Сіздер қалай ойлайсыздар?

Мені ауданға жастар форумына баяндама оқуға шақырды. тақырыбы «Жастар — тәуелсіздіктің тірегі». Өз ауылың және ауылыңның жастары туралы, жастар саясаты туралы жаз деді. Майын тамызып, ауылдағы жастар өмірін, олардың жетістіктерін жазып жіберсем, бұл жарамайды деп қайтарып жіберіпті. Енді қайта жазу керек. Жолдау, Жас Отан туралы жазуым керек екен. Қысқаша осылай:
Жастар – тәуелсіздіктің тірегі.
Жастар – қай заманда да, қай жерде де ақсақалдар мен аға буын өкілдерінің, жалпы бір ұлттың сенім артар ұрпақтары. Қазақстандағы жастар, ол-осы шақтағы студенттер, оқушылар, өсіп келе жатқан жасөспірімдер. Біз ¬-талай тарихи оқиғаларды басынан кешіре отырып, ата-бабамыздың қанымен, жанымен келген тәуелсіздікке ие болған Қазақ елінің, ұлы қазақ халқының бақытты да тәуелсіз ұрпағымыз. Еліміздің келешегінің келбетті, бола¬ша¬ғының баянды болуы да біздерге байланысты. Біз – еліміздің «ертеңін жа¬сайтын бүгініміз». Жастарға де¬ген үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де – жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та біздерге, жастарға, ерекше сенім арта оты¬рып, жастардың жағдайын жа¬сауға баса назар аударады. Ел президентінің жыл сайынғы Жол¬дауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты болуы, кез келген мемлекеттік ма¬ңызы бар стратегиялар мен ма¬қа¬лаларында, сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – соның айқын дәлелі.
Білім және ғылым министр¬лігінің жанында Елбасының тікелей тапсырмасымен Жастар сая¬саты жөніндегі Комитеттің, жергілікті жерлерде басқармалардың құрылуы, Жастар саясаты туралы мемлекеттік заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізі¬летіндігі, 2020 жылға дейінгі арнайы Тұжырымдаманың қабыл¬данатындығы – көп көңіліне медеу. Бұл жүрегі елім деп соққан әрбір жас қазақстандыққа қанат бітіретіндігі сөзсіз. Бұны Елбасының жастарға деген қамқорлығы деп білеміз.Тәуелсіздік алған жылдары дүниеге келген балалар қазіргі 22 жасар күш-қуаты мол, білімді жас болып табылады. Олардың алды жоғарғы оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналасуда. Яғни, Қазақстанның тәуелсіз ұрпағының еңбегінің жемісін көрер шағы осы кезден басталады. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманыда осы еді.
Қазіргі уақытта ел болашағына деген негізгі талаптар мынау:
— Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы, яғни денсаулығының мықты болып, өз өміріне немқұрайлы қарамау және жаман әдеттерден аулақ болуы; Бұл мақсатта елімізде 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салтын ұстану» туралы бағдарлама жүргізілуде.
— Патриоттық сезім, мемлекетіне, тарихына, тіліне, халқына деген махаббат, құрмет, тәуелсіздіктің қадірін түсіне білу. Осы мақсатта тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылға арналған бағдарламасы, ҚР азаматтарының патриоттық сезімін дамыту бағдарламасы жұмыс жасайды.
— Білімді, тәрбиелі болу, яғни өте сапалы да жан-жақты ақылды болу керек, себебі қазіргі заман талабы солай. Жастар бір уақытта абсолютті түрде барлық нәрсеге үлгеру керек, қазіргі заманда ақпараттар ағыны өте жылдам. Оны қабылдап, сұрыптап, қажетін пайдалануға дағдылану керек.Сонымен қатар мәдениетті, тәрбиелі болуы шарт.Бұл мақсатта 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың бағдарламасы жұмыс жасайды.
— Жастардың өзіндік өмірлік мақсатының түпкі бастауы, бұлақ көзі «еліме қандай да болмасын бір пайдам тисе екен» деген негізгі мақсат болуы керек.
Ал, бұл талаптар орындалуы үшін жағдай керек. Ал, ондай жағдайлар Қазақстан жастарының қолында бар. Жастардың қоғамдағы орны мен саяси, әлеуметтік құқықтары туралы аз айтылып жүрген жоқ.1999 жылдың 28 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы, 2004 жылы 7 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң бар.Заңда мемлекеттің жастар саясатын жүргізудегі мақсаттары мен міндеттері де айқындалған. Сол заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты жастарды ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде тани отырып, жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн қанағаттандыру, жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру, жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділікті қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылатыны белгіленген.
Қазақстанда жастармен жұмыс жасайтын «Жас Отан» жастар қанаты бар. «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» саяси доктринасын және «Қазақстан — 2050» стратегиясын жүзеге асыру барысында «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен «Жас Қыран», «Жас Ұлан» сияқты балалар ұйымдары және жастар ұйымдары бірлесе жұмыс жасайтын болады. Саяси доктрина ең біріншіден жастарға бағытталған идеологиялық құжат, онда айтылған құндылықтар, жалпыға ортақ факторлар, барлығы бүгінгі жастарды дамыту жағдайына бағытталған. Сондықтан оны «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі ретінде қарастыруға болады. Себебі бүгінгі жастар 2050 стратегиясында айтылған мақсаттардың барлығына қол жеткізеді, стратегияның жемісінің, нәтижесінің куәгері болады.
Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жастардың сапалы білім алуы, жұмысқа орналасуы, сонымен қатар жастардың бойындағы отан сүйгіштік, адамгершілік және рухани құндылықтарды дамыту біздің басты мәселелеріміздің бірі болып қала бермек. Осы орайда «Жас Отан» Жастар қанаты өздеріңізге белгілі «Сәтті қадам», «Жастар-Ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар-Отанға!», «Стоп қылмыс!», «Кел, жастар, оқылық!» жобаларын жүзеге асырып жатыр.
22 жастағы жастарда ата-анасының шамалы ақшасы мен өзінің кішкентай стипендиясынан басқа ештеңе жоқ. Бірақ, жастарда күш-қуат, денсаулық пен сапалы білім болса, айқын мақсат болса – олар алға ұмтылады, дамиды, діттегеніне жетеді. Қазақстанда сондай — мақсаты мен байлығы бар, ендігі кезекте жастар оның күш-қуаты, білімді бола білуіміз керек. Сонда ғана ел дамып, биік белестерге жетеді. Сонда ғана байлығымыз өз қолымызда қалып, өндіруші өзіміз боламыз. Сонда ғана тәуелсіздігіміздің тамыры тереңге бойлап, көк туымыз халықаралық аренада нық бекитін болады. Бәрі жастардың қолында.
Елбасының жастарға арналған мына бір сөз¬дері әр жас азаматтың санасында жаңғырып тұратыны анық: «… жастарға айтарым – сендер халықаралық кеңістіктегі бәсеке¬лестік күрестен сырт қалмауға ұм¬тылыңдар. Ол үшін тиянақты білім керек. Сосын сол білімдеріңді өмірде жарата білуді, оны нақты пайдалана білуді үйреніңдер. Әсі¬ресе не істеу керектігін жете түсі¬нулерің қажет. Сонымен бірге, сендер қандай да бір өзгерістерге қашанда дайын тұруларың керек. Әйтпесе, ғаламдық деңгейдегі Қа-зақстанның бәсекеге қабілеттілігі әншейін бос сөз болып қалады».
Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді сала бермекпіз.
Құрметті аға-әпкелер, достар! Сіздердің қандай ой-пікірлеріңіз бар? Не алып-қосар едіңіздер? Өалай қызықты баяндама қылуға болады? Тез арада жауап күтемін!
Әрі қарай

