Қарағандылықтарды құттықтаймын!

Тәуелсіздіктің 20 жылдығында жеңіп алған тұңғыш алтындарымен Қарағандылық «Шахтер» клубының ойыншыларын және жанкүйерлерін құттықтаймын! Өз кезегімде «Ақтөбенің» үшінші орынға іліккені үшін қуанғанымды және бірінші орын ала алмағаны үшін өкінгенімді айтқым келеді. Енді Кубоктық ойындар ғана қалды! Жеңісіміз көп болсын! Жеңісіңмен, Қарағанды!

ҚАЗАҚСТАН – АВСТРИЯ 0:0. АВСТРИЯНЫ АЛЫП ҰРУҒА НЕ ЖЕТПЕДІ?


Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Австриямен тең түсті — 0:0. Ойын өрнегі халыққа тағы сеніп ұялады. Жеңіске жетпесек те ойын өрнегі халыққа қуаныш сыйлады. Бізге жеңістің ауылы жақын еді. Бірақ Гридин, Мұжықов, Мұхтаров, Остапенколар тамаша мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Жеңіс біздің ауылда қалу керек еді. Жігіттерге дәлдік жетіспеді. Сонымен, біз үшін Еуропа біріншілігіне іріктеу сыны аяқталды. Бір жеңіс, бір тең ойын қоржынымызда. Нәтижені сараптау бапкерлер тобы мен федерацияға қалдырармыз. Бірақ бізде мүмкіндік көп еді. Мәселен, Түркиямен тең түсер сәтті уыстан шығарып алдық. Ал бүгін біз Австрияны ұтуға мүмкіндік мол еді. Болмады
Әрі қарай

ФИФА түзген әлемдік рейтингте Қазақстан құрамасы 5 саты төмендеп, 131 орынға сырғыды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек алда болатын Бельгия(07.10.2011) мен Австрия (11.10.2011) ойынына қатыстын ұлттық құраманы жасақтады. Ал кеше ФИФА түзген әлемдік рейтингте Қазақстан құрамасы 5 саты төмендеп, 131 орынға сырғыды.
Әрі қарай