Қазақ алаңындағы лезгинка

Астанада футболдан «Президент Кубогы» халықаралық турнирі аяқталып, Қазақстан құрамасы алғаш рет жеңімпаз атанды. Бірінші ойындардан еліміздің командасы сапындағы санаулы қазақты аңдып, солар кішкентай болса да, әдемі әдіс жасаса қуанып отырдық.
Шешуші матч аяқталған соң Қазақстан командасы алаңда қуанып, жанкүйерлерге алғысын білдіріп, біраз жүгірді. U-17 жас дәрежесіндегілер турнирі болғандықтан бұл 15-16 жасар балалар, шынайы қуаныштары сезілді. Әдеттегідей отыз мыңдық Астана Аренада адам көп болмады, бірақ жиналған 2-3 мыңнын 99 пайызы қазақ болғанын нақты айта аламын. Бәріміз қуанып жүрген жас аяқдопшыларға қарап, сүйсініп тұрдық. Бірақ маған бір ұнамаған жәйт: осы жеңісті тойлау барысында қазақтың алаңында биленген лезгинка биі.
Мен түсінем, коммерциялық мақсатта құрылатын футбол не басқа спорт түрлерінен клубтардың легионерлері үлкен жеңіске жеткен кездерінде өздерінің туған жерлерінің туларын алып шығып, өздерінің ұлттық билерін билеп жүреді. Ал, Қазақстан ҰЛТТЫҚ құрамасында өнер көрсетіп жүріп, біреуі лезгинка билеп, ал қалғандары соған қол шапалақтап тұрғаны қалай?

Әрі қарай

«ЧЕЛСИДІҢ» ЖҮРЕГІ

Фрэнк Лэмпард… Ағылшын футболы мен әлем футболына танымал есім. «Вест Хэм» клубының негізгі құрамынан орын алып, Англия футболының алғашқы баспалдақтарын басар сәтте оны көпшілік бірден тани қоймады. Ол кездері Стивен Джерард, Рио Фердинанд, Майкл Оэуен сияқты футболшылардың жұлдызы жарқырады…


2001 жылы «Вест Хэм» сапындағы беймәлім бозбаланы атақты лондондық клуб «Челси» сатып алды. Оның қабілеті мен шеберлігіне көз тіккен «Челси» басшылығы Фрэнктен үлкен үміт күтті.

2003 жылы белгілі ресейлік олигарх Роман Абромович «Челсиді» сатып алды. Аз ғана уақыт ішінде ақсүйектер Англиядағы үздік ұжымдар қатарына енді. Ал, «Челси» сапында қадамын енді басқан Лэмпард ұжымның мықты ойыншларының қатартына кірді. Еңбексүйгіштігі мен табандылығынын арқасында талайды тамасандырыр футбол көрсетіп, керемет деңгейге көтерілді. Дәл қазір Фрэнк Лэмпардттың футбошылық карерасындағы маңызды даталарды саралап өтсек…

11 маусым 2001 жыл- Дәл осы күні Фрэнк Лэмпард өзінің туған клубы «Вест Хэмнен» қазір ойнап жүрген «Челсиге» ауысты.

2 қыркүйек 2001 жыл- Дәл осы күні ол «Челси» сапындағы алғашқы ресми матчын өткізді.

2004-2005 жылғы маусым- Фрэнк дәл осы маусымда АПЛ-дің барлық жартылай қорғаушылары арасындағы көп гол соққан жартылай қорғаушы атағына қол жеткізді. Дәл осы маусымда ол 12 голдың авторы атанды.

30 сәуір 2005 жыл- «Челси» арада 50 жыл салып Англия чемпионы атанды. Лэмпрд Премьер-лиганың соңғы және жауапты матчында «Болтонға» қос доп соғып, дубль орындады.

16 ақпан 2008 жыл- Дәл осы күні Фрэнк «Челси» клубы сапында жүзінші голына көрімдік сұрады.

12 наурыз 2008 жыл- Дәл осы күні ол Англия Премьер лигасындағы алғашқы покерін жасады. «Дерби Куанти» клубына қарсы ойында қарсылас қақпасына қатарынан 4 допты тоғытты.

24 сәуір 2008 жыл- Оның өміріндегі ең сәтсіз күн. Дәл осы күні оның анасы Пэт Лэмпрд аыр науқастан қайыс болды…

30 сәуір 2008 жыл- Анасының қазасына қаймықпай, қайсарлық танытқан ол дәл осы күні Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Ливерпульге» керемет гол соғып «Челсиді» финалға шығарды.

21 мамыр 2008 жыл- Чемпиондар лигасының финалы….Фрэнк Лэмпард «Манчестр Юнайтед» қақпаснына гол соқты және осы маусымдағы чемпиондар лигасындағы үздік жартылай қорғаушы атағына қол жеткізді.

13 тамыз 2009 жыл- Дәл осы күні ол «Челсимен» 5 жылға келісім-шартқа отырды. 39 млн фунқа келісімге келген ол Премьер лигадағы жалақысы жоғары ойыншылар тізімінде көш бастады.

17 қаңтар 2009 жыл- «Сток Ситиге» қарсы ойында ол «Челси» сапындағы 400-інші кездесуін өткізді.


24 желтоқсан 2009 жыл –Фрэнк Лэмпард Англия футболындағы соңғы онжылдықтың (2000-2010 жылдары) үздік футболшысы атанды.

19 мамыр 2012 жыл- Чемпиондар лигасының финалы… «Челсиді» чемпиондар лигасының финалында капитан ретінде Фрэнк Лэмпард бастап шықты және капитан ретінде Мишел Платиниден Кубокті алып басынан асырды.

