Біз де клипке түстік! Оңай емес екен ғҰӘ? :))

Қазақ Елінің Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл бақытқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Тәубенің ең зоры — Тәуелсіздік. © Тәуелсіздік үшін күрескен кешегі ата-бабаларымыз да ТӘУЕЛСІЗ ұрпақтың жарқын күлкісі үшін жанын садақа еткен болар. ЕШКІМ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ, ҰМЫТПАЙМЫЗ! Бұл күн — дүркіреп тұрып өткізуге әбден лайық!
Тарихтан тағылым, өткенге -тағзым ете отырып Түркияның Измир қаласында білім алып жатқан жиырма шақты студент кәсіби шеберіміз болмаса да барын салып үш күн ішінде би шығарып, арнайылап туымыз түстес футболка тіктірдік. Осылайша Тәуелсіздік күніне барынша сый жасауға тырыстық. Айнала жап-жапсыл, күн шығып тұрса да боғымызбен бірге қатып қала жаздадық.  Мына жерде білінбейді қайта. Мен қолғап киіп алдым.  Қыз-жігіттердің ұйымшылдығына тәнті болдым, барлығына рақмет!  Арасында Кавказдан келген сақалды Ахмет деген жігіттің де көмегі зор болды. Күнннің суығында дайындалатын жер тауып, біз үшін шыр- пыр болып жүрді. Видео кәдімгі қол камерамен түсірілді. Ол үшін өзбек бауырларға да рақмет! Ал, біз қазақтар биледік! Жемісі осы.  
Әрі қарай

Kindle Paperwhite электронды кітабына шолу

Сәлем оқырмандар! Бүгінгі тақырыбымда Amazon компаниясының Kindle Paperwhite атты өніміне шолу жасаймын.

Электронды кітаптар қазіргі таңда аса жоғары сұранысқа ие. Ал Amazon бұл нарықта алдыңғы қатарда келе жатыр. Өзінің сапалы әрі арзан өнімдерімен нарықта бірінші орында тұр десе де болады. Ал Kindle Paperwhite-тің басты артықшылығы сенсор және кіріктірме көмескі жарықтығы. Жақынырақ танысайық.



Әрі қарай

Эстафета: сыйлығымның сықпыты

omarbirat быраттан эстафета қабылдадық, есіме түсіріп көрейін не сыйлық жасағанымды

Біздің кезімізде тойланытын мейрамдар жаңа жыл, жиырма үшінші ақпан, сегізінші наурыз еді ғой көбіне, беріректе жиырма екінші наурыз қосылды. Жаңа жылдан бастайын. Жаңа жылда әкем мен шешеме бауырларыммен бірігіп концерт қойып беретінбіз, біздің былдырлап айтқан тақпақтарымызға мәз болатын екеуі, негізгі сыйда осы ғой. Бірақ сыйлықты соңында біз алатынбыз бәрібір
23-ақпан. Әке әскерде болмаған, сондықтан бұл мереке онша нетіле қоймайтын үйде. Бірақ кластың ұлдарына сыйлық жасайтынбыз жаппай.
8-наурыз. Бесінші, алтыншы класқа дейін бізде класс жетекшілері әйел адамдар болды, жыл сайын енді былай сол апайларға сыйлық алуға тура келетін)) Ал анама кәдімгідей сыйлық жасайтынмын. Ақ қағазды алып, ортасынан екіге бөлесін, бір бөлігіне шыжбайлап гүл салынады, ол сарымен боялады міндетті түрде, сабағы жасылмен, сосын келесі бөлігіне «Ана туралы» тақпақ жазылады. «Ақ мамам» деген ән айтылып салтанатты түрде тапсырылады.  
ПыСы. Жалпы сыйлық алу, үйге басқа жақтан келе жатқанда базарлық әкелу менің онша мойын жар бермейтін нәрсем)) Қазір тек қаржылай берем өздерін таңдап алыңдар деп, мүмкін заман талабы шығар көбі сөйтетін сияқты

Эстафета постын serjan құрдасыма ұсынамын.
Әрі қарай

Эстафета: сыйлығымның сықпыты

Daniar-Alan , ұялдырдың-ау адамды!

