Жас қаламгерлерді оқимыз ба?

Жас қаламгерлерді танимыз ба?

Бүгінгі күні жастарымыз біртіндеп кітап оқуға бет бұрып келе жатыр. Олардан кітап жайлы талғамын сұрап көрдіңіз бе? Əрине, əрқайсысы нені қалайтынын əрқалай айтқысы келеді. Бірақ та барлығына ортақ бір нəрсе ХХ ғасыр əдебиетін оқып тауыса алмай жатыр. Ол дегеніміз жақсы нəрсе, бірақ, арамыздан шығып жатқан жас дарындардың туындыларын біреу білсе, біреу біле бермейде. Ескеретін нəрсе — болашақта жарқ етіп кітапхана төрінде тұратын туындылардың авторы солар болмақ. Жəне сол деңгейге жету үшін олардың да оқырманы көп болу керек, түрлі сыншылардың критикалық көзқарасынан шыңдалып, одан əрі тəжірбие жинау керек. Оқырманы не тыңдарманы көп кез-келген өнер иесі таңғаларлық дүниелерді жасауға тырысары анық. Солардың бірі Оңтүстіктің жас қаламгері ақын, шығармаларға да ебі бар талант Ерболат Айнабеков. Ал сіз оның мына бір керемет əңгімесіне қандай баға берер едіңіз:
Әрі қарай

Түркістанның Шыңғысxаны

Түркістанның Шыңғыс xаны.

Адалдық. Абырой. Отанға қызмет ету.

Үш басты сөзі Жылқайдардың немересі Тұрардың өмірлік басты ұстанымдары болған. Иә, иә Талғарда туылып, аталары Ақсу-Жабағалы мен Түлкібасты мекендеп, білімін Меркі жеріндегі Аспарадан алып, Бәйдібек бабадан Дулат кейінгі Шымырдан тараған тұлға, Меркіде оқып жүріп уақытша тегі Қырғызбаев болған, жалғыз қарындасы Түйметайы бар, орыс империясына қарсы шыққан Ақкөз Қосанұлына қосылып болашақ қайың ағасымен арпалысып оны ату жазасына бұйырған, Түркістан еліне университет қажеттілігін Ленинге жеткізген, 25 жасында Ел басқару келген, Түркісіб теміржол идеясын ұсынып оның салынуына атсалысқан, Моңғолия жеріндегі Улан-баторды астана қылып кеткен, моңғолдардың құрылтайын өткізуге жәрдемдескен, екі орыс әйел алып бірақ көңіл жарыса алмай қазақтан туған Әзизаны іздеп барып тапқан, бір ұл төрт қыздың әкесі, Қазақтың жерін анау Орынбордан бастап Ташкентке дейін, Арқанкелгеннен Тарбағатайға дейінгі жерді Тәуелсіз ел қылам деп арманына жете алмай кеткен, Кеңес үкіметінін кедейлерді жебеуші қылып, байлардың бар малымен жерін қарны аштарға таратуға себепші болған қазақтың маңдайына туа біткен Рысқұлұлы Тұрар болмақ.

Осы жазбам жазулының басты себебі, Шерxан Мұртаза атамның "Қызыл жебе" кітабы. Кітапты оқып және тыңдап шығуыма екі ай уақыт алыпты. Қазақтың кең байтақ даласынан Кеңес үкіметінің құрылуына атсалысып, көз майы мен күш жігерін аямай еңбек етіп, сол Кеңес үкіметінің үкімімен атылып кеткен қайран бабам. Ол жалғыз емес, Алаш арыстары, қазақтың зиялы қауым өкілдері, қысқаша айтқанда өткен ғасырдың 30 — жылдары ең ауыр, ең қайғылы, ең сорақы жылдар болды. Жүректен ешқашан ұмтылмас. Шерxан атамыздың бес томдық "Қызыл Жебе" кітабын оқуға кеңес берем. Еш өкінбессіздер.
Әрі қарай

"Болашақ телевидениенікі" келісесіз бе?

