Ыстықкөл сапары: салқынқанды турист есебі

Ыстықкөлге бір барған адам келесі жолы міндетті түрде қайтып келеді. Неге дейсіз ғой? Түсіндіріп көрейін.
Табиғаты. Көк аспанмен әлде алыстан мұнартқан көк таулармен әлде бауырын толқынға жалатқан бұйра көкшіл бұлттармен астасып жатқан айдын. Аты көл болғанымен жергілікті халық Ыстықкөлді теңіз санайды. Ал келген халық сеніп қалады. Шексіз дария көрінеді жағадан. Жаға демекші, жағадайы майда құм, Шолпан ата жаққа барсаңыз тіпті ұсақ, мап-майда. Суы тұзды. Айтпақшы, алғаш рет осы Ыстықкөлде жүзуді үйрендім. Тұзды су батам десең де батырмайтын сияқты…

Блог - Basic: Ыстықкөл сапары: салқынқанды турист есебі

Бағасы. Егер Бурабай, Алакөл сияқты жергілікті демалыс аймақтарының бағасымен салыстыратын болсаңыз, Ыстықкөл 20-30% арзан. Бұл жатын орын, ас-суы, ойын-сауық бағдарламаларына да қатысты. Айтпақшы, Алматыдан Ыстықкөлге автобустармен теп-тегіс жолмен 7-8 сағатта 2 мың теңгеге жетесіз. Хм, Астанадан Бурабайға дейін автобуспен жету құны қанша еді?
Блог - Basic: Ыстықкөл сапары: салқынқанды турист есебі
Жайлы. Қырғыз бауырлар туристерді тек табиғаттың берген сыйымен тарту мүмкін емес екенін баяғыда түсінген. Кез келген қонақ үй, пансионат, хостелге барсаңыз жайқалған бақты, құлпырған гүлзарларды, балалар алаңдарын көресіз. Айтпақшы раушан гүлінің ғажайып алуан түрін Ыстықкөлден көрдім. Балаларға әткеншек, спортшыларға жаттығу залы, аулада гүлзар, субұрқақ. Қысқаша айтсақ, барлығы адам үшін. Білесіз бе, мен Астанада тұрмыстық қалдықтарды бөліп салатын қораптарды ең прогрессивті, бетке ұстар тұрғын үй кешендері мен шетелдіктер келетін маңызды объектілерден ғана көрдім. Ал Ыстықкөлдегі пансионаттарда, жағажайда бұл қалыпты жағдай. Жағажайдан пансионатқа қарай беттедіңіз бе, аяғыңызға жабысқан құмды шығаберістегі арнайы душтан шайып ала қойыңыз. Ұсақ-түйекті несіне айтып отыр деп сөкпеңіз. Жақында отандық пансионатта болғанымызда (бағасы дәл сондай), жағажайда дәретхана болмағандықтан достарымыз пароммен қайта пансионатқа барған.
Блог - Basic: Ыстықкөл сапары: салқынқанды турист есебі
Сервис. Қырғызстан, Ыстықкөл дегенде «осыларда қайбір сервис бар еді» деп ойлайтын шығарсыз. Олай деп айтсаңыз қателесесіз. Жыл сайын сервис жақсарып келеді. Кей пансионаттарда 3 жұлдызды отельдерден кем қызмет көрсетпейді. Мысалы, Бозтерідегі біз тоқтаған Талисман пансионатында бөлмеде 3 орамал, жуынуға арналған керек-жарақтар, халат, сүйретпесі болды. Бөлмені күнделікті айтқызбай жинастырып, көрпе-төсегіңізді жаңартып, ішсеңіз де, ішпесеңіз де, минералды суыңызды қойып кетеді. Wi-fi, 3 мезгіл тамағында мін жоқ. Тек бір жетіспегені шаш кептіретін фені:p Пансионат аумағында спорт зал, моншасы, караоке, балалар алаңы, балалар бассейні, теннис корты, конференц-залы бар.
Блог - Basic: Ыстықкөл сапары: салқынқанды турист есебі
Ойын-сауық. Шолпан ата отбасымен демалуға арналған, ал Бозтеріге көбінесе жастар көп барады. Кинотеатр, диско-клубтар, су маңындағы аттракцион, сауда-орталығы, жәрмеңке барлығы қарастырылған. Жағада уақытты қызықты өткізем десеңіз, параплан, суда жүретін скутер, банан, катер, теплоход, дайвинг бар.
Турлар. Ыстықкөлде тек шомылуға ғана болады деп ойламаңыз. 1 күндік турлар өте көп. Ыстықкөлді бір айналып, тау-тасын кезіп шығуға болады. Гидтердің кәсіби шеберлігіне риза боласыз. Кез-келген тас, үңгірді, шалшық-судың түрлі нұсқалардағы аңыздарын майын тамызып айтып береді. Қырғыздар Ыстықкөл брендтерін әдемілеп жасап алған. Мысалы, Ыстықкөл десе ашлянфу есіңізге түседі ғой? Айтарлықтай асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Бірақ Ыстықкөлде болған адам ішіп көру уәжіп. Ыстықкөл балдары туралы да аңызды естіген боларсыз. Біздің Өскемен балдарынан артық емес қой, бірақ пост жазып отырған пақырларыңыз да үйге екі құтысын алып келді)))
Блог - Basic: Ыстықкөл сапары: салқынқанды турист есебі
Мұның бәрін неге тізіп отырмын. Кез келген туристік аймақтарда болуы міндетті дүниелер ғой, солай емес пе? Иә, Ыстықкөл еш ойланбастан демалуға болатын тамаша жер екенін айтқым келген. Тым болмаса, шетелде демалдым деп айту үшін барып келіңіз ;)
Әрі қарай

