​Балаңызға қандай ата-ана болып жүрсіз?

«Мен қандай әкемін (анамын)?» Бұл сұрақ сізді толғандыра ма? Жауабын білгіңіз келсе,…

«Мен қандай әкемін (анамын)?» Бұл сұрақ сізді толғандыра ма? Жауабын білгіңіз келсе, алдымен өз әрекеттеріңізді, балаңызбен арада қалыптасқан қарым-қатынасты саралап көріңіз. Қосымша астрологтардың сипаттамасын да ескеруге болады.

Тоқты
Тоқты әке балаларын шексіз жақсы көреді әрі оларды мақтан тұтады. Кез келген баланың тілін оңай табады, жақсы түсініседі, досы әрі кеңесшісі бола алады. Ал, Тоқты аналар көбінде қатаң принциптерді ұстанады. Ұл-қыздарының айтқанын екі етпеуін қалайды. Оларға өзгелерді емес, өзін бақылауға алып, аздап сабырлылықты үйренген дұрыс болар еді. Оған қоса, барлық жағынан бірінші болуды қалайтын Тоқты әйелдер өзгемен сайысса да, өз баласымен бәсекелес болмағаны жөн. Көбірек еркіндік беріп, өз жолын өзіне таңдату да олардың ақсап жатқан осал тұсы.

Торпақ
Торпақ-әкелер балаларға көп көңіл бөледі, сөйте тұра, көп нәрсе талап етеді. Өздері адалдық, шыншылдық, сенімділік үлгісін көрсете отырып, перзенттерін де осы қасиеттерге тәрбиелеуді мақсат тұтады. Торпақ аналар болса қамқор, сабырлы, асығыстыққа бой алдырмайды. Олардың балаларының үнемі қарны тоқ, киімі таза жүреді. Аталған белгі аясындағылар ұл-қыздарын барынша материалист қылып өсіруге тырысады. Нәтижесінде балалары дүниеқор, есепшіл болып шығуы әбден мүмкін.

Егіздер
Егіздердің ері үшін де, әйелі үшін де ата-ана болудың жүгі ауыр. Олар өздеріне уақыт пен көңілді көп бөлетіндіктен, өзгелерге аз қалады. Есесіне, перзенттеріне еркіндік көбірек тиеді. Балаларына сенім арта алады, тең дәрежеде сөйлеседі. Алайда, бала тәрбиесіне келгенде аса ұқыпты емес. Сол себепті де балаларының тиісті құрмет көрсетпеуі оларды таң қалдырмауға тиіс.

Шаян
Әдетте, олардан жақсы ата-ана шығады. Шыдамды, баланы шексіз сүйетін, кез келген мәселесі мен қызығушылығына ортақ бола алатын ата-ана. Шаян-әкелер қыздарына өте жақын болып келеді. Дегенмен, артық махаббатпен баланы тұншықтыру қаупі де бар. Оларға шектен тыс алаңдап, соңы бала еркіндігін шектеуге жеткізуі мүмкін. Тағы бір кемшін тұсы — Шаян белгісіндегілер өмірлік серігінен баланы жоғары қояды. Бұл жеке өмірге кері әсерін тигізуі ықтимал.

Арыстан
Арыстандардың балажандығы сонша, оларды жақсы көргенде өзін ұмытады. Өсіп келе жатқан бала бойындағы еш кемшіліктерді байқамайды, салдарынан түзету де болмайды. Ұрпағын бар қажетімен қамтамасыз етуге барынша тырысады. Осының бәрінен соң ұл-қызы өзіне құрметсіздік көрсете қалса, оған төзбейді.

Бикеш
Бикештер — тумысынан жауапты, байсалды адамдар. Олар бала алдындағы ата-аналық міндеттеріне де үлкен жауапкершілікпен қарайды. Әсіресе, Бикеш-аналардың балаға деген қамқорлығы ерекше. Олардың қамын ойлап, тәртіп пен пайдалы әдеттерді бойларына сіңіруге көп күш салады. Алдымен пайдалы іс, содан соң барып ойын деген қағиданы қатаң ұстануды үйретеді. Ақыл-ой қабілетін жетілдіруді басты орынға қояды. Ал, Бикеш ерлерді «жақсы әке» деп бағалау қиындау. Балалардың шуы мен еркелігін көтере алмайды, тынымсыздығына шыдамы жетпейді.

