Қазақтар нағыз "НАЦИКТЕР"

Блог - KazaXXX: Қазақтар нағыз НАЦИКТЕР
"Қазақтардың бір-бірін көре алмаушылықтың сыры неде" деген сұраққа ойлана келе осындай тұжырымға келдім. Неге дейсіз ғой?! Түсіндіріп көрейін… Алдымда 2л кола мен парламенттің бір пашкесін қойып алып, арзан пәлсәпаға кірістім.
Әрі қарай

Қазақ тілі пәнінің сағатын азайту керек!

Дұрыс!
Себебі ме? Бірнешеу!
Өйткені бұрын аз болған, 2007 жылғы 25 қаңтардағы ҚР БҒМ-нің №25 бұйрығының негізінде факультатив сабақтардың есебінен 2010 жылы қазақ тілі пәнін 2 сағатқа көбейтіп жіберіпті. Ал бұл өзге тілдегі мектептердегі бағдарламаны шым-шытырық қылған да қойған.
Әрі қарай

Өзіңді өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер

Неткен жалтақпыз! Өз күшімізбен бірдеме істейміз дегенге үрейлене қараймыз. Ауылдағының аузы сасық дегендей… Халқымыздың тең жартысы мәңгүрттікпен күн кешуде. Екі қазақ қате-қате болса да, орысша сөйлеуге тырысады. Дүкенге барып, сатушы қазақ қызға, «Нокиаға жіңішке қуаттандырғыш беріңізші» десем, «какое? какое?» деп түсінбей, қолмен көрсетіп, ымдап жүріп әрең тауып берді. Онымен қоймай беріп жатып, «Это называется — тонкое» деп қояды. «Тонкое емес, жіңішке» деп бетіне бажырая қарадым. Ал ол мені өзінше қазақбай деп менсінбей тұр. Қазіргі халықтың көбісі, өздерін қазақша сөйлесе екінші сорт сезінеді, орысша сөйлесе дамағын заманауи адамдай болып тұрады. Қайдан білсін, нағыз заманауи көрінгісі келетін адам болсам, менің одан «Please, give me the charger for nokia with thin ending» деп сұрауға дәрежем жететінін. Біздегі ең басты мәселе, орыс ағайындар емес, осы қазақшаны менсінбейтін қазақтар. Оларды жеңу мүмкін емес те болар. Міне осындай халықпыз. Әйтпесе атам қазақ айтпады ма, "Өзіңді өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер", -деп. Бар қазақ бір қазақтай қазақша сөйлеп, жалтақтауымызды қойып, еңсеміздік тік ұстасақ, өзге ұлт көкірегін осынша керер ме еді?! Көңіл-күйім түсіп кетті
Әрі қарай

Ендігі жетпегені өзбекше жарнамалар ма?

Шымкенттік жергілікті телеарналардан өзбек тіліндегі жарнамаларды көріп, қай елде жүрмін деген сұмдық бір ойға келгенім бар.
Ташкенттік әншілер оңтүстікке келіп концерт беріп кетуді әдетке айналдырған. Ол түсінікті жағдай, себебі мұнда ақшалы өзбек диаспорасның өкілдері көп. Міне соларға бағытталған өзбек тілінде өздерінің концертіне шақырған жарнамалар жергілікті телеарналардан оқта-текте болса да беріліп қалады.
Меніңше бұл ұлттық қауіпсізідігімізге қатерлі үрдіс. 130 ұлт мекендеген елміз деп мақтанады біреулер. Сонда деймін, бүйтіп бейғамдық таныта берсек осы 130 ұлттың тілінде 130 түрлі жарнамалар беріп, онсызда өгей баланың күйін кешіп жүрген тілімізді одан ары масқаралата беретін секілдіміз. Әзірге олар (телеарналар) әншілердің жарнамасын ғана беруде. Ертең ақшасын жақсылап төлесе кезкелген тауарды өзбекше сайратып тұрып жарнамалайтын шығар. Бұның алдын алмаса ертең өзбек, неміс, ұйғыр, кәріс, түрік және т.б. тілдердегі жарнамалардан басымыз айналуы мүмкін. Сол кезде орыс тіліндегі жарнамалармен жылап көріспесек болғаны. Аллам бетін аулақ қылсын!
Әрі қарай

