Жарнама патшалары

Телевидениеде істегесін видео, кино, жарнама деген нәрселерге әрдайым құлағым түрік. Қай-қайсысының да өзгеге ұқсамайтын, ерекше талғаммен жасалғандарын қайта-қайта қарап, тамсанамын да жүремін. Бірақ, бүгінгі әңгіме жай ғана жарнама емес, нағыз өнер турасында болмақ.
Әрі қарай

«TAARE ZAMEEN PAR» КИНОСЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?

Бұл қай кино деп ойлайсыз? Әлбетте, сіз бұл киноны көрген де боларсыз. Алайда ресми атауына мән бермеген шығарсыз. Негізі, тақырыпта орысша атауын жазайын деген едім, бірақ орыстардың киносы болмаған соң негізгі атауын жаздым. Бір жағынан, осы киноны жарыққа шығарған ұжымға деген құрметім де себеп шығар.
Блог - qonyrbai: «TAARE ZAMEEN PAR» КИНОСЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?
Бұл – «Звездочки на Земле» деген Әмірхан (Aamir Hussain Khan) түсірген үндінің киносы. Бұл кинодан Шах Рукх Кханның жылағанын, махаббат сезімін көрмейсіз. Керісінше, Болливудтың басқа да маңызды адамзаттық тақырыптарға кино түсіре алатынына көзіңізді жеткізесіз. Кино 2007 жылы 21 желтоқсанда, мен тоғызыншы класты бітірген кезімде, түсірілген екен. Интернетім болмады ғой сол жылдары. Бұл киноның сценариін Amol Gupte жазған. Мен бұл кісіні әйел адам деп ойлағам. Сөйтсем, еркек екен ғой.Неге сценаристі (screenwriter) бірінші кезекте жаздыңыз десеңіз, кез келген кино сценари(й)ден басталады. Әрине, сценарий идеядан басталады дейтін боларсыз. Бірақ идея сценарий боп жазылмаса, ешқандай да кино түсірілмейді ғой. Киноның режиссері (director) Aamir Khan. Оны үндінің басқа да киноларынан көрдіңіздер, танисыздар. Тағы айтатыным, продюсерден (producer) не пайда киноны түсіретін режиссері болмаса?! Зіл әзіл ғой, продюсері де осы жігіт. Бұл кинода Әмірхан басты рөлде ойнайды. Сондықтан екінші кезектегі режиссер Amol Gupte болады. Әлбетте, бұл киноны түсірген ұжымда операторы, суретшісі, монтаждаушысы, композиторы бар. Олардың есімдерін жазатын болсам, өмірбаянын іздеп, блогқа жазуыма тура келеді.

«Taare Zameen Par» («Звездочки на Земле») АҚШ-та 1 223 869 долларды жинаса, әлем бойынша 20 673 504 доллар жинаған екен. Бұл киноны көруге 165 минут уақытыңыз кетеді. Қысқаша мазмұны былай: 8 жасар Ишан Авасти «біртүрлі» боп туылған. Басқа балалардың ешбір қиындықсыз жасайтын нәрселерін бұл бала оңайлықпен жасай алмайды. Мектебінде үшінші рет орнында қалып, келесі класқа өтпейді. Содан қатал әкесі ашуланып, Ишанды мектеп-интернатқа жібереді. Интернаттың өмірі бәрімізге жақсы таныс қой. Сөйтіп, Ишан әке-шешесіне қатты ренжіп, өкпелеп қалады. Тіптен, ешкіммен сөйлеспей қояды. Бір күні сурет сабағынан қызметке уақытша орналасқан жас мұғалім Рам Никум келеді де, баланың түсінігін, өмірін өзгертуге себепкер болады. Әлбетте, ешқандай да сиқыр, 3D эффект, фантастика жоқ.