Таразы
Олар баланы қаталдау тәрбиеде ұстайды. Адамдарды құрметтеуді, олармен тығыз байланыста болуды үйретеді. «Адамның күні адаммен» дегенді жастайынан ұқтырады. Таразы белгісіндегілер — үйдегі үйлесімділікке ұмтылады және оны орната да алады. Ұл-қызының шаруасына көп араласа бермейді, алайда тәртіп пен тазалық сақтау — балаларға қояр басты талабы. Бұл белгі аясындағы ата-аналар ішінде көпбалалылар сирек кездеседі.

Сарышаян
Әдетте, Сарышаяндар үлкен отбасының отағасы не отанасы болады. Көпбалалы болғанды ұнатқанымен, оларға үлкен отбасыны басқару, отбасылық гармония орнату қиынға түседі. Билік пен мансапты ұнататын Сарышаяндар перзенттеріне қатаң талаптар қояды. Себебі біреу — сол арқылы жетістікке жеткендерін көріп, мақтан тұту. Жас өскінмен қарым-қатынаста оларға жұмсақтық пен төзімділік жетіспейді. Сарышаянның шексіз атаққұмарлығы баласына да беріледі.

Оқи отырыңыз: 2019 жыл: Қаңтар айына арналған жұлдызжорамал

Мерген
Олар — тамаша ата-аналар. Отбасы мүшелерімен достық қарым-қатынас орнатып, баламен жақсы тіл табыса алады. Сөз және іс көмегін аямайды. Ата-аналық міндетін атқару оларға түк те қиындық туғызбайды. Қонақжай Мергендердің үйінде алыстан келген туыстар ғана емес, көрші-көлемнің балалары да у-шу болып жатады.

Тауешкі
Олар үшін тиянақтылық, тұрақтылық, тәртіп пен реттілік бірінші орында. Үй-тұрмыс пен отбасылық істерге қатысты шешім қабылдауда түйсікке көп сүйенеді. Бала тәрбиесінде ескіден келе жатқан дәстүрлі тәсілдерге сенім артады. Отбасы мүшелерінің басын жиі қосып, отбасылық дәстүрлерге құрметпен қарайды. Тауешкі ата-аналарға баламен қарым-қатынаста сезімталдық жетіспей жатады. Сол себепті де жақын досына айналу, олардың мәселелері мен сырына қанығу қиынға түседі.

Суқұйғыш
Суқұйғыш белгісіндегі ата-аналар үйде шығармашыл, жылы шырайлы достық атмосферасын орната алады. Ұл-қызына еркіндік беріп, дербестікке, өз бетінше әрекет етуге баулиды. Тең дәрежеде сөйлеседі. Олардың бойындағы кең қызығушылық шеңбері балаларына да сіңеді. Мұндай ата-ананың бала алдында беделі биік, сенімге ие. Өзара түсіністік пен жылы қарым-қатынас орната біледі.

Балықтар
Балықтар — қамқор, ұқыпты ата-аналар. Балаға қаталдық таныта алмайды, асты-үстіне түсіп мәпелейді. Бала-шағаның еркелігі мен өтінішіне «жоқ» дей алмай, бар айтқанын орындаумен әлек болады. Ол үшін қандай да бір құрбандыққа бару қажет болса, барады. Баланың тұлғалық және рухани дамуына баса мән береді. Оған қоса, өзі бала кезінде қол жеткізе алмаған армандарын ұл-қызының балалық шағында жүзеге асыруға тырысады.

Оқи отырыңыз: Үй шаруасымен қатар жаттығу да жасай жүріңіз

Аударған: А.Бектұрғанова, ERNUR.KZ

2019 жыл: ақпан айына арналған жұлдызжорамал

Алдағы ай Сіз үшін қандай болмақ? Ақпанда не күтіп тұр? Неден сақтанып, қай істі қолға алған дұрыс? Басты назарды неге аудару керек? Өміріңізде қандай өзгерістер орын алуы мүмкін? Сан сұрақтың жауабы бір ғана жұлдызжорамалда. Ол — Ай секілді. Не болары белгісіз болашақтың қараңғылығына жарық сәуле түсіріп, жол көрсетеді.