Орысшадан аударғам, жобасы солай сияқты))
— Ал сіз телевиденияда бұрыннан бері жұмыс істейсіз бе?
— Екі жыл.
— Бәлкім, өте қызықты шығар?
— Өте. Жалпы сіз білесіз бе? Түптің түбінде тв бүкіл адамзаттың өмірін өзгертеді. Ештеңе де болмайды. Кино да, театр да, кітап та, газет те. Тек жаппай телевидения.
— Сіз қызбалыққа беріліп кеттіңіз. Театр, бұнымен келісемін, шынымен де жойылуы мүмкін. Бірақ, кіно, кітап ше?
— Жиырма жылдан кейін менің сөзімді еске алатын боласыз!
«Мәскеу көз жасына сенбейді» («Москва слезам не верит») фильмінен.
Шыны керек қазіргі өсіп келе жатқан жасөспірімдер театрдан көрі киноны, кітаптін орнына ғаламторды таңдайды. Тіпті көк жәшікті көретіндері де шамалы. Әрине, көпке топырақ шашпаймын…
1. Ал сіз соңғы рет театрға (қойылымның аты) қашан бардыныз? 2. Соңғы оқыған немесе оқып жатқан кітабініз (кітаптін аты) қандай? 3. Жаңалықты теледидардан көресіз бе? Әлде әлеуметтік желіден оқып, біліп аласыз ба?
Бөлісе отырыңыздар!
Әрі қарай

Рахат ӘБДІРАХМАНОВ: "ПОЭЗИЯ ЕРІККЕННІҢ ЕРМЕГІ ЕМЕС"

«Жанымның жазба нұсақасы», «Әдемі менің әлемім» атты жыр жинағының авторы, Қасым Аманжолов атындағы І облыстық ақындар мүшәйрасының бас жүлде иегері, ақын Рахат Әбдірахмановатың «Жүрегім» атты жаңа жыр жинағы жарық көрді. Осыған орай, ақынмен поэзия төңірегінде азды-кем сұхбаттасқан едік. Сәтті сұхбатты сіздермен бөліскенді жөн санадым.
— Сұхбаттымыздың тұздығы ретінде тұсауы жаңа кесілген «Жүрегім» атты жыр-жинағыныздан сиясы кеппеген жаңа туындыңызбен бастасақ… Кітаптың «Жүрегім» деп аталуына не себеп? Жалпы ақындарға деген қолдау қандай?
— Ұқсайтын ол күндердің әлдиге әні…
Жаным-ай, жарық таңдай бал дидары!
Көктемнің берген бағы көзден ұшып,
Өткеннің өкініші жан қинады!

Былтырғы қалпында емес биылғы бақ,
Сәуір де алып кеткен сыйын жырақ!
Көзіңмен көріп жүрген дүниеге,
Көңілдің сенуі де қиын бірақ…

Жоқ іздеп жүгіргендей белден белге,
Сенделіп түсіп кеттім сергелдеңге!
Күннен де жарық еді күлген жүзің,
Сен қандай бақытты едің мен келгенде!

Лепіріген қайран көңіл аласарып,
Білінді бал күндердің бағасы анық.
Мойныма асылушы ең шыдай алмай,
Есікті апыл-ғұпыл жаба салып!

Жалғанып үзілуде нешінші үміт?
Жалықтым өкінуден кеш ұмсынып…
Дәл қазір ештеңе де болмағанда,
Еркелеп жүрер едің есің шығып…

Жүректе дейсің бәрі сыр мен мұңның,
Елесі алаң-қамсыз жүрген күннің!
Түнімен қиналасың ұйықтай алмай,
Түсіңе келіп еді гүлмен кіргім…

Былтырғы қалпында емес биылғы бақ,
Сәуір де алып кеткен сыйын жырақ!
Көзіңмен көріп жүрген дүниеге,
Көңілдің сенуі де қиын бірақ…
Шынымды айтсам, жыр жинағымды оқырмандардың сұраулары бойынша шығардым. Ал, енді оның «Жүрегім» деп аталуының қарапайым ғана себебі, ондағы өлеңдер жүрегімнің жазбаша көшірмесі. Бүгінде ақындарға қолдау жақсы көрсетілуде. Тек ақындарды іріктеу жағы дұрыс жолға қойылмаған. Кітаптың шығуына қолдау көрсеткен бала күннен бірге өскен достарым.
— Бәрекелді! «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп жатамыз...Қалай ойлайсыз бүгінгі поэзияда цензура бар ма?
— Ақындар әр заманда шындықты, халықтың жай –күйін жырлаған. Әр ақын өз шығармасында белгілі бір мәселелерді көтеріп, ақиқатын айтып жатады. Біз қазір Құдайға шүкір, еркін елде тату-тәтті тұрып жатырмыз. Сондықтан да, еліміздің одан ары дамуы жолында, бірлігі жолында қызмет етуге тиіспіз.
— Рахат аға, сіздің көп өлеңдеріңіз лирикалық бағытта жазылған. Лириканы өзіңізше қалай түсінесіз?
— Менің жазып жүргендерім — жүрегімнің сөзі. Қағаз бетіне түскен сезім. Лирика – ол өте мөлдір әрі пәк! Мен тақырып таңдап, идея іздеп, ізденіп жазбаймын. Дәл қазір қандай күйде отырмын, соны қағаз бетіне түсіремін. Ең әдемі жыр-ол ең шынайы жыр.
— «Күндер өтті ала да құла не бір,
Не көрмеді жалғанда мына көңіл?
Бақыт беріп бір сынап көріп еді,
Мұң құштырып тағы да, сынады өмір» дейсіз… «Бақыт» дегенді қалай ойлайсыз? Өмірде «Әттеген-ай» деген сәттеріңіз болды ма?