Тіл мәселесінің сұмдығы – ғалымдардың қауқарсыздығы мен опасыздығында

Тілгер-ғұламалар мен тіл иниституттарының сиқы

Міне, бұл өзекті мәселе. Қазақстанда тіл туралы құзырлы мекемелер жетерлік. Олар не істеп жүр? Ғалымдар ше? Менің апамның сөзімен айтқанда олар: «Шошқа тағалап, ай қарап, жұлдыз санап жүр». Қазақстан тәуелсіздік алғалы 22 жылға аяқ басты. Сол 22 жылда қазақ тілі грамматикасындағы бодандық тарапынан қордаланған қорлау үдерісі одан ары дамытылуда. Ақсақал академик ағаларымыз шамасы жеткенді қойып, сақалдарын сатып, сапаларын түсіріп жүр. Қазақта «Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық» деген бар. Мына сұмдықты 22 жыл кеудемде жасырып келдім. Енді сол академиктердің де керегі шамалы екенін тарих дәлелдеді. Грамматикалық сорақылықтарды түзетуге қабілеттері жетпеді. Ұят пен намысты ысырып қойып, ұлтқа жасалған опасыздықтарға қауқарсыздық арқылы үлес қосуда.

Академик-математик Асқар Жұмаділдаев ағамыз айтпақшы: «қазір академиктер екі түрлі болады, олар — есеп шығара алатындар және есеп шығара алмайтындар». Бұл — математиктерге қаратылып айтылғанмен барлық ғылым саласын жаулаған дерт. Атағы таудай, абыройдан жұрдай ғұламалар тобы әсіресе, осы тіл саласында топырлап жүр. Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынов (академик емес, қарапайым тіл зерттеуші) атамыздың жасаған әліппесін сақтаудың орнына бұзып, тіл грамматикасын табиғатынан ажыратып, басқа тілдік жүйеге бұрғаны өз алдына, енді егемен болғанымызда соны түзетуге қырын қарап отыр.

Әліпбиге опасыздық

Тіл жанашырлары айтпақшы, қазіргі әліпбиде «Бұралқы әріптер толып жүр». 42 әріппен мақтанып болдық! Енді ес жиятын уақыт келді. Бұл тілді бұзу үшін жасалған саясат екенін әлі ешкім білмей ме? Атап айтқанда Ь, Ъ, Я, Ю, Ё, Э, Ц, Ч, Щ, И,Һ, Х қатарлы әріптердің тиістілерінің көзін жойып, жарамдысын ғана қалдыру керек. Мысалы: Ц — с/тс; Ч — ш/тш; Щ — шш; Я — йа, йә; Ю — ыйу,ійу; Ё- йө, йо; Э — е; Х — қ түрінде жазу мүмкіндігі бар, қалғанын шұбыртып қажет емес.

Басқасын былай қойғанда, Х әрпін алайық. Тіліміздің табиғатында жоқ дыбысты қолдан жасап, түркі тілін парсы, арап тілдеріне бағындыру емес пе? «Х» дыбысын қазақы «Қ» дыбысынан гөрі жұмсақ дыбысталады деп оқытып жүрміз. Ал оны Ахмет Байтұрсынұлы атамыз шет тілден, атап айтқанда арап, парсы тілдерінен енген сөздерге «Бөгенай» (сыртқы тұрпатын сақтау) үшін пайдалану керек дегенін «академиктер» білмейтін сыңайлы. Бұл есекті жылқы деп айтумен бірдей ұятсыздық.

2. Қазақта бұралқы әріптерді қоспағанда — 26 әріп, 28 дыбыс бар. Мұнда «й, у» бірде дауысты бірде дауыссыз дыбыстың рөлін атқарады. Ендеше орысша айтқанда, «Й»-дің керегі жоқ. Тіпті, ал керек болса онда «У»-ға да бір «әріптес» жасап беру керек.

3. Һ, Х, Ф, В, Ч әріптерін Ахмет Байтұрсынұлы атамыз шет тілден енген сөздерге қолданылады деп көрсеткен. Бұл әріптер қазақ тіліне кірген сөздер үшін бөгенай ролын атқарады. Ал оны дыбыс ретінде санауға болама? Болса қалай қолданылады? Міне бұл қазақ грамматикасында бекітілмеген.

4. Бізде әліпби алмастыру маңызды емес, алдымен әліпбиді тазалау маңызды.

