа жайып, атымды шідерлеп қойып көлемі өзім шамалас ағашты кеудеме басып, аяғымды шалпылдатып жүріп он күннің жобасында жүзуді үйренгендей болдым. алғашқыда шет жақтарында жүздім. Кейін терең жерлеріне жүзіп барып көрдім. Күндердің күнінде ағаларыммен өзенге тағы келдім. Әшейінде шешінбей қоятын мен, машинадан түсе сала шешініп, суға күмп ете қалдым. Анандай жерден бірақ шығып ағаларымды бір таңқалдырып едім.
Әрі қарай