Тоқты
Ақпан — Сіз үшін сәтті ай. Әсіресе, 10-25 жұлдыздары аралығында сәттілік айнымас серігіңіз болады. Айналаңызды пікірлес әрі тілеулес жандар қоршайды. Соның арқасында өзіңізді сенімді әрі мықты сезінесіз. Бұл уақыт — жаңа бастаманы, үлкен жобаларды қолға алуға ең қолайлы кезең. Сеніңіз, тау қопармасаңыз да, біршама мықты іргетас қалайсыз.

Торпақ
Қызмет бабы тұрғысынан алғанда, өміріңізде үйлесімділік орнайды. Табысыңыз артады. Тек, ол үшін үйреншікті шекарадан әрірек аттап, тиісті шағында тәуекел ете алсаңыз болғаны. Бұл үшін біршама күш жұмсау керек, әлбетте. Өз бастамаларыңызға, күшіңізге сеніп, уақыт пен тер төгуден аянбасаңыз, сәттілік міндетті түрде серігіңізге айналады.

Егіздер
Ақпандағы бос уақытыңыздың көп бөлігін өзіңізді дамытуға жұмсаңыз. Жаңа таныстықтар мен жаңа жерлерді тануға ұмтылыңыз. Себебі, бұл ай Сізге білім алуға, таным көкжиегін кеңейтуге аса қолайлы болғалы тұр. Өзіңізді тұлғалық және рухани дамыту жағынан біршама биікке көтересіз. Бұл өсу, әлбетте, кейінгі уақыттарда өзінің жемісін бере бастайды.

Шаян
Бұл айда кез келген асығыстықтан сақтаныңыз. Асығыс шешім қабылдау, асығыс іс тындыру, тағысын тағылар. Әр адымыңызды аңдап басып, нені болмасын «кесер» алдында «жеті рет өлшеңіз». Сонда ғана сәтсіздікке ұрынбай, қолыңызда барды уысыңызда ұстап қала аласыз.

Арыстан
Айналаңыздағы әрбір адамның ішкі жан-дүниесіне тереңірек үңіліңіз. Мейлі, ол туыс, досыңыз болсын, әріптес болсын. Барлық жағдайда түсінісу мен тіл табысуды алдыңғы орынға қойыңыз. Сонда ғана ақпанның соңында артыңызға қарағанда, жағымды сәттер мен табысты істерді, бағынған белестерді көресіз.

Оқи отырыңыз: Желке мен иықтың күжіреюі жаныңызға батса...

Бикеш
Ақпанда жұлдыздар Сізге кәсіби биографияңызды тағы бір табысты жобамен толықтыруға мүмкіндік сыйлайды. Қапы қалмайын десеңіз, мұқият та сергек болыңыз. Жұмыс орныңызда ай бойы қарбалас шаруа — жаңа жобалар, кездесулер, жауапкершіліктің артуы… Дегенмен, бәрінен де денсаулық маңызды екенін естен шығармаңыз. Шектен шыққан жұмысбастылық жүйкеңізге кері әсерін тигізбей қоймайды.

Таразы
Келер күнге қатысты көп күмәнді, қорқынышты жойып, болашаққа батыл қадам басыңыз. Сонда, өміріңізде оң өзгерістер есігі ашылады. Жалпы, ақпан айы Сіз үшін де сәтті. Отбасы, қызмет, шығармашылық — өмірдің қай саласы болмасын, тасыңыз өрге домалайын деп тұр. Сондықтан, кез келген бастамаға батыл кірісіңіз.

Сарышаян
Алдағы айда «Аяз би, әліңді біл» деген сөзді іштей жиі қайталағаныңыз жөн болар. Өз күшіңізді шынайы әрі әділ бағалап, мойныңызға артық жүк артудан сақтаныңыз. Жауапкершілігін көтере алмауыңыз мүмкін. Өзімбілемдікке салынудың да қажеті жоқ. Кез келген жоспар мен жобаны қолғаалмас бұрын, серіктес не жақын жанашырлармен ақылдасыңыз.

Мерген
Бұл айда ойға алғаныңыздың бәрі орындалғалы тұр. Жұмыста да, жеке өмірде де. Сондықтан, ойда жүрген жақсы бастамаларды қолға алуды кешіктірмеңіз. Көмек қажет болса, кез келген есікті қағыңыз. Сізге міндетті түрде жәрдем береді. Оған жұлдыздардың өзі септескелі тұр.