Бұл айтылған пікір тілгер-ғалымның емес, жай ғана тілді тұтынушының сөзі деп қабылдаңыз, бірақ қатесі мен жалғаны болса, ғалымдар жоққа шығарсын, қарсы пікірін айтсын! Олар қашанғы басын тыққан түйеқұс болып тілдің мәселесінен бас тартып отырады? Бұл мәселелерге неге Тіл комитеті, Тілбілім институты назар аудармайды, шешімді қолға неге алмайды? Латынға көшпесек те, қазіргі әліпбиді түзетіп неге тазалап бермейді? Соған да президенттің жарлығы керек пе? Ғылыми ұстаным мен принцип деген қайда? Елдегі жүздеген докторлар мен мыңдаған фиология ғылымдарының кандидаттары не қарап отыр? Ғылымға бөлініп жатқан миллиондаған қаржыны пайдалана алмайтын, жоба жасай алмайтын сорлылар қалған ба филологияда?

Тілдік сананың сатқындығы

Аударма. Орысша ойлап, қазақша аударып жазу. Қазақ тілінің сөз тіркестері мен сөз орамдары орыс тілінің заңдылығына бағынып бітті! Енді әйеліне қарай айтатын сөзді қазақ «сен екеуміз» демей, «сен және мен» деп тәлтіректететін болды. Бұның барлығы дүбәрә тілмаштар мен аудармашылардан тілге енген жаңа «норма»! Мұның бәріне «қой» дейтін қожа жоқ! Аударма саласы бетімен кетті. Онсыз да аудармашылар жетімнің күйін кешіп жүр. Ал аударма саласы қазақ тілін құрту саласына айналуда. Тіл мен сөз мәдениетінің жоқтығы мен үстінен қарайтын құзырлы орындарда соны түсінетін немесе білетін адамдардың жоқтығы тіл ауруын шегіне жеткізді. Аудармашыларға көмек құралдары мен электрондық саймандар, сөздіктер қыруар қаржы бөлінсе де әлі жоқ. Салмағы бес батпан сөздіктер кітап болып шығып, кімнің қолына тиіп жатқаны белгісіз, оның ішіндегі кеңестік ескірген архаизмнен атың үркеді!

Қазақ тілі орыс тілі арқылы шет тілдеріне шығып, ауқымы тарылып отыр. Мысалы, буырыл, құла, шалқұйрық сынды жылқы түстерін орысшаға аудара алмайсыз. Тарғыл сиыр деуге болады, ал тарғыл ат десеңіз менің апам күлкіден талып қалар!..

2. Атау сөздер(Термин). Термин мәселесі ушығып бітті. Тілді тексіз терминдер жайлады. Мысалы, әскери бұйрықтарға қараңыз: «Смирно!», қазақы баламасы «Қалши!». Бір қарағанда дөрекі естілгенімен, бұл қазақтың бейнелі сөзі онсыз да тікесінен түрегеліп тұрған адамға «Тік тұр!» деген топас тіркес қолданылып жүр. «Тік тұр!», «Еркін тұр!» деген бұйрық сөздерінің сипаты мен салауатына сай келмейтінін білмей ме? Жоқ әлі де тілді қорлағаны ма? Осы сөзді естіп, менің 70-тегі апам көзінен жасы аққанша күлген. Мен жерге кіріп кете жаздадым. Масқара! Сонда анау Алаш Орданың «Ди-хат!», «Ра-хат!» деген бұйрықтарын білмеуі мүмкін емес ғой. «Дихат» деген сөз көне сөз, «дихат етіңіздер, абайлаңыздар» деген бар емес пе?! Бұл елдегі тілдің қолданымы тілбілім ғылымы тарапынан тыс беталды кеткенін көрсетеді.

3. Қазақтардың тілі келмейтін сөздер немесе тіл табиғатынан тыс сөздерді термин немесе балама сөз ретінде қабылдау кенже қалған. Мысалы, «Функцияның» қазақшасы — «иқуат», «Конституция» — ата заң, «емблема» — құтбелгі т.т. Арам шөптей қаптаған, менің апам мен атамның тілі келмейтін сөздерді іріктеп, қазақ сөзімен алмастыру немесе тілдің дыбыстық заңдылықтарына үйлестіретін уақыт болды.

