Мақтанба...

Қар…
Мен қармын деп мақтанба,
Ерімегенмен ақпанда,
Ғайып болып кетесің,
Күн нұрын төккен шақтарда…

Күн…
Мен күнмін деп мақтанба,
Атқаныңмен ақ таңда,
Жоқ боласың қара бұлт,
Үйірілсе аспанда…
Әрі қарай

Қай жағынан келсем екен?

сурет Сыйымдылық — конденсатор…
Бұл жерде көңілің сиса да басқасы сиамайтынына көзіммен қоса басқа жерлерімде жетті.
Әрине — эелектро… тұрғысынан.
Небір электро(…… ...)айымдар — сіздердің токтырыңыз бөлек табиғат — ренжімеңіздер.
Еркектің тірлігіне араласпаңыздар, дейін десем — Кюри ханымға тарих арнаған Бек пен Рыстарды қайда жіберем?
Олай болса ойларыңызды қосыңыздар ;-)
… Түйіні: Керекшілер — белесебепеттен шаршадым: Қазақша қарапайым арбама қолдану жолында мені сол пәле(конденсатор) жалпамнан түсірмейтіндей амалын айтыңдаршы :-(
Әрі қарай

Шайқашы омырауымды сен уыстап +18

«Неге, досғҰә?! Неге!!?» Ауылдағы қыздың естелігінен үзінді. 22-23 беттер…

Шұлықтым, бөгде біреу мені құшпақ,
Алдымнан тағы кімдер жолығыспақ.
Ешкімге, ешқашан да көрсетпеген,
Шайқашы омырауымды сен уыстап.
Әрі қарай

Х'артхаус

Қазақ фильмдерінің ізімен

Көз ұшында бір ноқат көрінді. Қыбырлайтын секілді. Не мал, не адам екенін ажырату қиын. Малға ұқсас адам, не адамға ұқсас мал болып шығуы да мүмкін. Иә, бері қарай қозғалып келеді. Қақсыған күннің астында келе жатқан бұ кім болды екен?

Шыбынның ызыңдаған дыбысы естіледі. Аздап ыстық жел уілдеп өтеді. Қурап қалған бұталы шөптер де желмен сыбдыр-сыбдыр дыбыс беріп жатыр.

Ноқат үлкейе түсті. Адам тәрізді. Бері жылжып келеді. Иен даланы кезіп жүрген бұ кім болды екен?!

Сыңғыр-сыңғыр етті бірдеңе. Төрт-бес ешкі екен. Жайылып жүр. Сыңғырлаған — мойындарына ілінген қоңыраулар. Бы-ықа-ықа-ықа!-деді ешкілер.

Бері жылжып келе жатқан қарайған нәрсе адам болып шықты шынымен. Жәй басып келеді, асықпайды. Арқасында арқалаған қабы бар.

Уілдеп құйын жүріп өтті. Шаң-топырақты аспанға көтеріп, ол де кетті өз жолымен. Ал, адам әлі келе жатыр.

Титр.

ПыСы. Артхаустарыңдыссс, дұрыс кино түсірмейсіңдер ма нақ. 2 сағаттан бері не болады деп телміріп отсам.
Әрі қарай