Блогкэмп-2011. 5 тиыным


Өрімтал блогкэмп форматын түсіндіріп, бірқатар мәселелерді көтерді (мысалы, тіркелмеген қатысушылар туралы). Басқалар өз ұсыныстарын айтып жатты. Мен тек тыңдауды білдім)).
Бұл блогкэмп дегенің, қандай қиын нәрсе деп ойладым)) Қатаң ереже қояйын десең, еркін шараға шектеу қойғандай боласың, ал бетімен жіберуге тағы болмайды)) Былай тартсаң, арба сынады, былай тартсаң, өгіз өледінің кебі.
Әйтсе де блогкэмп ережесін Дабайға ілу туралы шешім қабылданды. Сонымен қоса, блоккэмпте модератор керек пе деген сұрақ туындап, сауалнама жүргізілетін болды.
Айтпақшы, Нұрғисаның волейболдан жарыс өткізу туралы ұсынысы маған ұнады.
Аяғында ақырын ғана Өрімталға барып, ерікті көмекшілер тізіміне жазылдым.
Ұмытып барады екем, презентация тақырыбы жөніндегі тәуір идеясы үшін Өрімталға рахмет айтқым келеді.