4. Екпін мәселесі. Қазақта тіл үндестік заңы бойынша талданады. Ал екпін мәселесі орыс тілі грамматикасының екпін заңы бойынша талқыланып жүр. Бұл есекке жылқының терісін кигізгендей мәселе. Қазақ тілінде екпін мәселесі басы артық жұмыс. Негізі екпін жоқ деуге болады, ол орыс тіліндегідей маңызды емес, қазақ сөзінде екпін біркелкі түседі. Ал, қазіргі ережедегідей әр сөздің соңына екпін түсіріп айтсаңыз, дем жетпей, Жансақтау бөлімінен бір шығуыңыз кәдік.

5. Тілшілік(Журналистика) тілі қарабайыр, жұтаң екені өз алдына — сауатсыз. Тілшілердің тіл туралы табиғаты таяздап барады, сонда оларға тіл сабағы жүрмей ме? Мысалы, «Болады ма? Болмайды ма?» — дейді. Бұл қазақшаны жаңадан үйреніп жүрген орыстар мен қытайлардың сөзі ғой. Шын мәнінде «бола ма, болмай ма?» деп тіл табиғаты мен заңына сай айту керек емес пе? Ондай тілі дұрыс шықпағандарды тілші ету — тілге қиянат!

6. Орысша род жасау мода ма? Қазақы тіл табиғатына қайшы ерсі нәрсе. Мысалы, «азамат, азаматша» деген сөздерді талдап көріңіз. -ша, -шын, -шық деген сөз түрлендіруші жұрнақтар бар. Азаматша — кәмелетке толмаған, толық азамат жасына жетпеген деген мағына береді, «тайынша» -екі жасар жас сиыр, сол секілді: буыр+шын, бұқа+шық сөздері де еркек түйе мен еркек сиырдың жас екендігін білдіреді. Ендеше «азаматша» деген әйелге қатысты сөз емес, кәмелетке толмаған, азамат деуге келмейтін адамды меңзейді емес пе? Бұл жұрнақтар алдындағы түбір сөзге анықтама бере түрлендіреді. Ал оны орысша родқа айналдыруды қай білгіш тіл грамматикасына енгізген?

7. Грамматикалық басқын. Орыс тілі грамматикасының қазақ тіліндегі грамматикаға басқыншылығы. Мысалы, Қазақстанда бүкіл шет елдік ел аттары мен адам аттары Орыс тілінің грамматикасы бойынша алынған. Мау Зыдұң (орысша — Мао Цдунь), Ши Жинпиң (Си Цинпинь). Сонда біздің тілдік дыбысымыз басқа шет ел мен адам аттарын атауға толық қабылетті болса да, анау түпнұсқадан әлдеқайда мүкіс айтылатын орысшасына неге жабысып жүрміз? Әлде тіліміз әлі тәуелді ме!?

Тілдің тағдырын ойыншық етіп отырғандар — опасыздар

1. Тілдік тәуелділікті ғұламаларымыздың түсінбегені, әлі де бодандық тұлғасына табынып жүргендігін айғақтайды.

2. 22 жыл тілімізді тазалау мен отарлықтан құтылып, өз табиғатына бет алуына кесе көлденең болу — тіл иниституттары мен кафедралардың жұмысының нәтижесі мен сыйқы. Әйтпегенде, сол сорақылықтарды көрмеулері мүмкін емес.

3. Тіл ғалымдары шын мәнінде бұл жағдайды түзеуге қабылетсіз әрі жылы орындарын босатқысы келмейтін қызғаншақ, көрсеқызар.

4. Ұлттық намыс пен ұждан кемшін. Ұлтқа, болашаққа деген жауапкершілік жоқ. Тек атақ пен ақша үшін отырғандар.

5. Қазақ тілінде шетел ғалымдарының не әкелерінің құны бар?