— Бұл жалғанға келген әр адамның өзіндік атқаратын қызметі, өз миссиясы бар. Мен жылдар өткен сайын, өзімді өлең үшін жаралғандай сезінуім артып келеді. Сорым да бағым да осы өлеңнің айналасында. Менің бақытым, өлеңді пайдаланып атақ не болмаса сый-сияпат алу емес. Менің бақытым-жүрегімдегі сезімді со қалпы өлеңге айналдырып, өзге жүректерге жеткізу. Әттеген-ай әркімде бар болғандықтан, менде де бар! Көп!
— Қазіргі таңда «сүйдім- күйдім» деп, бір өлең жазып, ақын атанып жүргендерді көзіміз көріп жүр. Жалпы бүгінгі поэзияны қалай бағалайсыз?
— Поэзия еріккеннің ермегі емес. Өлеңнің өз ғажабы мен өз азабы бар. Оны ұйқасын үйлестіре салып, әдемі сөздерді тізбектеп шығу деп ойлайтындар оңбай қателеседі. Бүгінде ақын көп деп жатады. Шын мәнінде ақын өте аз. Жүрекке жетпейтін, бірді екілі шумақпен ақынмын деп жүргендер өте көп. Біз поэзияны қадірлесек, әр нәрсені өз атымен атап, әркімді өз орынынан көруіміз керек.
— «Әннің сөзі рухы да, ал әуені сүйегі» дейді. Осы уақытқа дейін қанша әндеріңіз жарыққа шықты?
— Мен әнін де сөзін де өзім жазған 4-5 ән, сонымен қатар мен мәтінін жазған 30 шақты әндер орындалып жүр. Олардың қатарында, Ақбота Керімбекова, Ердос Қанаев, Нұрсұлтан Батырқұлов, Жаңабай Өтегенов, Ерлан Малаев, Төреғали Төреәлі сияқты бірнеше әншілер бар. Еркін Нұржан, Мақсат Базарбаев тағы да басқа әншілермен жаңа әндер жазу үстіндеміз.
— Сіздің көп туындыларыңызды өзге атпен ғаламторда жарияланып жатқаның жиi байқаймыз. Плагиат жайында не дейсіз?
— Иә. Ондай жағдайлар бар. Бірақ, мен нақты бір туындымды сол беті өз атынан жариялап жіберіп жатқан бауыр-қарындастарыма еш ренжімеймін. Олар әдейі емес, байқамай солай болып жатыр деп ойлаймын. Ал, енді өлеңдегі идея, ойыңды, тың теңеулеріңді өңін айналдырып өз өлеңі етіп жіберуді қоштамаймын.
— Алдағы уақытта шығармашылық кеш беру жоспарыңызда жоқ па?
— Шынайы өлең сүйетін оқырмандарымды жинап алып, алдарында өлең оқығым келеді. Менің арманым сол. Көрерменді белгілі бір эстрада жұлдызының беделімен емес, өлеңмен жинағым келеді.
— Сұхбатыңызға үлкен рахмет! Жазар дүниеңіз көп болсын!
Әрі қарай

Балалар әдебиетіне жаңа кітаптар қосылды

Отандық балалар әдебиетіне жаңа кітаптар қосылды. «Алуан түсті балықтар және Дария», «Даниялдың ғажайып әлемі» деп аталатын екі кітаптың авторы — Амани Жан.
Үш тілде аудио нұсқасымен бірге жарыққа шыққан кітапқа автор он жыл көлемінде дайындалған екен. Әдеби шығарманы жарыққа шығарарда: редакторлар, аудармашылар, дизайнер, суретші, дубляж режиссері, дыбыс режиссері, композитор, көркемдік редактор, дыбыстаған әртістермен қосқанда жалпы саны жиырма шақты мамандар жұмыс жасағандықтан, бұл еңбектің сапалы шыққаны даусыз. Кітап меломан дүкендерінде сатылымға түсе бастады.

