Түрквижн, Ринго және Аршаттың Ескишеһирі :))

Сәлем, достар! Дәм-тұз бұйырып Түркияның Ескишеһир қаласын көруге мүмкіндік туды. Басты мақсат – биыл алғаш рет ұйымдастырылған Түрквижн байқауына еліміздің атынан шыққан Ринго тобына қолдау білдіру, жанкүйер болу.
Жұма күні түнгі бірде шығып кеттік. Таңертең қалада болып, кешке дейін қаланы қыдырып, кешке концертке кіреміз деп жоспарладық. Қолымызда жиырма билет бар. Жиналғаны он жеті студент. Әрине, қалта көтерсе барлығы барғысы келеді. Измирдегі «Қазақ мәдениет орталығның» басшысы Чаглар Ербек мырза жол қаражатының жартысын көтеріп арнайы көлік тауып берді. Рақмет!
Таңғы жетілерде Ескишеһирде болдық. Измирдің жылы ауа-райына үйреніп қалған біздер, тұманды, ызғарлы, аппақ жерді көргенде біраз абыржып қалдық. Измирдің желіне арызданғанымыз – тәлпіштік екен. )) Сол қалада оқитын қазақ студенттер қарсы алып, үйлерінде күтті.
Ескишехир десе, бірден еске админ Аршат түседі маған. «Менің Ескішеһирім» деп кемсеңдеп отырғаны елестейді.  Ескісін қайдам, жаңа әрі әдемі, сәнді көп қабатты үйлер көп. Шағын қала.
Әрі қарай

Қарағандыда стадион салуға инвесторлар ізделуде

Бәріміз де Қарағандының «Шахтер» футбол клубының УЕФА Чемпиондар Лигасындағы сұрыптау кезеңіндегі жетістіктеріне куә болып, мәз-мейрам болып жатырмыз. Алғашында былтырғы ЧЛ топтық кезеңінде болашақ чемпион Баварияны 3-1 есебімен ұтқан БАТЭ-ны жерлестеріміз екі ойында да тізе бүктірген еді. Ал 3-ші раундта албаниялық Скендербеу командасын бірінші ойында 3-0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл жеңіс барлық қазақстандық жанкүйерлердің арманы орындалуының үлкен қадамы болып отыр. Енді қарсы ойында уыстағыны жіберіп алмаса УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама аламыз.
Айтқым келіп отырғаны осы ойындарды Қарағандылықтар Астанада өткізді. Өйткені Қарағандыдағы стадион заманауи талаптарға сай емес. Шахтердің соңғы жетістіктеріне қарап, командаға жаңа стадион керек екендігі білінеді. Оны жергілікті басшыларда біледі. Тіпті стадионның болашақта қандай болатындығы, оның макеті интернетте жүр. Суретке қарасаң таңғаларлықтай. Үсті шаңырақ тәріздес болып келеді екен. Отыратын орындар саны 30-50мың шамасында. Алайда мұндай кереметті салу үшін 30миллиард теңге қажет. Жергілікті басшылар мүндай қаржы жоқтығын айтады, және де инвесторларды іздеуде.
Менің ойымша мұндай ақша бөле алатын инвесторлар біздің өңірімізде бар. Облыста "Қазақмыс" және «Арселор Миттал» секілді екі алпауыт компания орналасқан. Екеуінің қайсы болмасын осындай қаражатты бөлуге шамалары жетеді. Тек осы мәселені көтеретін азаматтар аз болып отырғаны. Облысымыздан щыққан Елімізде жоғары орындарда отырған адамдар да аз емес. Тіпті Елбасымызда осы өңірде еңбек етті ғой. Болашақта елімізде футболдан дүбірлі додаларды қабылдауға дайындалатынымыз туралы да көп айтылады. Олай болса қазірден бастасақ қайтеді? Міне осындай жетістіктерді пайдаланып қалуымыз керек қой отандық футболды дамыту үшін. Осы ағаларымыз сөз салса, инвесторлар ағып келеді деп ойлаймын. Қарағандыда футболды жұрт сүйеді, міне «Шахтер» біздің қуанышымызға айналып отыр. Осы жұртқа енді сыйлық ретінде стадион салыну керек деп ойлаймын. Футболисттерімізде өз қаласында, өз жанкүйерлер алдында ойнағаны да ұнайды деп ойлаймын.
P.s.: Стадион саламыз деп, қарапайым жұмыскерлердің жалақысынан айрып тастамаса болғаны.

