Футболдағы фанат ұғымы қалай өзі? Белгілі бір клубқа жан-тәнімен жанкүйерлік етуі ме? Жалпы футболға Отан ұғымы керек пе? Басқа елге, клубқа жанкүйерлік етудің несі айып? Гаста адамдардың неліктен бір жаққа фанат болатынын ашып түсіндіре алатын шығар, бәлкім. Мені мазалап отырған сұрақ — өз елінің клубына жанкүйер болмағанды сатқын деу лайықты ма?
ХАЛА МАДРИД !!! Интернетті ашып-жапқанша мінекей бір апта да өтіп кетіпті. Еуропада Футбол маусымы қызуға бетбұрыс жасап жатыр, трансферлік терезе жабылысымен қыза түсетініне сенім берік. Сонымен іске көшейік, Мадридтік Реал ертең гранадалық ГранадаменНуэво Лос Карменес стадионында Ла Лиганың 2-турын жабады.
Рауль. Бұл адамды танымасаңыз, футболды көрмей кетсеңізде болады. Бірақ, Реалдың періштесіне баланған Раульды білмейтін адам жоқ шығар. Сол Реалдың мәңгілік капитаны саналған Рауль кеше футболдағы соңғы матчын өткізді басқаша айтқанда карьерасына нүкте қойды. Сантьяго Бернабеуде өткен «Саньтяго Бернабеу кубогы» үшін Реал Мадрид пен Катардың Аль Садд командасы кездесу өткізген еді.
Кешегі ойынның қорытындысы, өзімше бір тігіліп болжам айта қойып едім 4-0 деп, Шиваға жақпай қалдым-ау деймін. Қарапайым ғана, сонда да адуынды Бетисті әупірім деп жүріп жеңдік енді өйтіп-бүйтіп, бастысы мен үшін 3 ұпай қалтада. Мадридтіктер Каталондықтар секілді голдан тау тұрғызбаса да кішкене болса да голдан төбе жасады. Ойынның есебі 2-1. Қанжығасы майланғандар: Бензема мен Иско (менің құрдасым ол)
ХАЛА МАДРИД !!! Бәріміз болмаса да көбіміз асыға күткен Еуропаның футбол маусымы басталды. Әр адамның өз сүйікті командасы болады дейді ғой Шива, сол секілді менің сүйіктім Мадридтің РЕАЛЫ еді.
Еуромаусымымдық ойындарын әлі де жалғастырып жатқан қазақстандық екі клубтың қарсыластарын білдік. Қуануға да болады, «жеребе сәтсіз» деп, футбол құдайларына лағнет айтуға болады. Екеуі де оңай алдыра қоймасы анық. Алайда бұл матчтар біздің клубтар үшін үлкен тәжірибе болатыны да сөзсіз.
Футбол сүйер қауымның назарына: бүгін Швейцарияның Ньон қаласында Европа лигасының топтық кезеңіне жолдама беретін плей-офф жеребесі тартылды. Ел үмітін арқалаған
Бәріміз де Қарағандының «Шахтер» футбол клубының УЕФА Чемпиондар Лигасындағы сұрыптау кезеңіндегі жетістіктеріне куә болып, мәз-мейрам болып жатырмыз. Алғашында былтырғы ЧЛ топтық кезеңінде болашақ чемпион Баварияны 3-1 есебімен ұтқан БАТЭ-ны жерлестеріміз екі ойында да тізе бүктірген еді. Ал 3-ші раундта албаниялық Скендербеу командасын бірінші ойында 3-0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл жеңіс барлық қазақстандық жанкүйерлердің арманы орындалуының үлкен қадамы болып отыр. Енді қарсы ойында уыстағыны жіберіп алмаса УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама аламыз.
Айтқым келіп отырғаны осы ойындарды Қарағандылықтар Астанада өткізді. Өйткені Қарағандыдағы стадион заманауи талаптарға сай емес. Шахтердің соңғы жетістіктеріне қарап, командаға жаңа стадион керек екендігі білінеді. Оны жергілікті басшыларда біледі. Тіпті стадионның болашақта қандай болатындығы, оның макеті интернетте жүр. Суретке қарасаң таңғаларлықтай. Үсті шаңырақ тәріздес болып келеді екен. Отыратын орындар саны 30-50мың шамасында. Алайда мұндай кереметті салу үшін 30миллиард теңге қажет. Жергілікті басшылар мүндай қаржы жоқтығын айтады, және де инвесторларды іздеуде.
Менің ойымша мұндай ақша бөле алатын инвесторлар біздің өңірімізде бар. Облыста "Қазақмыс" және «Арселор Миттал» секілді екі алпауыт компания орналасқан. Екеуінің қайсы болмасын осындай қаражатты бөлуге шамалары жетеді. Тек осы мәселені көтеретін азаматтар аз болып отырғаны. Облысымыздан щыққан Елімізде жоғары орындарда отырған адамдар да аз емес. Тіпті Елбасымызда осы өңірде еңбек етті ғой. Болашақта елімізде футболдан дүбірлі додаларды қабылдауға дайындалатынымыз туралы да көп айтылады. Олай болса қазірден бастасақ қайтеді? Міне осындай жетістіктерді пайдаланып қалуымыз керек қой отандық футболды дамыту үшін. Осы ағаларымыз сөз салса, инвесторлар ағып келеді деп ойлаймын. Қарағандыда футболды жұрт сүйеді, міне «Шахтер» біздің қуанышымызға айналып отыр. Осы жұртқа енді сыйлық ретінде стадион салыну керек деп ойлаймын. Футболисттерімізде өз қаласында, өз жанкүйерлер алдында ойнағаны да ұнайды деп ойлаймын.
P.s.: Стадион саламыз деп, қарапайым жұмыскерлердің жалақысынан айрып тастамаса болғаны.