Мен көрген Ыстықкөл

9-12 шілдеде ҚазҰУ журналистика факультетінің Ыстықкөлдегі жазғы Mедиа және PR мектебінде дәріс беруге шақырылған едім. 4 күн тренинг және демалыс тез өтіп кетті. Ыстықкөлде демалыс үшін 4 күн аз екен. Асықпай аралау үшін кем дегенде 1 аптаға келу керек. Өйткені тек көлден бөлек айналасында туристер үшін бірталай қызық нүктелер бар.

4 күнде өзім көрген нәрселермен бөлісе кетейін.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Ыстықкөл — қырғызша Ысық-Көл деп жазылады/айтылады. Қазақшаға аударғанда, иә, Ыстық көл. Бірақ көне қырғыз тілінде Әулие көл деген мағынаны да береді екен.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Ұзындығы көлденеңінен 180 км, тігінен 60 км. Орташа тереңдігі 250 м, ең терең жері 702 м.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Жылына 2 миллион турист келеді екен. Оның көп бөлігі әрине Қазақстаннан.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Көлдің айналасының бәрі жасыл ағаш және тау.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Қонақүй, панисонаттар бір күнге шамамен 4000 тг, ал 6 адамдық үйшіктер 18 мың тг.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Көлге дейін апаратын осындай ұзын жасыл коридорлар көп.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Жалпы жасыл, көлеңке көп. Ауа райы қолайлы, қатты ыстық емес.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Суға түсуге ең ыңғайлы уақыт 09:00-11:00 және 16:00-18:00 арасы. Су осы кезде жып-жылы болып тұрады. Суы таза, асты құм.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Теплоходтармен серуенге шыға аласыз, бағасы 900 тг.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Георгиев шатқалы немесе жаңа атымен Чоң-Ақсу шатқалы — туристер жиі келетін жер.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Чоң-Ақсу тау өзеніне түсуге болмайды, ағысы қатты.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Форельдерді осы жерден аулап, туристерге пісіріп береді.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Таулы аймақта атпен серуендеу де экзотика. Минутына 30 тг берсең болғаны.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Ал мына байкенің атына мініп, шапанын киіп, қолыңа бүркіт ұстап фотоға түсу 300 тг.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Тау басынан ағып жатқан бұлақ суына жасанды сарқырама жасап қойыпты. Туристерге суретке түсуге жақсы тағы бір нүкте.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Мықты, мықты ағысы Чоң-Ақсудың.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Жер астынан шығып жатқан ыстық су да бар. Емдік қасиеттері көп деседі. Бар болғаны 600 тг төлеп, қалағаныңызша түсе бересіз.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Бассейндер 3 бөлікке бөлінген: салқын, жылы, ыстық. Ыстық бөлімінде 10 минуттан артық тұра алмайсыз, болмайды да тұруға. Бірақ, ағып жатқан ағын сумен желкеңізге, арқаңызға массаж жасап алуға болады.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Таулы аймақта туристерге жиі ұсынылатын нәрселер: бал мен саңырауқұлақтар. Барбарис балы өте керемет!

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Ал пляжда балмұздақ, сусын, жүгері өтімді тауарлар.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Бүркітші қыздың бүркітімен фотоға түсуге болады.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Асау бота да кездесіп қалады.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Түнгі уақытты да көңілді өткізуге болады. Қор-қор шеккіңіз келсе, бар болғаны 900 тг төлейсіз.