Жанкүйердің ішкі толғанысы

Кешегі финалда күмістің қалтада тұрғаны айдай анық болды, өкініштісі сол боксшымыз алдын ала соған мойынсұнғандай көрінді. «Қоланы жаныңды салып аласың, ал күмісті жеңіліп аларсың» деген осы…
Финалдағы Әділбектің көрсеткен "өнеріне" қарапайым жанкүйер ретінде көңілім толмады. Ол мүмкіндігін көрсете алмағандай.
Теледидар алдында телміріп отырғандағы ішкі ойым:
«2 раундтың ұпайын көріп тұрсың, тең түстің, енді 3-ші раундта барыңды сарқып қимылдасайш! Күшіңді, мықтылығыңды, шеберлігіңді не үшін, кім үшін сақтайсың, егер де шешуші сәттерде дүйім жұрттың алдында көрсете алмасың?!
Түуһ, Серік Сапиевтің жеңісі рух беруі тиіс еді ғой. Мына сылбырлығына жол болсын?!
Жә, олай болмағанның өзінде бұл жәй бір кездесу емес, 4 жылда бір келетін Олимпиада ғой, не тосатыны бар, құдай-ау?! Мұндай мүмкіндік күнде бола бермейді ғой! Әрекет жасап қал, Әділбек! Қарсыласқа бірінші қимылдауға мұрсат берме, жолыңды бердің бе ол арқаланып кетеді! Финалға шықтың екен алтын үшін, жеңіс үшін барыңды сал! Аямай соқ, соқ! Қажет пе, шайқас! Өй, көп болса, көзің көгерер — жігітсің шыда! Жарысқа дейінгі төгілген тер мен жұмсалған күштің, кеткен уақыттың садағасы! Тіпті нокдаун болғанның өзінде — тұр қасқайып, тізең дірілдемесін! Күшің сарқылып бара ма, дымыңды білдірме — мысыңмен баса біл қарсыласты! Ол бір соққы жасады ма, ақың кетіп барады — міндетті түрде 2 рет соқ! Сонда ғана ең биік тұғырдан орын аласың! Сонда ғана жеңістің тәтті жасының дәмін татасың! Сонда ғана батыр болып елге ораласың!»
Эх, ойға не келіп не кетпейді, алайда қолда тұрған алтын еді… бір ғана соққы жетпеді...Өкініштісі де сол!

Пы.сы. Олимпаиданың кай медалі болса да үлкен жеңіс, спортшы жемісі деп бағалаймын! Бәрі де құтты болсын!
Әрі қарай

Жанкүйерлер Қазақстанның жеңетініне сенбейді



Сауалнамаға қатысқан жанкүйерлердің тек 3,5 %-ы ғана Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжанды жеңеді деп жауап берген. Қазақстан Футбол Федерациясының ресми сайты жүргізген сауалнама нәтижелері осындай.
Әрі қарай

Қазақ футболы Европадан не тапты?

Бүгін Қазақ футболында айтулы күн болмаса да ойланатын дата. 2002 жылы 25 сәуірде Қазақстан Футбол федерациясы (ол кезде одақ) УЕФА-ға мүшелікке өткен. Содан бері біраз жылдар өтті. Неден ұттық, неден ұтылдық? Ойыңыз қандай, жанкүйер?


Сурет: fc-kazakhmys.kz
Әрі қарай

Бешікташтың нәзік жынысты жанкүйері Трабзонспор жаттықтырушысына бәтіңке лақтырды


Бәтіңкені тек жорналшылар емес, фотомодельдер де лақтыра алады. Тек Бушқа емес… Шенол Гүнешке. Өткен аптаның жексенбісінде Бешікташтың стадионында ойналған Бешікташ-Трабзонспор матчында Менекще Гүнгор атты фотомодельдің лақтырған аяқкиімі Шенол Гүнешті «адаспай тапты». Трабзонспорлық жанкүйерлердің 88-минутта соғылған Бурак Йылмаздың голынан кейін қатты қуанғанына шыдамаған Бешікташ жанкүйері Менекще Гүнгор аяқкиімін лақтырып кеп жібереді. Қызық қылғанда онысы төреші шешімімен трибунадан орын алған басқа емес, Трабзонспор жаттықтырушысы Шенол Гүнешке барып тиеді. Аяқкиімді лақтырған өзі екенін мойындаған модель оны әдейілеп Шенол Гүнешке бағыттамағанын айтып ант су ішті. Түркияның әлем чемпионатында үшінші орын алуына еңбегі өлшеусіз сіңген, түрік футболындағы қадірлі есім Шенол Гүнешке деген құрметінің өлшеусіз екенін, сондықтан ол кісіге аяқкиім лақтыру дегенің таза ақымақтық болатынын, алайда екінші голға қатты қуанған жанкүйердің айқайынан соң өз-өзіне есеп бере алмай қалғанын, сосын осындай әрекетке барғанын жайып салды.
Әрі қарай