Тауешкі
Ақпан айы — ауқымды заңгерлік және қаржылық істерді қолға алуға ең қолайлы кезең. Барлық жағдай сіздің пайдаңызға шешілеріне күмәніңіз болмасын. Қалтаңыз да едәуір қомпайғалы тұр. Ол кешіктірілген төлемақы, қайтарылмаған қарыз, қаламақы не жалақыңыздың жоғарылауы болуы мүмкін. Қалай болғанда да, қаржылық жағынан сәтті ай жақындап қалды. Осы уақыт аралығында отбасылық не жеке бизнесіңізді де жолға қойып алуға үлкен мүмкіндік бар.

Суқұйғыш
Астрологтар ақпанды Сіз үшін 2019 жылдағы ең жақсы да жайлы ай деп болжауда. Бойыңыздан айрықша күш-қуат ағынын, өмірге деген құштарлықты сезінесіз. Онымен қоса, сәттілік те айнымас серігіңізге айналады. Мүмкіндікті қалт жібермей, идеяларыңыз бен тілектеріңізді жүзеге асырып қалуға асығыңыз. Білесіз, ақпанның күндері өзге айларға қарағанда азырақ.

Балықтар
Ақпан — Сіз үшін ойдың, шығармашылықтың кезеңі. Көп уақытыңызды рухани дамуға, өз ішкі әлеміңізге үңілуге, өзіңізден есеп алуға жұмсаңыз. Нәтижесінде ойыңызда жүрген сан сұрақтың жауабын таба аласыз. Сондай-ақ, аяқталмаған істерді соңына дейін жеткізуге, кешеуілдетіп жүрген жобаны тезірек бастауға, мансап баспалдағында бір саты жоғары аттауға да сәтті уақыт.

Аударған: А.Мейірханқызы, ERNUR.KZ

Жұлдызнама: Сізге қай асыл тас сәттілік әкеледі?

Асыл тасты әшекей бұйым таңдарда жұлдызшылардың айтқанына құлақ асқан артық болмайды.

Асыл тастарды жай әшекей үшін тақпаңыз. Өзіңіздің жұлдыз белгіңізге сәйкес келетінін таңдаңыз. Сонда ол сізді келеңсіз жәйттен сақтап, сәттілік әкеледі, тағдырындағы оң өзгерістерге ықпал етеді дейді болжамшылар. Ендеше, асыл тасты әшекей бұйым таңдарда жұлдызшылардың айтқанына құлақ асқан артық болмайды.

Тоқты
Бойында ашушаңдық пен қызуқандылығы, өзімшілдігі басым Тоқтыларға ұстамдылық сыйлайтын тастар таққан абзал. Айталық, әйел Тоқтылар жасыл түсті гауһар, анартас, ақшыл көк түсті аметист, циркон, қызыл түсті яшма таңдағаны дұрыс. Ал, Тоқты ерлерге анартас пен аметист тастары сәйкес келеді. Сондай-ақ, Тоқтыларға бақыт әкелетін тастың бірі — гаухар. Барлық ісінің сәтті жүзеге асуына сеп болып, аурудан, келеңсіз жәйттер мен көз өтуден сақтайды.

Торпақ
Торпақтар үшін бақыт тасы — аспан түстестер. Айталық, көгілдір ақық, жақұт тастары. Олар иесін, оның басындағы бағын көз тиюден сақтайды. Отбасына береке, жанына тыныштық, өміріне мамыражайлылық сыйлайды. Алайда ақықты тек 30 жасқа толмағандардың ғана таққаны абзал.

Егіздер
Егіздер белгісінде туылғандарға ұсақ көзді гаухар, топаз, зүбаржат тасы бар, артық безендірілуілері жоқ бұйымдар таққаны жөн. Оларға дәп осы тастар сәттілік әкеледі. Әйел Егіздер зүбаржат тасынан әшекей тақса, уайымшылдықтан арылып, салқынқанды болуды үйренеді. Ай тасын тақса, шаршауы басылып, көңіл-күйі үнемі көтеріңкі жүреді. Ал, Егіздер белгісіндегі ерлерге александрит тасы сабырлылық пен үйлесімді өмір сыйлайды.