Бейсен Ахметұлы. Тәуелсіздік күнін өзгерту керек!

16-ншы желтоқсан Тәуелсіздік күнін өзгерту жөнінде бастамалар әр жерден көтеріліп жатыр. Бұл — әлбетте, бүкілхалықтық мәселе екенін ақын әрі жалпыхалықтық дәрежеде шешілуі тиіс екені де хақ.

Біз Тәуелсіздік күнін өзгерту тақырыбына келіп түскен екі материалды: Серік Әбдіреш. ҚАСИЕТ ПЕН ҚАСЫРЕТ НЕМЕСЕ 16 ЖЕЛТОҚСАНДЫ АЗА ТҰТУ КҮНІНЕ АЙНАЛДЫРҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕРГЕ АШЫҚ ХАТ (http://abai.kz/content/kasiet-pen-kasyret-nemese-16-zheltoksandy-aza-tytu-k-nine-ainaldyrgysy-keletinderge-ashyk-kh ) және Бейсен Ахметұлы. Тәуелсіздік күнін өзгерту керек! (төменде) қатар жариялап отырмыз.

«Abai.kz»

Тәуелсіздік мерекесі күнін алмастыру керек. Бұл күллі халықтың назарындағы мәселе. Себебі:

1. Күннің суықтығы адамдардың далаға шығып, серуендеуіне мүмкіндік бермейді.

2. Ұзақ уақыттан бері Желтоқсан оқиғасына байланысты қаралы күн ретінде халық көңілінде орнады. Оған Жаңаөзен трагедиясы тағы қосылды. Тіпті Желтоқсан оқиғасы туралы бірнеше кинолар түсіріліп, кітаптар жазылды. Сондықтан ондай қаралы күнді ұмыту мен ұмыттыру мүмкін емес. Біреу құран оқып, нәзір беріп жатқанда, біздің той тойлағанымыз ұят әрі адамдыққа жат.

