Тау баласы - janarbek

Біз білмейтін қазақтар қауымдастығында бұл жолы КерекИнфо мүшелерінің бірі, Моңғолиядағы қандасымыз Жанарбекті таныстырмақшымын. Оның альпинист екенін былтырғы Блог Құрылтайға қатысқандардың көпшілігі біледі. Егемен Қазақстан журналисі Дастан Кенжалин Жанарбекпен әдемі сұхбат жасаған екен. Соны бөліскім келеді.



– Әуелі өзіңіздің шыққан таулары­ңыз­­ды санамалап берсеңіз.

– Мен моңғол еліндегі биік таулар басында мәңгі мұзбен көмкерілген барлық шыңдарға шықтым. Ең биігі саналатын Бесбоғда шыңдарына 60 рет шығыппын.

– 60 рет? Көп екен. Басқа қандай тауларға шықтыңыз?

– Шетел шыңдарына алғаш рет 1994 жы­лы шықтым. Бұл Түркияның 4000 метр­лік биік Бурса шыңы болатын. Одан кейін Алатаудың Тұйық суына, 2002 жылы Тянь-Шаньның 6400 метр биік мәрмәр дуал шыңына, Алтай тауларының 4506 метр биік­тегі шыңы – Белухаға шықтым.
Әрі қарай

Альпинистке кінә арту

Асылбек тағы тауға кетпек. Жазда Победаны бағындырып қайтқан. Бұл жолы Мраморная Стенаға. Гуглден сұрадым: Хан-Тәңірінен 11 километр қашықтықта, солтүстік-шығыс жағына таман орналасқан биіктігі алты мың метрден асатын мұз жартас дейді. Байғұс анасы-ай! Тағы да ас ішпейтін, ұйқы көрмейтін болды ғой. «Үлкен қалада ұл баланы тәрбилеу оңай емес. Кезінде ауладағы шпанаға қосылмасын, басбұзар немесе жалқау болып өспесін деп, екеуі де сол үйірмеге қатысамыз дегенде қуана қолдап едім, — дейді анасы. — Ақша ауысып, қырқарту, дефицит дегендер шығып, нан алып жеудің өзі қиындап кетсе де, ананы-мынаны құрап, түнімен көз ілмей осыларға күрте мен рюкзакті өзім тігіп беріп жүрдім» Ұлдары өсті, бірақ ақ қар, көк мұз жамылған тау шыңдарына құмартуды қоймай келеді. Жас кезінде ойламаса да, жасы ұлғая келе анасының жаны шыр-пыр болады жібі үзіліп, аяғы тайып, өлім құшады ма деп.
Былтыр ғана Асылбектердің жасақтарынан кейін көтерілген екі поляк із-түссіз жоқ болды. Өліктерін де таба алмады құтқарушылар. «Біз көтерілген кезде, қарсы беттегі шыңда бүтіндей бір альпинистер тобы түгел қырылды, — дейді ол. – Оларға ешкім көмектесе алған жоқ Біз олармен рация арқылы байланысып отырдық. Олар біртіндеп өліп жатты». Жылда осылай. Жоғалып кетеді. Өліп қалады.
Ажал әр қадамыңды аңдып, минут сайын алдыңнан кес-кетеп жүретін жерге неге барасыңдар, а?
— Ты эгоист.
— Не-ет  Я влюбленный.
Алла жар болсын сендерге…

«Молимся, чтобы страховка не подвела»

Әрі қарай