Шаян
Шаянның асыл тасы — інжу, маржан, құлпырма тас, ай тас. Аталған түрлер оларға бақыт әкеледі. Нәзік жанды Шаяндарға астрологтар маңызды шешім қабылдар алдында маржан тасты әшекей, ал мансап қуағндар аметист, агат тастарын тағуға кеңес береді. Ерлерге келетін болсақ, оникс және қара агат тастары өзіне деген сенімділігін арттыратынын білген жөн.

Арыстан
Арыстандар үшін әшекей бұйымдарға келгенде алтыннан артығы жоқ. Сонымен қатар, лағыл, топаз және гаухар тасты зергерлік бұйымдар да пайдалы. Әрдайым өз ортасында беделін көтеріп, ерекшелендіріп тұрады. Әйел Арыстандар үшін анартас, топаз және лағыл тастарының да орны бөлек болуға тиіс. Ерлер үшін жұлдызшылар сәттілік шақырып, пессимизмнен арылтатын, еркектік қуатты арттыратын қызғылт-сары ақықты ұсынады.

Бикеш
Бұл белгіде туылғандарға көкшіл түсті нефрит минералы бақыт пен сәттілік әкеледі және сырт көздердің сұғынан қорғайды. Агат тасы тартымдылығын арттырып, энергетикасын жоғалтуына тосқауыл болады. Зүбаржат Бикештің отбасылық қарым-қатынасын қызғыштай қорыса, жақұт тасы бақытын еселейді. Бұл — нәзік жанды Бикештерге қатысты. Ал, үнемі эмоциясын жасыруға тырысып жүретін Бикеш-ерлер үшін лазурит көк тасы, яшма пайдалы.

Таразы
Таразы белгісінде туылған қыз-келіншектердің өміріне гаухар тасты жаңа бұйым міндетті түрде жаңа өзгерістер әкеледі. Сондай-ақ жақұт және жасыл ақық тастары сәттілік сыйлайды. Малахит тасы тартымдылығын арттырса, аметист жаман ойлардан арылтады. Көгілдір ақық таққан Таразылардың өмірінде гармония орнап, жан-жақты қабілеттері ашыла түседі. Ерлер үшін ең тиімдісі — ішкі күш-қуатты арттырып, келеңсіз жағдайлардан сақтайтын жылтыртас, аквамарин, үнему тура жолмен жүруге сеп болатын турмалин тастары.

Сарышаян
Сарышаяндардың таңдауы жасыл ақық, маржан және анартас яғни күрең-қызыл түсті асыл тастарға тоқтаса, қателеспейді. Маржан сарышаяндардың нәзіктігін көрсетеді және жасыл ақық жұмсақ мінезін байқатады. Анартас қиындықты жеңуге септігін тигізеді дейді жұлдызшылар.

Мерген
Мерген жұлзыдында туған жандар сары түсті топаз немесе көкшіл көзді мөлдір аметист тасын таққаны дұрыс. Аталған асыл тастар махаббаты жауапсыз қалғандарға көмектеседі, тас жүректерді жібітеді. Оған қоса, Мергендерге алтын бұйым, ақ алтын және күміс пайдалы. Жалқаулығын жеңіп, сәттілік шақыру үшін жолбарыс көзі тасынан көмек сұрауына болады. Қорқыныштан арылып, тыныш өмір сүргісі келетіндерге опал тасы көмектесе алады.

Тауешкі
Тауешкілерге әшекей ретінде сирек кездесетін, шебердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының көп пайдасы тиеді. Өмірін жеңілдетіп, қиындықтан тез шығуына көмектеседі. Тауешкі белгісіндегі әйелдер көбіне мансап қуушылар болып келеді. Оларды қызғаныш пен бәсекеге толы осы жолда тау хрусталі, агат, қызғылт сары түсті ақық және топаз көп нәрседен сақтайды. Ал, ер-азаматтарға шақпақтас сенімділік сыйлап, александрит күш-қуат берсе, оникс күйзелістен арылтады. Әдетте, бұл белгідегі ерлер ешқандай әшекей тағуды құп көрмейді. Сондықтан аталған тастарды сағат не кілтке салпыншақ ретінде іліп қоюға болады.

