Гомосексуализмнің алғы шарттарының бірі - өз тілін білмеу

— Франк аға, гомосексуализмнің елімізде және жалпы Еуропада үлкен індетке айналып бара жатқаны рас. Сіз «мұның бірден бір себебі — жастардың өз тілінде сөйлемеулерінде» дедіңіз жақында тіл жанашырларының Маастрихт қаласында өткен кезекті отырысында. Мұндай тұжырымға қалай келдіңіз?
— Мәселенің түп төркініне үңілетін болсақ бұл дерттің тек қазіргі қоғамда емес, атам заманғы Нидерланд Королі Вильгелм І-дің кезінен бастау алғанын көреміз. Сол кезден бастап біздің халқымыз өз тілін, дәстүрін, тарихын ұмыта бастады. Мен мұндай тұжырымға әлбетте бірнеше жылдық еңбегімнің арқасында келіп отырмын. Социолог, гейолог, тарихшы, лингвист әріптестерімнің де еңбектері бар әрине. Зерттеуіміз бойынша адам өз тілін ұмытқан сайын гомосексуализмге бейімделе бастайды екен.