Суреттер сөйлейді: Мен көрген Ыстықкөл
Тағы да келемін, Ыстықкөл!
Әрі қарай

Ыстықкөл!

Биыл ойда жоқта Ыстықкөлге барып қайттым. Отпуск кезінде ғой, әрине.

Қоянның жадыраған жазы немен есте қалды десек, Алматыға қанша барып жүрсем де, күлкіңіз келетін шығар, “Көктөбесіне” бір де бір рет бармаған екем. Соның сәті түсіп, “Көктөбеге” бардым. Сосын ойда жоқта Ыстықкөлге үш күнге барып қайттым. Әрине, пысық подружкаларымның арқасында. Кейде подругаларыңның шустрый болғаны да пайдалы екен  Бірақ, үйдегілерге айтпай кетіп, аздап сөгіс естідім.
Сосын, туған жерім дегендей Шымкентке тартып тұрдым. Барсам “ми қайнатар” ыстық. Қайбір күндері күннің ыстығын бәзбір білгіштер +48-ге дейін барды десіп шулап жүрді. +48-бе, +50-ме, бәрібір Астананың салқынына үйреніп қалған басым демігіп қала жаздадым. Күн деген шыжып тұр, көліктің терезесін ашып қалсаң самал соғудың орнына ыстық жел ұратынын қайтерсің. Шымкенттік болғанымызбен таудың саясында өсіп, қаланың ыстығынан аман қалып жүретінбіз. Ал жұмыс істеп жүрген жылдары ұзақты күн кабинеттен шықпай, қас қарайғанда бір-ақ шығатынбыз. Ол туралы айтар болсам ұзынсонар әңгіме болып кетеді. Сонымен, отпускі өтті де кетті. Астанаға келсем күн түнеріп тұр екен. Бірақ, соңғы күндері Астананың қабағы ашылып тұр. Тфә, тфә.

Айтпақшы, Ыстықкөл туралы бұрын онша мән бермейтінмін. Барсам көлдің суы керемет, тап-таза, мөлдір, үңіліп қарасаң түбі көрінеді. Суы тұзды, шипалы екен. Жағасында құмға қыздырынып жатқандардың көбісі Алматы, Оңтүстік жақтан барған қазақтар мен орыстар. Сөздің ашығы керек, әсіресе орыстар көп барады екен. Бізбен бірге бір автобус болып орыс ағайындар барып еді, қайтар кезде де “Қордай” бекетінен бері қарай Ыстықкөлге ағылып жатқан орыстарды көрдім. Орыстар негізі демала біледі. Ал, біздің қазақтың жазы шапқылап той жасап, баласын оқуға түсірумен, құда күтумен, қыстың қамына дайындалумен-ақ өтіп кетеді. Сөзіңе дәлел іздеп әуре болмайсың. Үйге келсем, әпкем мен жездем Кентауға бір тойға кетіпті. Сонда олардың қай кезде демалатынын құдай білсін. Келген соң да қарап жатпады, қызы мен күйеу баласын, құдағиын қонаққа шақырды. Бір жақындары қайтыс болып, соның жетісіне кетті, сосын одан “үһ, аһ” деп шаршап келіп еді, ертесіне тағы бір таныстарының қайтыс болғанын естіп, соған кетті шапқылап. Шымкенттегі әр қазақтың шаңырағындағы тіршілік осы. Бұл бірінші көрініс.

Екінші көрініс, базарға бардым. Астанадағыдай емес, мұнда жеміс-жидек, азық-түлік, киім-кешек бәрі арзан. Аста төк молшылық! Әбден Астананың қымбат бағасына, суықтығына үйреніп қалғандықтан ба, кейде оңтүстіктің халқының пейіліне, еңбекқорлығына риза болып кетесің. Шығыстың базарын аралап жүргендей әсерде қалдым. Жер үйде тұратындардың бақшасында жүзімдер майысып пісіп тұр. Шехеразаданың елі дерсің. Бұл менің біртіндеп астаналық бола бастағаным ба, жоқ өз туған қалама бұрын байқамаған көріністерге енді мән беріп жатқандығым ба, әйтеуір өзім де білмеймін, Шымкентті шырайлы қала деп жайдан жай атйпайтынын түсіндім. Дүйсенбі жұмысқа келген соң, екі күндей “ұйқысырап” әрең жүрдім. Бастығым да сыралғы адам ғой, “Қалай, жұмысқа қолың жүрейін деді ме?” деп сұрап қояды. Біліп тұр ғой, өзімнің каналыма түсе алмай жатқанымды.

Жалпы, айтайын дегенім, осы біз қазақтар демала білеміз бе? Демалсақ та қалай өткеріп жүрміз?
Әрі қарай