Астаналықтар таксиде жиі нені ұмытады?
«Astana taxi» компаниясы әдетте клиенттердің жеке заттарын қалдырып кететінін айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Компанияның такси жүргізушілері клиенттердің әдетте сөмке, әмиян, ұялы телефондарын жиі ұмытып кететінін айтты.
«Astana taxi»-дің ақпаратынша, өткен аптада клиенттер таксиде алты зат ұмытқан олар: жүк сөмкесі, сөмке, әмиян, ыдыс, қолғаптар және қораптағы аяқ киім. Ұмыт қалған заттардың барлығы иелеріне қайтарылған, ал аяқ киім иесі уақыт болғанда алып кететінін айтқан.
«Таксиде ұмыт қалған заттары туралы жолаушы бірнеше әдіспен хабарлай алады. 15800 нөмері арқылы колл-орталыққа хабарласуға болады немесе 8 (7172)577707 номері арқылы сапаны бақылау бөліміне хабарласа алады, әлеуметтік желілерде хабар қалдыру, + 7 700 555 76 07 нөмері арқылы Whats App-қа хабарлама жазу».
Егер клиенттің ұмыт қалдырған заты табылып жатса диспетчер зат иесіне хабарласып, заттың қай көлік жүргізушісінде екендігін айтады, ал сапаны қадағалау бөлімінің менеджері клиенттен затты қалай алу ыңғайлы болатынын анықтайды. Ұмыт қалған затты қайтып алудың екі түрі бар. Біріншісі, ұмыт қалған затты такси жүргізушісі офиске әкелуі, ол кезде клиент затын өзіне ыңғайлы уақытта офистен алып кетеді. Екінші түрі, клиент ұмыт қалдырған затын нақты бір мекенжайға әкеп беруін сұраған кезде.




Содан он минут күттім жоқ. Қайта звондадым. Ар жақтан орыс келіншек «міне, міне кеп қалды»дейді. Дауысынан көңілді адам екені көрініп тұр. Жоқ. Қайта звондадым.Сізге баратын машина ауысты «Форд»серый" деді. Тағы бес минөт күттім. Шыдамадым қоңырау шалдым. Ойлы-қырлы орысшаммен (жазғанда да қатырмаймын) «Форд, серый с квадратными колесами да?» деп сұрадым. Анау «Да, да, что подехал» деді де күліп жатыр.Сәл шыдауымды өтінді.содан қайта қоңырау шалдым,«Я знаю почему Вас „Астаной“ называли» дедім, анау неге екенін сұрады «Потому что вы машину с Астаны отправляете» дегем күліп жатыр «Шыдаңыз енді» деп. Ана таксистте мен тұрған жерді таба алмай жүрсе керек.Не керек 30 минөттен артық тостырып келді ғой такси.Содан диспетчер келіншек звондады қайтадан.«Сізді көп күттіріп қойғандықтан айыбымызды жуу ретінде біздің офиске келіп шай ішіп кетіңіз.Сосын тегін апартамыз»дейді. Оған рахметімді айтып, асығыс екенімді білдіріп үйге бірақ тарттым.