Енді осы киноның режиссері мен продюсері жөнінде жазатын болсам, Әмірхан (Aamir Khan) 1965 жылы Бомбейде туылған. Әкесі Tahir Hussain продюсер әрі ақын болған. Көкесі Nasir Hussain де режиссер болған екен. Әулеттен Әбіл Қалам Азат деген саясаткер, ғалым шыққан екен. 1947-1958 жылдары Үндістанның білім министрі болған. Әмірханға осы кісінің себі көп тиген-ді. Әмірхан үндінің көптеген киноларында ойнаған. 2001 жылы «Lagaan: Once Upon a Time in India», 2008 жылы «Jaane Tu», 2009 жылы «Delhi Belly», ал 2010 жылы «Peepli Live» киноларының продюсері болған. Тек бір киноның ғана сценариін 1993 жылы жазған екен: «Hum Hain Rahi Pyar Ke».
Блог - qonyrbai: «TAARE ZAMEEN PAR» КИНОСЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?
Ал Amol Gupte үндінің сценаристі, актері, режиссері екен. Байқаған адам біледі, Болливудта актерлардың көбісі режиссер, продюсер, сценарист болып келеді. Мен сөз етіп отырған киноның сценариін әйелі Deepa Bhatiaмен бірге жазған екен. Қазіргі кезде Amol Gupte Үндістанның балалар кино ұйымының директоры болып қызмет етеді.
Блог - qonyrbai: «TAARE ZAMEEN PAR» КИНОСЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?
Қорыта айтсам, бұл кино маған өте қатты ұнады. Осыған ұқсас киноны ешбір жерден көрмеппін. Әлбетте, киноның ішіне кіріп кеткен адам емеспін. Сондықтан осы киноға ұқсас кинолар бар шығар. Кино десе асын да ішпейтін адамдар білетін шығар. Бұл киноны кешегі жылы шықты деп жүрсем, «баяғы заманда» шығып қойыпты. Бәлкім, бұл киноны көрген де боларсыз. Көрмеген болсаңыз, қарап көріңіз. Айтқандай, киноның айтар сөзі: «Әрбір баланың өзінше қабілеті бар». Балаларға ұрыса беруге де болмайды. Балаңызды құшақтап, ойнатып, еркелетіп, дұрыс тәрбие беріңіз. Балалар мейірімге мұқтаж жандар ғой.
Әрі қарай

«31 арна» романтикалық шытырман оқиғалардың тұңғиығына сүңгуге және өткен заманға саяхат жасауға шақырады!

12 сәуір күнгі шытырман оқиғаға толы кинокөрсетілім – сенбілік кешті көңілді әрі қызықты өткізуге таптырмас мүмкіндік. Эфирде нон-стоп режиміндегі қатарынан үш фильм.

Блог - 31arna: «31 арна» романтикалық шытырман оқиғалардың тұңғиығына сүңгуге және өткен заманға саяхат жасауға шақырады!
Әрі қарай

Ұлы адамның үйіне барма, үнін есті

Блог - Kipshakkyzy: Ұлы адамның үйіне барма, үнін есті
Бүгін дәрісте Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті Ғази Мұстафа Кемал Ататүріктің балалық шағынан бастап оның қайраткерлік қызметі, жеке өмірі, қайтыс болған шағына дейін баяндалған көркем фильм көрдік. Фильмнің аты «Қоштасу». Мелодрама жанрында түсірілген.
Менің таңқалатыным, түрік тарихында көптеген билеуші сұлтандар бар. Алайда Мұстафа Кемал Ататүріктің орыны түрік бауырлар үшін орыны ерекше. Қай жерге барсаң да Ататүрік ескерткіші, Ататүрік суреттері. Лауазымды адамдардың кабинетімен мемлекеттік мекемелерді санамағанда әр дәрісханада, әрбір жатақханада, жатакхана комендантының кабинетінде де Ататүріктің суреті мен оның түрік жастарына қалдырған өсиетін және әнұранды көруге болады. Көпшілігінің жалпы осыған дейін там-тұмдап болса да Ататүрік жайында хабарымыздың болғаны анық. Оның тізбектеп толық өмірбаянын айтып отырмай-ақ қояйын. Алайда өмірде болған оқиғаның желісі бойынша түсірілген бұл фильмнен көп мәлімет алуға болады. Оқиға барысы бала кезінен бері келе жатқан жан досының хатқа түсірген жазбалары бойынша баяндалады.