3. Ел жаңа жылға дайындалып, жаңа жылдық көңіл-күймен ауыса бастайды.

4. ҚР тәуелсіздігі туралы декларация қабылдаған 25- қазан Тәуелсіздік мерекесі болуға лайық.

Демек, ҚР тәуелсіздігі туралы декларация қабылдаған 25- қазан Тәуелсіздік мерекесі болуға лайық. Күнде жылы, күзгі жиын-терім ақырласқан, халықтың көңіл күйі көтерілген кез. Өрендер мен жастар үшін отаншылдық қимылдар өткізуге де қолайлы.
Әрі қарай

Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!



Құрметі сайттастар, ұлттастар!

Ежелден еркіндік аңсаған халқымыздың негізгі, бас мерекесі құтты болсын. Тәуелсіздік чемпиондық атақ сияқты. Біреуге оңай, біреуге қиын жолмен келеді. Қалай келгенде де оны сақтап қалу ең қиыны. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Құрметпен админдерің.
Әрі қарай

Тәуелсіздікті әз біреулер дұрыс түсінбей жүр.

Тәуелсіз ел екенімізді әрі ең басты құндылығымызда осы тәуелсіздік екенін әз біреулердің түсінбей қарсы пікір айтып, теріс пиғыл танытым жүргені күні бүгін пайда болған іс-әрекет емес. Қазақ, қазақ болып тәуелсіздік алған кезден бастап дәл осындай кері тарпа пікірлермен қисынсыз ой таласының туындағаны рас. Әрине күні кешеғана кеңес үкметінің қағидасына үйреніп қалған елдің нарықтық қоғамға бой үрете алмай сондай пікірде болуы жөн-ақ еді. Бірақ одан бері бақандай жиырма жыл өттіғой қоғам өзгерді, қазақ өзін күллі әлемге нағыз тәуенлсіз мемлекет ретінде таныта білді. Өмірі болмаған жетістіктерге жетті. Осының барлығын көріп, біліп отырып «Қазақстан тәуелсіз, өз бетімен күнін көре алмайды» деген ақылға қомбайтын сөз айту мүлдем масқаралық. Бұл айтылған сөзді нақты біреу айтты деп көрсете алмаймын бірақ біздің қоғамның осы пікірге сай өмір сүріп жаттқаны осының дәлелі.
Кезінде барша жұрт келеңес үкіметі түсында мемлекеттің кез-келген шығарған заңы болсын, ережесі болсын соған ілезде көніп мемлекеттің істеген әр ісін жаппай ел болып қолдап, сүйсіне атқаратын еді. Бүгінгі күні мемлекет бір заң шығарса артынан мың баптпан өсекпен, жүз қырлы қырсық еріп жүреді. Мемлекеттің атқарып жатқан іс-әрекетін мәз біреулер бір ауыз сөзбен масқаралап жоққа шығарып жатады. Осы келеңсіздікпен менсінбеушілікті көргендер « ей қазақ ешқашан өз бетімен ел бола алмайды» деп аузына келгенін блапыттап бықсытып қойады келіп.
Өз басым бұндай қауөсетті тәуелсіздіктің мәнін түсінбейтін бөз бүйрек бірелердің сандырағы деп біліем. Біз тәуелсіздік арқылы ғана көзіміз ашылды. Үйтпесе бұрын сонды қазақ деген елді кім білген еді. Осы тәуелсіздіктің арқасы емеспе ел болып еңсе тіктегеніміз.
Ең құнды дүниеміз тәуелсіздік екенін әр қазақ азаматы терең түсінуі тиіс. Тәуелсіздікке кішкентай болсада қарсы пікір айтылуы мүлдем дұрыс емес. Оған жолда берілмеуі керек. Қандай жағдайда да тәуелсіздіктің қасиеті өз қағидаларына сай ел арасында өзіндік беделін артыра беруі қажет.
Біздің қоғамда тәуелсіздік туралы өте аз айтылады нақты еш қандай үгіт-насихат жүргізілмейді. Ауыз екі айтылып жалпылама түрде баяндалғанымен тәуелсіздік туралы дөп басып дараланып жүрген еш ұйымды кезіктірмейсіз. Тіптен тәуелсіздіктің құндылығы туралы мектеп қабырғаларында да арнайы сабақ ашсада артық емес. Айпесе мектепте сынып сағаттарында ғана жай бір тақырыппен өтіледі оның өзінде тек тәуелсіздік мерекесінің қарсаңына қарай арнай жоспар түрінде болады. Нақты оқушының санасында жатталып қалатындай еш дүние өткізіліп жатқан жоқ. Оған ұстаздар қауымы ренжімесін. Әрі бұны көріп білседе мемлекет еш шара қолданғанда емес. Тәуелсіздіктің қасиетін толық түсінбей өскен жеткіншек ертенгі күні 2011 жылдың аяғында тәуелсіздік күнінде болған Жаңаөзен уақиғасындағы шаңырақты өртеп, туды таптаған жастар сияқты бүлік шығармасына кім кепілдік бола алады. Сол болған оқиғаның бәрі тәуелсіздіктің қасиетін түсінбегендіктен шығып жатыр. Ал сол тәуелсіздік құндылығын халқына дұрыс жеткізе алмай отырған мемлекетте кіналә бұған.
Мемлекетіміз бұл олқылықтарды білмей жүрген жоқ әрине. Тек тездету керек. Бұл кезек күтірмейтін маңызды мәселе.