17 наурыз 2013 жыл- Лэмпард «Челси» сапында 200-інші голын соқты.

Дәл осы матчтан кейін журналистерге берген сұхтында:

-«Челсиге» алғаш келген сәтте дәл осындай деңгейге көтерілемін деп ешуақытта ойлаған жоқпын. «Челси» сапында 200 матч өткізген сәтте қалай қуанғаным әлі есімде, ал 200 гол соққан кезде қуанышым қойныма сыймады.

«Челси»-бұл менің өмірім. Бұл клуб менің мәңгі жүрегімде…

Әрі қарай

Қазақша Эль-Классико: ФК Ақтөбе vs Тобыл 1-0 (бірінші тайм фотолары)

Футбол, тек қана футбол!: Қазақша Эль-Классико: ФК Ақтөбе vs Тобыл 1-0 (бірінші тайм фотолары)Міне, ақтөбеліктер мен қостанайлықтардың көптен бері күткен матчы қаламыздың басты футбол алаңында өтті. Қазақстанның футбол біріншілігінде принципиалды қарсыластар ФК Ақтөбе мен ФК Тобыл арасындағы кездесулер қашан да қызық болатын. Жексенбі күні, яғни 5-нші мамырда өткен кездесу соны дәлелдеді десек артық айтпаспыз. Дегенмен, ақтөбеліктер басты мақсатқа әдемі ойыннан гөрі нәтижені қойғанын байқадым. Бірақ футболда бәрін нәтиже шешпей ме?! Біз қостанайлықтарды өз алаңымызда жеңе алдық, оған да шүкір. Енді сіздерге сол матчтан өзімнің түсірген фотоларымды ұсынғым келіп отыр. Түсірілген 1200 фотодан маңыздылары мен сәтті шыққандарын іріктеп алудың өзі біраз уақытты алатыны белгілі. Өзімнің санауымша жаман емес шыққан фотолар жеткілікті болғандықтан оларды екі фотосетке бөлуге тура келді, сонымен төменде фотолар:


ПыСы: Қалған фотоларды екінші фотосеттен көре аласыздар.)
Әрі қарай

Фанаттар баннері қалай жасалады?



2012 жылғы Еуромаусымда қазақстандық клубтардың ішінде алысқа шапқаны әдеттегідей «Ақтөбе ФК» еді. Соңғы бельгиялық Генкке қарсы матчта Ақтөбе Орталық стадионының «13-сектор» фанаттар бірлігі орналасқан секторында үлкен баннер ашылды. Баннерде Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт, Әбілхайыр хан ескерткіші және шаңырақ бейнеленген. Астындағы жазу: «ЕЛ ҮМІТІ КІШІ ЖҮЗ». Бұл сөздер шовинистік мақсатта емес, Кіші жүздің жауынгерлігі қасиеті туралы, Ақтөбенің Еуропада қалған соңғы команда, соңғы үміт екені турасында жазылған.

Ал енді осындай 2 минут қана ашылып тұратын баннердің қалай жасалатынын қарап көрейік.
Әрі қарай

Жұмыстан кейінгі екінші тайм: Ақтөбе - Жетісу 1:1

14-нші сәуірде жексенбілік жұмысымды аяқтап, бірден «Футболдан облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиада резерві»-не тарттым. Бірінші тайм басталып кеткен екен, шамамен 10-ншы минутында бардым. Енді билет сатып алайын десем, сатушылар сатпай қойды. Неге десеңіз, стадионда орын жоқ екен. «Билет бар, бірақ орын жоқ»! Бірінші тайм кешігіп келгендер үшін осылайша тірі аудиотрансляция арқылы өтті. Амал не?! Екінші таймды күтуге тура келді. Ойынның екінші жартысы 1:1 есебімен басталды. Оралдағы жағдай қайталанды.)) Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер аз шыққан жоқ, алайда фотосетке тек 30-ы жүктелінеді. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақтөбе — ақ, Жетісу — көк түсті формаларда.
Әрі қарай

Чемпион болар күн қашан?

Сен салмадың мен салдым,
Қайырлы болсын сіздерге,
Бізден бұл қалған теңбіл доп.
-Уэйн Марк Руни

  Қазтуғанша жырласақ: "Қайран да Қазақ футболы, Чемпион болар күн қайда?". Бүгінде 90-минут «синдромынан» кейін ұлт футболы жайлы әңгіме айтудан қалдық. Әлем чемпионатына қатысу бейне бір оқырманына жетпеген, жазылып бітпеген «поэма немесе эпопэя» секілді. Кейде кездейсоқ бір ой келеді. Алтыдағы баласынан алпыстағы шалына дейін ала доппен ауырған Еуропаға қосылмай-ақ, Азияда алшаңдай басып жүре бермедік пе деген.Қаржысын қайда жұмсарын білмеген атымтайлар ай қарап жүрген шақта, теңгеден теперіш көрген "Қайсарлықтар" ел премьер лигасына қатыса алмай отыр. Отандық аяқдоптың деңгейі қашан көтеріледі? Айтпақшы, биыл қуанышы мен жубанышы егіз қазақ футболына 100 жыл толды. 1913 жылы жас Мұхтар Әуезов құрамында болған алғашқы футбол командасының атауы «Ярыш» деп аталған-ды. Міне ұлы Мұхаң ойнаған қазақ футболы тұп-тура бір ғасырды артқа тастапты. Біз ғасырлар тоғысында неден ұттық, неден ұтылдық?
Ғасырдан да ұзақ 90 минут...
Әрі қарай