Суқұйғыш
Суқұйғыш белгісінде туылғандарға жақұт және көкшіл түсті мөлдір асыл тас — аметист маңызды. Аметист әйел Суқұйғыштарға сүйкімділік сыйлап, отбасын сақтап қалуға көмектеседі. Әйелге тән нәзіктігін үстегісі келсе, інжу моншақтарын тағуына болады. Ал, ерлер нефриттің көмегімен өзін нық сенімді сезінеді.

Балықтар
Балықтарға өзен және теңіз інжуін таққан дұрыс. Бұл белгіде туылғандарға міндетті түрде ақ алтын, күмістен жасалған бұйымдар таққан жөн. Сондай-ақ, аквамарин тасы жан тыныштығын табуға, ашушаңдықты басуға көмектеседі. Аметист тасы Балықтардың отбасына сәттілік пен береке әкеледі.

Аударған: А.Бектұрғанова, ERNUR.KZ

Мінезіңізде қандай мін бар?

Әркімнің-ақ бойынан әлсіз, осал тұсы табылады. Яғни, кемшіліксіз адам болмайды. Алайда, мынадай мінім бар екен деп, оны елең қылмай жүре беруге де болмас. Бойымыздағы жаманнан арылып, өз-өзімізді түзетіп, тезге салмасақ, тым болмағанда тырыспасақ, адамдығымыз қайсы? Ендеше, сіз өз бойыңыздағы қандай мінезге қарсы күресуіңіз керек?
Тоқты
Қырсықтық, көңіл-күйдің құбылмалылығы. Бұлар — өзіңізге де, өзгеге де зиянын тигізетін әдеттер. Сондықтан, арылуға әрекет жасаңыз. Қырсықтықты тұншықтырып, көңіл-күйіңізді барынша бақылауда ұстасаңыз, аз да болса басуға әбден болады.
Торпақ
Жалғыздыққа қатысты қорқыныш — сіздің ең әлсіз тұсыңыз. Бәлкім оған өткенде болған бір оқиғалар себеп. Алайда, қорқыныш деген — қараңғы шыңырау. Төменіне құлдилаған сайын айналаны айқын көруден қаласыз, қайта шығу да қиын болмақ. Сондықтан, онымен бүгіннен бастап күресіңіз. Бастысы, жақын жандардың сізді жалғыз қалдырмайтынын және кейде жалғыз қалудың да жақсы жақтары бар екенін естен шығармаңыз.
Егіздер
Өзгелердің пікіріне тәуелділік. «Мен не қалаймын?», «Мен қалай ойлаймын?» деудің орнына «Басқалар бұған қалай қарайды?», «Ел-жұрт не дейді?» деген сұрақтарды өзіңізге тым жиі қоясыз. Мұндай тәуелділік адымыңызды алға бастырмайды. Өйткені, өзгелер сіздің емес, өзінің алға басқанын қалап, жолыңызды бөгей беретін болады. Сондықтан, сіз де аздап өзімшіл болыңыз. Өзгелердің пікірін ескеріңіз, алайда соңғы шешім өзіңізден болсын.
Шаян
Өзіңізді шектен тыс бақылауға аласыз. Сіздің мінезіңіздегі ең үлкен міннің өзі — мінсіздікке ұмтылу. Соның салдарынан өзіңізге толыққанды өмір сүруге, ойыңыз бен қалауыңызды еркін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейсіз. Жан-жақтан құрсаулап, қысқан «белбеуді» аздап босатып, өзіңізге кешіріммен қарауды үйреніңіз.
Арыстан
Сырт көзге өзіңізге сенімді жан көрінесіз. Алайда, жүрек түкпірінде үлкен сенімсіздік тұр. Өзгелерге тек жақсы жағынан көрінуге, барлық жерде және барлық уақытта мықты болуға тырысу сол сенімсіздіктен туған қадамдар.
Бірақ, қараңызшы, сіздің қолыңыздан оның бәрі келіп жатыр ғой. Ендеше, неге сенімсіздіктен әлі арыла алмай жүрсіз?
Бикеш
Тым қатты сыншылсыз. Қояр талаптарыңыз да жоғары. Осы әдетіңізбен өзіңізді де, өзгелерді де қажытасыз. Ұсақ-түйекке дейін мән беретін сыншылдық кез келген қарым-қатынасқа сына түсіреді. Сіздің сыныңыздан сүрінбей өтуге ешкім міндетті емес, осыны ұғыңыз.
Тіпті, өзіңіз де.
Оқи отырыңыз: Қаңтар айына арналған қаржылық жұлдызжорамал
Таразы
Өзгелердің пікіріне тәуелділік — адымыңызды алға бастырмайтын, қалауыңызды жасатпайтын құрсау. Сіз осы құрсаудасыз. Біреулердің көңілінен шықпай қаламын-ау деген қорқыныш бойыңызды билеуде. Қарсы күресуге әлі де кеш емес. Өз өміріңізді өз пікіріңізбен, өз ойыңызбен сүріңіз.
Сарышаян
Біреуге сенім арту — сіз үшін ең қиын нәрсе. Мұның дұрыс емес екенін білесіз, бірақ күреспейсіз. Ал, оны қолға алатын уақыт әлдеқашан жеткен. Қашанғы ешкімге сенбей, бар ауыртплықты өзіңіз арқалап жүрмексіз? Өзіңізді біреуге сенуге үйретуді ет жақындарыңыздан бастаңыз. Олар сеніміңізді ақтап, орға жыға қоймас.
Мерген
Өзгелердің назарына тәуелдісіз. Сізге ешкім көңіл аудармай қойса, біреу үшін ең басты адам екеніңізді сезінбесеңіз, өмірдің бар мәнін жоғалтқандай боласыз. Бұл мәселені шешу үшін сізге ең керегі — өзгелердің емес, өз назарыңыз, өзіңізді өзіңіз сүюіңіз.
Тауешкі
Қателік жасаудан қорқу — бұл да алға қадам жасауға мүмкіндік бермейтін бұғау. Адамдар қателік жасау арқылы сабақ алады. Қайта байқап көреді. Сол арқылы тәжірибе жинайды, алға жылжиды. Ал, қателік жасаудан қорқып, адымыңызды ашпай тұра берсеңіз, бір орында қалып қоясыз, әлбетте.
Суқұйғыш
Тым сезімталсыз. Бірақ, басты кемшілігіңіз бұл емес, оны басып тастайтындығыңыз. Иә, сезімталдығыңызды көрсетпеу үшін эмоцияңызды жасырып әлексіз. Салдарынан ең жақын деген жандар да сізден бір ауыз жылы сөз ести алмай жүр. Жан сырыңызды ұға алмайды. Содан да көп түсініспеушіліктер орын алады. Сөзбен немесе іспен — өзіңізге қайсысы ыңғайлы екенін анықтап, сезіміңізді білдіріп үйреніңіз.
Балықтар
Өз шешімдеріңіз бен қадамдарыңыздың дұрыстығына деген күмән көкейіңізден бір сіт те шықпайды. Себебі, өзіңіз шығармайсыз. Неге? Ешкімнің де әрбір жасаған ісі, ойлаған ойы мен айтқан сөзі, шешімінің бәрі бірдей дұрыс не бұрыс бола бермейді. Бірде шалыс басса, бірде тура жолды табады. Сізде де солай.

