Стажер болғым келмейді

Жұмыссыздық. Бұл құбылыс қанаты қатпаған жасқа да, тіс қаққан маманға да тән. Неге?
Енді оқу бітірген жас маман иелері үшін ең бірінші алынбас белес – тәжірибе. Қайда барсаң да қызмет өтілін сұрайтыны жасырын емес. Сонда, еш жерге жұмысқа алмаса оған тәжірибе қайдан келеді? Осы күні көсемсіп отырғандардың бәрі аяғы аспаннан салбырап бәрін біліп түсе салды ма екен? Өз басымнан өткен соң айтамын. Қазір де өзгеріп жатқаны шамалы сияқты.
Осыдан 1-2 ай бұрын биыл оқу бітірген інім келді. Жұмыс істемекші. Құп көрдік. Ал енді жұмыс тапсашы. Мамандығы – биотехнология. Қазір сұранысқа ие, мамандар тапшы деген соң сонда түсіргенбіз бәріміз үгіттеп. Енді міне. Ашқан есігінің бәрі «опытың бар ма?» дейтін көрінеді. Ең құрыса стажер қылып алса ғой дедік сол кезде. Стажер дегеннен шығады. Қазір стажировка деп айлап, жылдап салпаңдатып жүгіртетіндер де жоқ емес. Әрине, әр мекеме өзіне қажетті қызметкерді алғысы келеді. Сынап тексергені дұрыс. Жүгіртсін. Алайда, ақшасын төлесе жөн ғой. Бұл туралы заңда анық етіп көрсетілген. www.youtube.com/watch?v=DcfSlUqO1hg
Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер де осы тұрғыда көп заңсыздықтар кететінін айтып отыр.
Бірақ, бізде не айтылмай жатыр дейсің…
Әрі қарай

Сізді жұмыстан суытатын қызметкерлер түрлері және сипаттамалары


Бұл жазба студенттік өмірдің кайфынан әлі арыла алмай, шын өмірдің ауыртпалығына әлі кірісе алмай жүрген экс-студенттерге немесе жаңадан жұмыс іздеушілерге арналады. Жаз бойы алдымен таныс іздейсің, резюме тастайсың. Сосын бір күні хабар келеді пәленше деген жермен сөйлесіп қойдым, ертеңнен бастап кіріс деген. Сонымен басталады жаңа өмір, жаңа жұмыс, жаңа орта. Әдбетте басында қиналасың, жұмыс ұнамайды бастапқыда. Жұмыстағы адамдар да бір түрлі көрінеді. Сөйлесіп кетуге қиналып жүресің. Жұмыста да жақсы адамдар мен жаман адамдар болады. Әңгіме осы жаман адамдар туралы болмақ. Бұл адамдардан алыс болғаның жөн. Көп араласпа.

1. Беліне шәлі байлаған әйел
Мұндай адам нағыз кеңсе монстры! Шәлі оның дене мүшесі деуге болады. Онымен бірге өмір сүреді.
Әрі қарай

Жұмыстағы "Жазғы сылбырлық"

Өндірістік жұмыс орындарында жыл мезгілінің қайсысы болса да қыз-қыз жұмыс қайнап жатады. Біздің жұмыста олай емес. Жаз шықса ішің пысады. Барлық оркестрлердің концерттік маусымдары жабылған. Артисттер жаппай демалысқа кетіп жатыр.Әкімшіліктегілер ғана жүреді әйтеуір 9-дан 6-ға дейін.
«Жазғы сылбырлық» бастықтарды да айналып өтпейді. Біреуі өз шаруаларымен біраз күнге сұранып кеткен. Тікелей жоғары бастығымыз 11сіз келе қоймайды жұмысқа. «Евро-2012» басталғалы 0нда келіп жүрмін жұмысқа. Ешкім ұрыспайд, рахат. Квартал соңындағы премиядан дәмеміз бар сөйтіп жүріп)))
Әрі қарай

Керемет, бірақ ыңғайсыздау жұмыс!

Жақында бір сыныптасым кездесіп қалды. Аман-саулық сұрасқаннан соң не кәсіппен айналысып жатқанын сұраған едім…
— Ауылда жұмыс жоқ. Қалаға келіп, әупірімдеп жүріп «говновозға» (боқ соратын мәшине) жүргізуші болып жұмысқа тұрдым. Жаман емес, тіпті жақсы жұмыс екен ғой. Күніне жалақыдан бөлек 4000-5000 теңге «шабашка» жасап тұрамын. Тек… бір жаман жері бар екен… «Брат, қаншаға сорасың?» — деп сұрайтыны…
Әрі қарай

Әскерге барғың келмесе...

"Қарап отырғанша жалап отыр" деп жігіті қызға балмұздақ алып беріпті. Сол секілді осынау айтулы күнді пайдаланып мынандай бір әңгіменің шетін шығарайын. Қазір әскерге бару үшін де, қалу үшін де ақша беретін заман екені екінің біріне аян. Бұл әскерге кеткеннің бәрі ақшамен кетті деген сөз емес бірақта. Әскерге баратын дер шағынан өтіп кеткен, оқуын бітіріп жұмысқа орналасқан жігіттер кей кездері өз әскери комиссариатының белді біреуімен келіссөзге отырады. Келісілген сомманың жартысын әлгіге бересің, ол сенің «делоңды» алады да үйіне апара салады. 27-ге толғанда әлгіге хабарласасың. Өліп қалмаса келісілгендей қолыңа әскери билетіңді ұстата салады. Сен қалған соммаңды беріп оны риза қыласың. Қолыңда әскери билет,27-ге келгенге дейін ешкім мазаламағанына мәзсің.
Әрі қарай

"Адамдар-ай, адамдар!". Акт #2. Ызалы кәсіпкер.

«Анаған 60 мың кетсе, мынаған әрі кеткенде — 100 мың кетсе, лібәәә — қалтада бәрібір 200 мың қалад!». Бұл менің ойым. Бір хабарландыру бойынша бара жатқандағы.

Өткенде газетте хабарландыру қарап отырып, осы жұмыс туралы оқығанмын. Тап менің опцияларымды жазып қойыпты!!! Жалақысы — 450 мың, соцпакет-бичпакет — барлығы ішінде! Резюмемді жіберіп едім, лібәәәә — тез жет, ептібайымайд деді.

Барсам — көт тоймайтын херемет офис екен. Хатшы да жоқ: бірден бастық қарсы алды. Салған
Әрі қарай

Қайыпомар Рәдішев. "Ауылдан Астанаға саяхат" - Акт #2. Стинг. (үйрек қалпында)

«Мағынасыз, даңғаза жиындар мен конференцияларды доғарыңдар!». © ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев

(Жалғасы. Басы — Қайыпомар Рәдішев. «Ауылдан Астанаға саяхат» — Акт #1. Министрліктер Үйі)

— Ана Леон-киллердегі кісі бар емес пе?

— Жан Рено ма?

— Жоқ лібә, әнебір ше?

-Қайсы?
Әрі қарай