Барша жұртқа бір секірет айтайын, шейір жасап жүрмеңдер тек: оу бастан сыйлық беріп, сыйлық алу дегенге нәрсеге жоқ адам екенмін ғой. Берген сыйлықтарымның бәрі туған күн, мереке кезіндегі формальды сыйлықтар екен. Себебі де жоқ емес: сыйлықты бергеннен бұрын, таңдауда қиналамын. Мәселе сыйлықтың бағасында емес, шын көңілмен бергеніңде дегенді көп естимін. Бірақ бар ғой, тым арзан емес пе екен, ұнамай қалса ше, ондай заты бар болып шықса ыңғайсыз болып қалатын шығар деген сияқты ойлар жеп қояды да. Сөйтіп уайымдап алған сыйлықты қайбір жетіскен шын көңілмен береді дейсің, осы постты жазып отырған бейбақтарың
Рас, мен соншалықты қатты да емеспін. Заттай сыйлықтан гөрі, көбінесе гүл () сыйлаған екенмін.
Кішкене кезімде балабақшаға барған жоқпын. Үйде жүріп өстік қой. Әке-шешем — сапқоздың жұмысында. Көктем кезінде шешемнің бригадасы ауылдың шетіндегі жылыжайларда темекінің көшетін дайындайтын. Ол жер үйден алыс та емес. Сондай кезде жұмысына іздеп баратынмын. Жол-жөнекей қызғалдақ, сарғалдақ, тағы бір көк гүл бар, атын білмеймін, опшым, сондай гүлдерді теріп апарып, бүкіл бригаданың әйелдеріне таратып беруші едім

Опшым, бар жентелмендігім осымен тәмам болған сыңайлы. Ұят болғанда, әйеліме әлі күнге дейін бір сыйлық алып бермегенім есіме түсіп отыр, даЧы. Ұят-ай!

Эстафетаны bazuka ханымға ұсынсам деймін.
Әрі қарай

Эстафета: Сыйлығымның сықпыты

Дәл қазір «сыйлықтар сезоны» болғандықтан, актуалдылығы бар тақырып деген ойдамын. Бұл эстафетада қабылданған/қабылданбаған, бірақ кейіннен өзіңнің күлкіңді келтіретін, мүмкін болса өз қолыңмен жасалған сыйлықтарыңыз һақында қалам тербесеңіздер деген өтінішім бар. Мүмкін жаңа жылға бір жақын адамына ерекше сый дайындағысы келіп жүрген біреу-міреу осы жерден идея тауып қалар…
Сонымен… ал кеттік..


Сүгірет

6-сынып болуы керек. 8-наурыз. Ол кезде мамамнан басқа әйел затын мойындамайтын кезім. Сыйлық жасағым келді. Жасымнан ақша жинай алмаймын. Сондықтан да қалтам бос. Қолдан сыйлық жасамасам…
Қолда бар заттардан тек қалам мен ақ қағаз ғана бар. Өлең шығарам деп біраз әурелендім. Алайда, тіпті 6-сынып оқушысының өзі ырза болмайтын өлең-сымақ шадыр-шұтпақ шықты. Қоя салдым сол жерден. Сәл ойланып, мамамның студент кезде түскен әдемі бір суретін алып, соны сала бастадым. Ұқсамады. Сосын, мына ойына келгенін істей салатын (көбіне кейіннен опық жейтін) басқа бір ой сап ете қалды ғой… Суреттің астына қағазды қойып суреттің бетіне қаламмен сызып шықтым. Із қалдыру үшін. Із түскеніне түсті ау… Бірақ… Мына бас суреттің құртылуын ойламапты.
Кешке мама келгенде бердім енді суретін. Әрине қуанды. Анау сурет қоқыс жәшігіне кетті амалсыз