Аударған: А.Мейірханқызы, ERNUR.KZ

Жұлдызнама бойынша адалдық

Блог - Daniar-Alan: Жұлдызнама бойынша адалдық

Тоқты
Егер «аулау» ұзақ болса, арбалып қалу қауіпі мол. Кейде ол жәй ғана достарының алдында мақтану үшін ғана сүйіктісіне опасыздық жасай алады. Бірақ, оның өзіне опасыздық жасалған жағдайда Тоқтының кегі қатал келеді.
Әрі қарай

Көлеңкелі жұлдызнама


ЗОДИАКТАР РЕЙТИНГІ және ЭРОТИКАЛЫҚ жұлдызнаманы оқыған соң менде жұлдызнама жайлы бір нәрсе айтып қалғым келді. Бұл жұлдызнама АСТРОЛОГИЯ ғылымында Көлеңкелі жұлдызнама деп аталады. Қарапайым жұлдызнамаға қарағанда оның белгілерге мінездемесі қорқынышты әрі бір түрлі.Сонымен көлеңкелі жұлдызнама 10 белгіден тұрады және атаулары басқаша болып келеді. Бірақ Астрология ғылымы осы көлеңкелі жұлдызнаманың адам жаратылысына тура келетінін айтады. Сонымен бастасақ:
Әрі қарай

Зодиактар және оларға мінездеме

  • TOP
ТОҚТЫ
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Тоқтыларға Шолпан мен Күн әсер етеді.

