Соқ, соқ, соқ!

Бейбіт Қорғанның жаңа бейнебаяны өткенде жарияланған бір тақырыпта, таба алмай қалдым. Тыңдап, боксшыларымызды қолдай отырайық.
Әрі қарай

ҚАҺАРМАНЫН ҚОРЛАҒАН ЕЛ ҚАҺАРҒА ҰШЫРАП ЖҮРМЕСІН

Қазақ спортының сенсациясына айналған Бекзаттың қабірін қорлағандығы туралы хабар күрсінтіп тастады. Елдігімізге, азаматтығымызға сын болған бұл масқара жайттың бір таңқаларлығы бұл оқиға өткен жылдың шамамен қазан айында анықталған. Сол уақыттан бері ешкімнің, ешбір азаматтың назарын селк еткізбегендігі таң қалдырады. Осы күнге дейін қабіріне барып жүрген адамдардың ешқайсысы бұл мәселені көтермеген. Тіпті жер көкке сыйғызбай мақтайтын рухани ордамыз Түркістанда бұл жағдайдың болуының өзі таңқалдырады. Түркістанда осындай азғындық әрекет болып жатса онда басқа жер туралы сөз қозғаудың өзі қиынға соғады. Әлде Қазағым қасиетінен айрылайын деді ме екен.
Әрі қарай