Әрі қарай

Әкемнің арманы

Әкемнің арманы
Ағам екеуміздің ортақ қызыл ағаштан жасалынған шағын ғана кітап сөреміз бар еді. Сол кітап сөресінде сапқа тұрған әскердей болып, қаз қатар тізілген алуан түрлі ертегілер, тарихи шығармалар, әңгімелер бас аяғы жүзден астам кітап
Әрі қарай

Киллер

Киллер сөзін бала кезімде кинолардан естіп, әйтеуір жақсы сөз емес екенін білгенмін. Кейін оқушы кезімде бұл сөздің "өлім, өлтіру" деген сөзден шыққанын ағылшын сабағынан білдім. Бірақ мен бұл сөздің мағанасын айқындағалы отырған жоқпын, Асқар Алтайдың «Киллер сауысқаны» жөнінде айтқалы отырмын. Бұл шығарманың мазмұнында жазбаймын, өздеріңіз оқып алыңыздар.
А.Алтайдың бұл туындысы өте тамаш және ерекше. Сауысқан киллер десе киллер екен. Шығарманың атын қоюда біраз ойланыпты жазушы. Содан баласы оқып шығып, сауысқаныңыз киллер екен дегенде, сол сөз ұнап қалып, «Киллер сауысқан» атанады шығарма.
Шығарма лирикалық шегініс негізінде жазылған. Бас кейіпкердің сауысқанды киллер етем деп, өзі өмірдің зардабын көруімен аяқталады.
Қазақ әдебиетіне фантастикалық элементтерді енгізіп жүрген жазушы А.Алтайдың «Киллер сауысқаны» оқушысына көөп нәрсені ұғындырады. Әсіресе ұлттық құндылық, қазақы наным, қазақы намыс. Кітаптар әлемі: Киллер
Әрі қарай

Блогерлер кітап оқи ма?

Арамызда жүрген блогерлер қазір кітап оқиды ма екен? Оқыса, қандай кітаптар оқиды? Қайдан оқиды?
Жалпы қазір қағаз кітапты оқитын адам сиреп барады, көбісі электронды нұсқасын оқиды. Кітапханаға ғылыми жобаға деректер іздеп баратындар болмаса, ешкім өздігінен көркем әдебиет іздеп баратындар жоқ сияқты.
Мына сауалнаманы көріңізші, кітап оқитындар да азайып барады
Әрі қарай

Талмұт

Кештің бірінде көшеде үлкен ошақ болып от лаулап жанғанын көруге болады. Ошақ қасында төбе болып кітаптар үйіліп жатыр. Әртүрлі ғылым жазылған сан-алуан кітаптар. Кітаптармен лаулаған ошақ ортасында кәрі адамның отырғаны байқалады. Ол кітап үйіндісіне қолын созып іліккенін қолына алады. Кітапты қақ ортасынан жарып қос бет парақтағы жазуларға көзін жүгіртеді. Одан кейін кітап беттерін жауып отқа лақтырады. Осылайша кітаптар отқа түскенде бір — ақ сөз қайталанады:
-Талмұт!, — деп.
Отың жарығы жетпеді ме, көздің өткірлігі кетті ме белгісіз. Маңыздысы — шал кітап бетіндегі жазғанды оқи алмапты.
-О қараңғы шал! Не істедің?, — деп оны аяма, сұра ма. Шал болса әр кітаптың бетінде жазылғанын жатқа білетін. Жатқа білгенімен анда-санда қайталап оқитын. Осы жолы да қайталап оқығысы келді. Бірақ кітаптардағы жазулар оқылмады өйткені сөздер — сөздердің үстіне шыққандай, сөздегі әріптер өздігінен орнын ауыстырғандай көрінді.
Әрі қарай

Адам санасын "илеу" әдістері

(Жалғасы. Басы мұнда)

Сана мен сезім: Адам санасын илеу әдістері

НаЁбін тапса, адамдар бірінің миын бірі еш ескертусіз арттан айдап отыруды сөлекет көрмеген.
Бұл бөлімде біз маңдайына бір қой лох болу жазылған адамдардың сорлы күйіне келіспеген Джордж Саймон, Брейкер ханым деген пақырларыңыздың келтірген адам санасын бағындыру әдістеріне арнайы тоқталсақ дейміз.

Бұл әдістерді тек отбасы-ошақ қасы кеңес бергіштер емес, сырласып тұрып сабынын сатып кететін Әріплеймшілерден бастап, мұңдасып отырып мобилаңды қағып кекететін метла тілді мәмбеттерге дейін қолданады. Кейбірін тіпті өзіңіз қолдануыңыз мүмкін. Қызық па? Ендеше қысылмай қолыңызға анау тұрған 80 ваттық шырақты алып, әрі қарай оқыңыз — адам санасының қараңғы жертөлесіне бірге үңілейік!

Әрі қарай