Бала Мұстафаның әкесі Әли Риза Ефенді ерте өмірден өтіп, анасы Зүбейде ханым екінші рет басқа біреумен тұрмыс құрады. Анасына өкпелеген Мұстафа үйден кетіп қалып Манастрде әскери мектепте оқиды.
Көркем фильм Мұстафа Кемалдың соғыс жылдарындағы қайраткерлік қызметін барынша көрсетуге тырысқан. Жан-жақтағы шегір көздер мен жегір көзді жаудың ортасында қалған Түркияны азат етудегі ерлігі мен ескі дәстүрді дәріптеген Османлы империясының ыдырауы кезіндегі оқиғалар тізбектеледі.
Блог - Kipshakkyzy: Ұлы адамның үйіне барма, үнін есті
Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарған Мұстафа Кемал өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсетеді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды сәтті орындап Бірінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңында атақ-даңққа ие болады. Осман империясының соғыста жеңіліп, ақыр соңында ыдырайтынын әлдеқашан болжап қойған еді. Антанта тарапынан империяны әлсіретіп, ел іші бөлшектене бастағаннан кейін Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын құра бастайды. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласады. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырып, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтарып тастайды.
Фильмде Мұстафа Кемалға ғашық болған Фикрие ханымның рөлі өте сәтті шыққан бейне. Фикрие – Мұстафа Кемалдың анасы Зүбейде ханымның екінші жолдасы Рагып мырзаның бауырының қызы. Ағалы-қарындас болып жүрген екеуінің арасында кештің бір күнінде түсініксіз сезім оянады. Сол күннен бастап Фикрие «ағаның» орнына Мұстафаны «пашам» деп атайды. Түбіркүлезге шалдыққан Фикрие Мюнхенге емделуге кетеді. Ататүріктің Ләтифе деген әйелге үйленгенін естіген Фикрие Ататүріктің үй-жайына оралады. Алайда Ләтифе Мұстафа Кемалге кездестірмей үйдегі қызметшілерге бұйрық беріп қуып шығады. Алайда Фикрие Мұстафа Кемалдың үйінің алдында өз-өзіне қол жұмсайды. Мұстафа Кемал бұл оқиғаға көп уақытқа дейін қайғырып жүреді.
Еуропаша білім алған Ләтифаға үйленуге Мұстафаның анасы әу баста қарсы болған еді. Уақыт өте келе бұған өзінің де көзі жете бастайды. Небәрі үш жыл ғана отасып ол әйелден ажырайды. «Ұлы адамның үйіне барма, үнін есті» деген сөз осындайдан шықса керек.
Блог - Kipshakkyzy: Ұлы адамның үйіне барма, үнін есті

Ататүріктің ұрпағы неге жоқ? Әлде көптеген ұлы адамдардың артында ұрпақ қалмайтыны өмірдің заңдылығы ма екен. Бақытсыз неке, уақытылы отбасын құрмау, қайраткерлік қызметте жүру дейміз бе. Мен оқытушыдан сұрағанымда ол былай деп жауап берді: «Ататүрік – түм түріктің идеалы. Егер оның артында ұрпағы қалса, бүгінгі күні оның ұрпақтарына сын көзбен қарайтын еді». Бұл сөзден Ататүріктің балаларды қаламағанын түсінесің. Шынайы өмірде жеті қыз бен бір ұл асырап алғанын тарихи деректер растайды.

Мұстафа Кемал Ататүріктің арманы – Түркия мемлекетін осы заманғы, демократиялық және зайырлы ұлттық мемлекет етіп құру болатын.Оның бұл арманы орындалды.
Егер қызықтап қараймын десеңіздер, интернетте орысша субтитрмен берілген нұсқасы да бар.
Әрі қарай

Жер бетіндегі жұлдыздар...

Менің сіздерге ұсынайын деп отырған фильмім Үнді елінің туындысы. 2007-ші жылы көрермендерге жол тартқан екен. Көбіміз бұл елдің киноларын дікс-дікс музыкамен, бимен және діш-діш төбелеспен көз алдымызға елестетеріміз хақ. Бірақ, бұл елде кәдімгідей, көруге тұрарлық кинолар жеткілікті. Соның бірі, бірі емес-ау бірегейі«Звездочки на земле» фильмі.
Режиссері Аамир Кхан деген жігіт. Басты рөлдің бірін, яғни, мұғалімнің рөлін де өзі ойнайды.
Туынды мектеп, бала, ұстаз, ата-ана арасындағы оқиғалар желісінен құралған. БІр қарасаңыз оқушылар мен ұстаздар жайлы кинолар көп қой. Бірақ, бұл ол кинолардан мүлдем бөлек.
Сіз көретін бір кино: Жер бетіндегі жұлдыздар...8 жасар Ишан дислекция ауруымен аурады. Оған мектептегі бағдарламаларды игеру өте қиын. Бүгін үйренгенін бүгін ұмытып қалатын бала. Ишан (Даршил Сафари) мектептегі емтиханнан үшінші мәрте құлаған кезінде әкесі оны арнайы мектеп-интернатқа тапсыруды жөн санайды. (Айта кететін бір жайт бұл отбасының тұңғыш ұлы өте жақсы оқиды. Әкесі оны мақтан тұтады.) Бұдан, Ишанда барлығы жақсы болып кетті дей алмаймыз. Өзі екі сағаттан әжептеуір асатын үнді киносының 30 минутқа жуығы осы оқиғалармен өрбиді. Іш пыстырады деп айтпас едім дегенменен. 40шы минуттарда интернатта жаңа мұғалім пайда болады. Мұғалімнің өзге әріптестерінен ерекшелігі сол әр балаға жекелей назар аудара алатын. Ишанның біртоға, ешкіммен араласпайтынын көрген Рам бұның себептерін анықтауға кірісіеді.
Әрі қарай