Қазақстанда қазақ тілінің мәселесімен айналысып, шешетін құзырлы мекемелерде толымды мамандардың жоқтығынан болар, Германиядағы түрколог-ғалымдар осы мәселе бойынша арнаулы жобаны жүзеге асырып жатқандығы аян болып отыр. Атап айтқанда, Гиссен Университеті түрколог-ғалым, профессор Кирчнер Марк (Kirchner Mark) мырза мен осы университеттің тағы бір түркологы, профессор Райхангүл Мұхамедова (ұлты — ұйғыр) ханым біраз жылдан бері қазақ тілін зерттеуге арналған жобаны жүзеге асыруда көрінеді. Бізге жеткен ақпарат бойынша, «VW-Projekt: Kasachisch. Struktur und Funktion der Staatssprache des postsowjetischen Kasachstans» деп аталатын жобада Райхангүл есімді ұйғыр мен Марк есімді неміс жігіт Германия мен Қазақстан екіжақтап қаржыландырудағы арнайы жобамен қазақтың ауыз екі тілін бір бөлек, грамматикалық қателіктерін бір бөлек құлағынан тізіп, қазақ ғалымдарын есекке теріс отырғызатындай іспен шұғылдануда. Әзірше бұл жоба нәтижелері жарияланған жоқ. Ал сол мәселелерді бес саусағындай білетін қазақтарымыздың көзге ілінбей, намыстарының тапталуы мен құзырлы мекемелердің 22 жыл қазақ халқын алдап келуі қадырымызды қашыруда.

Аталмыш жайтқа мына сілтемелерден қанығуға болады:

www.uni-giessen.de/cms/fbz/fb04/institute/turkologie/personen/mukhamedova.raikhangul
және
www.uni-giessen.de/cms/fbz/fb04/institute/turkologie/personen/kirchner.mark#bio

Міне, масқара! Қазақтан қазақ тілін зерттейтін адам таппай, қытайдың боданындағы ұйғырдан шыққан бикеш пен неміске күніміз түскені — Тіл комитеті мен Тілбілім институтының шынымен «Шошқа тағалап жүргендерінің» дәлелі емей немене?! Әйтпесе, жылда миллиондап бөлінетін қаржының нәтижесі мен салдары қайда?

Қанымызды қыздырып, намысымызды қоздырған осы мәселелер мен жайттарды үстіртін жазғанымыз үшін қалың оқырманнан кешірім сұраймыз, алайда мына ақуалмен тіл мәселесін шешетінімізге үлкен күмәнмен қарауға болады.

Алла бәрімізді таза да, тәтті, құнарлы да бай, асыл да текті Ана тіліміздің нәрімен сусындауды нәсіп етсін!

«Abai.kz»
Әрі қарай

Тіл ащы да болар, тәтті де болар, жұмсақ та болар, қатты да болар

Мынау не Америка ашып отыр деп айып етпессіздер, бірақ сізбен бөлісуді жөн көрдім. Бәріміз де қазақ тілін жетік білгенімен кейбір сөздер тап болғанда мағынасын тіпті болжай алмайтын жағдайлар болады. Әңгіме, повесть оқығанда сөздік қорымыз біртіндеп баи беретіні рас. Бірақ бәрінің де оқып, оны сүзіп отыратын уақыты жоқ қой. Сондықтан қысқаша…
Қалиқан Ысқақовтың «Бөде» атты әңгімесі бар. Бөде деген не екен деп ойланып қалған боларсыз. Ойланып қалдыңыз ба?
Әрі қарай

Өз тілін білмеген оңбас!

"Өзге тілдің бәрін, өз тіліңді құрметте",- деп ақын жырлағандай, біз үшін өзге тілді білу-қажет, ал өз ана тілімізді одан да артық білу біздің -парыз. Біз тіліміз арқылы дінімізді, мәдениетімізді, танамымызды дәріптейміз,өнеге тұтамыз. Қазақ халқы арасында «мәнгірттік» деген таным бар.
Әрі қарай

Баста да талай қызық бар...

«Адамның басы — Алланың добы» десек, дүниеде ең ерекше жаратылған доп — осы болса керек-ті. Білгенге Алла бар сезім мүшелерін, адам денесін басқару «пультін», ағзаға қажетті «жанар-жағармайды» қабылдайтын қақпаны да осы бастың үлесіне беріп қойған. Бірі кемістік етсе, бүкіл дене ақсайды. Десе де, бастың қадіріне барып жүрміз бе? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тіс — қай-қайсысының да қызметін молынан пайдаланғанымызбен, күтіміне келгенде, кержалқаулаумыз. Қадірін қойып, оның құпияларын да біле бермейміз-ау осы. Ендеше, бүгінгі әңгімені өзіміз өмір бойы өңгеріп жүретін басымыздың біз біле бермейтін қырлары жайында жалғайық...
Әрі қарай