Божая каропка

Бала кезіңіз ауылда өтсе божая каропканы( қызғылт, сарғылт, ақшыл түсті (басқа да түстері болады екен, мен осыларды ғана көрдім) арқасында теңбілдері бар қанатты қоңыз) (божья коровка) білмеуіңіз мүмкін емес. Кей жақтарда «Хан қызы» деп айтып жатады.Әйтеуір ұстап алып «Ханның үйіне бар, ханның үйіне бар» деп айқайлап ұшырып жіберетінбіз. Мұрынымызда ақ боз ат пен көк боз ат қатар шауып жүрген кездері бұл жәндік жайлы «неге божая каропка, каропкаға ұқсайтын жері жоқ қой» деп ойлайтынбыз. Сөйтсек бұл божья коровка екен ғой.«Божьясының» себебі, бұл қоңызды ешкімге зияны жоқ, қорғансыз, өз-өзімен тіршілік етушілер қатарынан екендігінен және көрген адамның есінде қалатындай кейіпінің барлығынан болса керек. Әйтеуір, бұл жәндікті білетін елдердің көбінде атауын құдайға немесе әулие-әнбиелерге бағыттап қойған екен. «Коровкасының» сыры бұл қоңыз өзінің жауларынан сақтану мақсатында аяқт буындары арасынан сүт түстес сұйықтық бөледі екен. Кезінде адамдар сол сұйықтықпты ауырған тістеріне жаққан да екен. Әсері жайлы мәліметтер жоқ секілді. Осы тектес шыбын-шіркей, ұсақ жәндіктермен қоректенетін құстар үшін Хан қызының сұйықтығы өзінің жеуге жарамсыз екенін білдіретін белгі болса керекті. Арақты ішуге болмайтынын білсе де ішетін адамдардың барлығы секілді оны жеуге болмайтыны білсе де жеп қоятын құстардың да табылуы заңдылық. Бірақ, ол байғұстардың өңеші (тамағы" күйіп қалады екен.
Әлемде 5000 нан астам Хан қызының түрлері бар екен.
Әрі қарай

Бұл не жәндік?


«Әлемде талай қызық бар» деген В.Мезенцевтің кітабы бар еді ғой, бұл жәндікті одан да кездестірген жоқпын. Білетіндер «дүниеде тіршілік етеді» деседі. Егер осы жәндіктің қазақша атауын тауып беретіндер бар болса «сыйлық» бар.… деееп бөсіп отырсам ә?!
Әрі қарай

Шыбынтайдың немересі

Шыбынтайдың немересі Сіздерге мынадай кеңес береді:

Жұмыста ішіңіз пісіп кетсе...қарап отырмаңыз ермек табылады.
1. Бірнеше шыбынды тірідей ұстап ал немесе өлтір
2. Күнге қойып кептір
3. Кебе салысымен, қарындашпен қағазды қолыңа ал да… Шығармашылық шабытыңды дүрілдет

Міне саған бірнеше дайын мысал…
шыбын парад
Әрі қарай

Әлемдегі ең үлкен бөжектер!

дәу қоңыз
Осы таңдамалы суреттерді үйдегі балақайларға көрсетіп едім, қараған сәтте үркіп кетті, содан соң қатты таң қалды… Бөжей келе жатыр дегенде естеріне осы бөжектер түсетін болар енді )))
Әрі қарай

2010 жылы ғылымға белгілі болған ең қызықты жануар-жәндіктердің ондығы (+сурет)

Мен оқыған дерек көзіне сенсек бұл тірі жан иелері 2010 жылы ашылыпты. Өзіме қызық болған соң, Сіздермен де бөлісе кетейін дедім. Тек әке-шешеден боқтамасаңыздар болды.

Сонымен:

Блог - qisyq: 2010 жылы ғылымға белгілі болған ең қызықты жануар-жәндіктердің ондығы (+сурет)

1. Tyrannobdella rex сүлігі, Амазония өзендерінде кездеседі. Бұл жәндік өзі кішкентай болса да (ұзындығы небәрі 7 см), ірі, үлкен тістерге ие, сондықтан оған планетадағы ең жыртқыш динозавр тираннозаврдың атауына ұқсас ат берілді.

Блог - qisyq: 2010 жылы ғылымға белгілі болған ең қызықты жануар-жәндіктердің ондығы (+сурет)
Әрі қарай