Көне әндер

Біз де жас болғанбыз демекші, 80-жылдардың соңы, 90-жылдардың басы кезінде өліп-талып тыңдаған хиттарымызды ұсынып отырмын, әрине, бұл тізімге бәрі кірмеді, кезінде жеке өзіме ұнағандары ғана, қазір қарап отырсам, "әлжуаз романтиканың" табы бар секілді…

Әрі қарай

Аль Пачино: "Біз-өз әдеттеріміздің құлымыз!"

Киностан: Аль Пачино: Біз-өз әдеттеріміздің құлымыз!
Туған кезде берілген есімі: Альфредо Джеймс Пачино
Актер, 73 жаста, Нью-Йорк

Сізге бір оқиға айтып берейін. Бейсбол ойынын көруге барғым келді. Жалпы бейсболға барғанды жақсы көремін, сонау үш жасымда да атама еріп, жұрт қатарлы ойынды тамашалап, рахат алып қайтатынмын. Ал, қазір олай болмайды. Алаңға келіп, орныма отыра бергенімде таблоға менің атым жазылып шыға келеді. Мұны ақымақтыққа санамаймын, өйткені адамдар осылай ғой. Сол жолы өзгерек болды. Ойын күндіз еді, ал кешке бір жаққа баруым керек. Сондықтан алаңға ертерек келіп, дене қыздыру жаттығуларын қарап, бір-екі иннингті тамашалап, қайтып кетпек боп шештім. Қателігім сол, жаныма еріп баратын әйелдің де менің өзім сияқты танымал екендігін ескермеппін. Ойынға келіп, көлігімнен түсіп, күзетшіме «Багажниктен ескі-құсқы кепка табыла ма?» дедім. Ол қарап шығып, бір кепка мен көзілдірік алып шықты, сөйтіп: «Ей, Аль, мұнда не жатқанын қарашы! Ескі сақал бар екен!» дейді. Сақалды жапсырып алдым. Сол сәтте не ойлап алғанымды білмеймін. Бар ойым — жұрт көзіне түспеу болатын. Ойын басталды, отырмын. Бір кезде
Әрі қарай

Қол жеткізсем саған...



«Дотинуться до тебя»-бұл Корей елінің шығарған фильмі.Үйде жалғыз өзім болғандықтан, не істерімді білмей отырдым.
Содан кино қарауды жөн көрдім.Киноны қарағаныма еш өкінбеймін.Өте қызықты, мағынасы бар кино.Кино туралы қысқаша баяндап кетейін.
Бұл кинода басты рөлді Савако ойнайды.Сыныбында өте жай, көп үндемейтін қыз.Бастауыш сыныпта мен дәл сондай болғанмын.))Тссс… Ешкімге айтып қоймаңыз.Сонымен ол қызды сыныбында «Садако»-деп атап кетеді.Ол сол лақап атқа үйреніп кетеді.Кейде сыныптастарына үй тапсырмасын орындап береді.Әйтсе де, ол сыныбында оларға жақсы қыз болып көрінетіндей достар табады. Олардың есімдері: Кадзэхая, Яно, Ёсида, Рю.Кадзэхая ол Саваконы сыныптағы ол туралы қауесеттерге қарамастан, оның шынайлығына, ақ жарқындылығына, мейірімділігіне ғашық болады.Жалпы, бұл кино өзін жалғызбын деп ойлап жүрген қызды, яғни, Савакоға ол жалғыз емес екенін, ол өте жақсы қыз екенін көрсетеді.Сондай-ақ,әлемге жарқын көзбен қарау екенін үйретеді.Міне, солай...!

Осы сілтеме арқылы көруге болады.http://kino-v-online.tv/3327-dotyanutsya-do-tebya-online-film.html

Көтеріңкі көңіл күй тілеймін! Тамашалаңыз!!
Әрі қарай