Мақаланы жазған: Қанат Айтуарұлы.
Әрі қарай

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік таңы атқан арайлы
Болашаққа нық сеніммен қарайды.
Желбіреді тек биікте жалауы,
Сөнбей жанып еркіндіктің алауы.

Қылшылдаған боз баланың жасындай
Аз мерзімде ірге тасы қаланыпты.
Бүкіл әлем мойындап қазақ елін,
Дамыған елдердің қатарынан саналыпты.

Астанасы аз уақытта бой түзеп,
Көк тіреген ғимараттар әдемі.
Осы жерден табылар-ау сұлулық
Әсемдіктің, кереметтің әлемі.

Ұлт аралық татулыққа ту тіккен,
Жарасыпты жұлдызымыз өзге ұлтпен.
Ынтымақпен сыйластықтың мекені,
Әлемге аян Қазақстан екені.

Сәтін салып, айы туып оңынан,
Қазақстан көшті бастап жолынан.
Халықаралық ұйымдарды басқару,
Келе бермес әр мемлекеттің қолынан.

Елімізде барлық бақыт тоғысқан,
Бақыттың білмес бағасында кей адам,
Назарбаевтай көшбасшыны бұйыртқан,
Мың тәуба жаратқанға дей алам.

Қазақстан жиырма жаста бүгінде,
Алып қыран самғап ұшқан көгінде.
Бейнесімен қайраттанған барыстың,
Бейбітшілік бастау алған жерінде.

Туған елім арта берсін ырысың,
Түзу болсын тіршілікпен тынысың.
Жүрегінде жұдырықтай әр қазақтың,
ТЕК СЕН ҒАНА, ТЕК СЕН ҒАНА ҰЛЫСЫҢ!!!

Марат Нигметжанов.
Әрі қарай

Два в одном

Бүгін өзіміздің шағын жанұямызда екі мереке.Біріншісі,әрине Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні болса, екіншісі біздің отбасы құрғанымызға 4 жыл толды. 2007 ж. дәл осы күні үйге келін түсіріппін. Осы сайттағы барлықтарымыз бақытты болып, біздерден тараған ұрпақтар тәуелсіз еліміздің көк туын биіктерден желбірете берсін!
Әрі қарай

Тәуелсіздік тұғырлы болсын, қандастар!

Баршаңызды Ел Тәуелсіздігінің 20-шы жылымен шын жүректен құттықтаймын!

Мейлі, біреуден артта болайық, біреуден кем, бірақ қалай болғанда да тәуелсіз елде өмір сүріп жатырғанымыз әмбеге аян. Мұны тіпті радикалдығы асқынған қай оппозиционер болса да мойындауы керек!

Тәуелсіздіктің өлшемі не өзі?

«Бас бостандығы» десем, коммунизмнің салқыны қаққандар оныма келіспейді. «Жан тыныштығы» десем, «Күйттегенің сол?» ма дейтіндер табылар. "Ішкенім артымда, ішпегенім" алдымда десем, «тоғышардың тірлігі» дейтіні сірә белгілі. Сонымен? «Тәуелсіздік» деген не өзі?
Әрі қарай

СССР қалай құлады? (хроника)



Тәуелсіздікке 20 жыл. Яғни, СССРдың да ыдырағанына 20 жыл. Азаттық радиосы 1985-тен 1991-дің желтоқсанына дейін хроникасын дайындаған екен. Видео, фото және мәтіннен тұратын бұл хрониканы қарап шығуға кеңес беремін. Техникалық жағынан да сәтті шыққан және бірнеше тілде қарауыңызға болады. Тек қазақ тіліндегі нұсқасында аударма қателері бар. Мысалы 1990 және 1991-де Беларусь тәуелсіздігін 2 рет жариялаған болып шығады. Сол жерін түсінбей қалып, орысшасын қарадым. Сөйтсем алдымен тәуелсіздік емес суверенитеті туралы жариялаған екен. Осындай аударма қателері болмаса былай өте жақсы шыққан жоба.

www.ussrfall.com/kazakh/
Әрі қарай