Кактус

2 курс. Тағы сол 8-наурыз. Бұл жолы қызыма сыйлық жасау керек болды. Оған көөп ойланып жүріп не сыйлады деп ойлайсыздар?!.. Дұрыс! Кактус. Кактус болғанда да жәй кактус емес, ақ кактус, бетінде қызыл гүлдері бар. Ал, 2003-жылдары ондай кактусты Шымкентте табу қиын болатын.
Алды. Рахметін айтты. Бірақ кейіін, 2-3 айдан кейін айтады: — Ана құрбымның жігіті алтын жүзік сыйлады, ана құрбымның жігіті телефон сыйлады… Ал менің жігітім… Кактус…
Айттым енді… былай… типі өлмейтін гүл, өлмейтін махаббат деп келтіріп ))))))

Қобдиша

2007-08 жылдар ау деймін… Тағы сол 8-наурыз. Әлі студентпін. Сырттай оқимын. Жұмыс істеймін. Ақша бар енді… Бірақ өз қолыммен бірнәрсе жасағым келді. Жұмысым жарнама агенттігінде тұғын. Құрал сайманның, қажетті материалдың бәрі бар. ПВХ-дан қосылған екі жүрек формасындағы қобдиша істеп, қызылмен боядым. Жүрегім жүрек емес, жел шығаратын жерге ұқсап кетті енді былай )) Бірақ, түсінеді деп ойладым.
Кешке алып барып бердім. Ол рахметін айтты. Со «күчтііі» деген сөздер. Бірақ…
Құрбысымен жақсы араласатынмын. Сол абайсызда айтып қалды, қобдишам қоқыс жәшігіне тоғытылыпты ))
Ол қыз да алдыңғы посттағы қыздың кебін киді амал жоқ. Тойыс, ляхтырылды… Менім қобдишам секілді ))
Содан бері өз қолыммен сыйлық жасамаймын, және сыйлықты көбінесе қаржылай ғана беремін. Тіпті гүл де сыйламаймын ешкімге. Уоотт…

Эстафета басталды Ханымдар мен оның жанында жататындар! Бұтақ omarbirat -та!
Әрі қарай

8 наурызға сыйлық таңдаймыз


Жігіттер мінекей көктем келді ал көктем келді дегеніміз қыздардың мерекесі де ойламаған жерден сарт ете түсті деген сөз. Біреу “8-март болды жігіттерге шарт болды”-, деген екен.1910 жылы Клара Цеткинаның әсерінен мерекеге айналған бұл күні кез-келген еркек атаулы футболды, газет оқуды ұмытып, жұмысты кейінге қалдырып сүйіктілеріне сыйлық іздеп жүгіреді. Жалпы бұл күні әйелдердің бәрі сұлу, бәрі бақытты, өйткені олардың бір жыл бойы асыға күтетін мейрамдары, мінекей дәл осы күні. Ендеше қалтаңыз қалың болмасада жақын қыз-келіншектерді қуантуға бекем бел байлаңыз.
Әрі қарай

8-ші наурызға шәлі тоқиық

Құрметті қыздар, құрбылар, әпкелер, аналар, әжелер, келе жатқан мейрамдарыңызбен!
Қатипаштың постында кімге қандай сыйлық сатып алу керектігін білдік, бірақ қолдан жасалған сыйлыққа не жетсін, иә? Мысалы тоқылған шәлі, шарф және т.б. Ерінбесек шәлі тоқыиық. Бізге керегі жіп, ілмек(крючок), қайшы және әрине шыдамдылық.
Әрі қарай

Бұл не жәндік?


«Әлемде талай қызық бар» деген В.Мезенцевтің кітабы бар еді ғой, бұл жәндікті одан да кездестірген жоқпын. Білетіндер «дүниеде тіршілік етеді» деседі. Егер осы жәндіктің қазақша атауын тауып беретіндер бар болса «сыйлық» бар.… деееп бөсіп отырсам ә?!
Әрі қарай