Декреттегі депрессивті ой
Баламен үйде отыру мен үшін дəл қазір шексіз шектеулер, тұлғалық шектеулер. Баланы көтеріп жүру, оны бағудан ләззат алатын қыздарды мен эмоцияға тым берілгіш адамдар деп санаймын. Баламен отырсаң сен баладан басқа тақырыптарға жабықсың, интернеттің қол жетімділігі болмағанда күнім не болар еді?! 24 сағат желкеңдегі жауапкершілікті сезіну оңай емес. Көмектесетін адам, күйеу, няня дегендерде де емес мəселе, оның бəрі сыртқары факторлар. Балаға керегі ана. Бетің қарайды да отырады, қызық үйретілген күшіктер сияқты)))
Әрі қарай


Әлдекімдердің әлеуметтік желідегі парақшасын мұқият қарап, суреттері арқылы оның болмысы жайлы пікір тудыруға тырыссаңыз, кілең патиден патиге, отырыстан отырысқа, жетістіктен жетістікке, марапаттаудан саябаққа, саябақтан саяхатқа секіріп жүруден қолы бір сәт босамайтын, бақытты жанды көрер едіңіз. Кім терезе бетін тозығы жеткен дамбалымен жапсын, оюлы перде қоямыз да көбіміз. Ол бізге тиісті ортаға тиісті әсер тудыруға көмектеседі. Біреуге жасқаншақтықты бүркеуге, алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді, ал біреуді бетпердесінің құлына айналдырады.