Түстері: ашық қызыл, сарғылт, көкшіл, жұпаргүлді түс. Күлгін олар үшін сәтсіз түс саналады.
Тастары: алмаз, рубин, аметист, кровавик, гелиотроп, аквамарин, зүбәржәт.
Металдары: темір мен болат.
Аптадағы сәтті күндері: — сейсенбі мен жексенбі.
Сәтсіз күндері: — жұма мен сенбі.
Сандары: 4, 7, 9 ( 9 мен 11-ге бөлінетін сандар).

Тумысынан жігерлі, талантты, басқарушылық дарыны бар әйел мен ер тоқтылардың ортақ қасиеттері: оптимизм мен атақ құмарлық.
Әрі қарай

Уикэндтік жұлдыз жорамал

Жұлдыздар осы аптаның соңындағы демалыс күндеріне не дейді екен? Меркурий көтеріліп тұр осы күндерде, оған Шолпан қиғаштап қарап тұр. Бұл нені білдіреді?



Тоқты
Бұл демалыста да көп өзгеріс бола қоймайды. Жұрт қайда барса сіз де соларға еріп жүре бересіз. Кей нәрселерді уақытында айтқаныңыз дұрыс. Мысалы тілек, талаптарыңыз немесе әзілдеріңіз уақытында айтылмай қалса ыңғайсыз жағдайға тап боласыз.

Торпақ
Сыртқы келбетіңізге де бір сәт көңіл бөліңіз. Күн жылынды ғой, аздап салмақ тастап көрсеңіз қалай болады? Бір нәрсені сағыздай шайнап, қайта-қайта айта бермей достарыңызбен бөлісетін тың тақырыптар табыңыз.

Егіздер
Көңілді демалыс болғалы тұр. Сүйіктіңіз қасына құрбысын ерте шығады. Төрт адамдық жақсы компания болайын деп тұр. Тек көп ішпеңіздер, арты оргияға айналып кетуі де мүмкін.

Шаян
Демалыста ешқайда шықпаңыз. Сізге қызығушылық танытушылар бар. Бірақ, ойлары жаман. Сондықтан жұма күні жұмыстан қайтарда телефоныңызға терминалдан бірлік салып алыңыз. Демалысты басқа Шаян досыңызбен телефон арқылы сөйлесумен өткізіңіз. Егер тарифы болса өзі телефон шалады.

Арыстан
Жұма күнгі кештен бастап қыдырыңыз, қаңғыңыз, шаттаныңыз. Ешкім кедергі емес сізге. Қол шығайын деп тұр осы демалыста. Қиғаш көтерілген Шолпан да көз қысып тұр сізге.

Бикеш
Басшылықтан жағымды ұсыныс түседі. Нақты жоспарларыңызды іске қосыңыз. Өсек-аяңға құлақ аспаңыз. Қыдырып, жақсылап бір демалыңыз.

Таразы
Базарға барыңыз. Сіз іздеген ештеңе жоқ әрине. Сонда да базар аралап, дым таба алмай ашулы келесіз үйіңізге. Ертеңіне тағы да базарға барып, өзіңізге керек емес зат сатып аласыз.

Сарышаян
Қызықты кездесулер, танысулар күтіп тұр. Күтпеген кедіргілер болуы мүмкін. Жалпы қол шығатын демалыс. Барлығы өз қолыңызда. Тек ол үшін қол емес басқа мүшелерді де қимылдату керек.

Мерген
Қонаққа баруыңыз керек. Алайда киетін ештеңеңіз болмағасын бара алмай қаласыз. Есесіне сізге қонақтар келеді. Жалпы көңілсіз демалыс болады.

Тауешкі
Сізді жақсы демалыс күтіп тұр. Бірақ та сіз туралы жаман пікірлер айтылатын болады. Мән бермеңіз.

Суқұйғыш
Ешқайда бармай үйде жататын күндер күтіп тұр сізді. Суға түсіңіз. Мимен жыныстық қатынас үшін керемет күндер. Әсіресе Меркурий көтеріліп тұрған кезде.

Балықтар
Мерген достарыңыздың үйіне қонаққа барыңыз. Тауешкілерді жамандаңыз. Бикешті өсектеңіз. Денедегі жаман энергияны шығарып тастайсыз осылайша.
Әрі қарай