"Ораза деген не?" жиі кездесетін сұрақтар
ОРАЗА ТУРАЛЫ ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕ
Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба?
Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Аллаһ тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені Жаратушы иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: – Аузың берік пе? – деп сұрағандарға, – Шынымды айтсам… ораза ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым да, – деп күмілжи жауап беретін. Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей алмайтын. Алайда менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген іштейгі күдікпен «ұстадым» деуге де аузы бармайтын.
Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: – Өзіңнің ауыз бекітіп, бетікпегеніңді білмейсің бе? – дегенде, ләм-мим деп жауап берместен ол жай ғана күлімсірейтін…

Бауырым, рамазанның үштен екі бөлігі аяқталғалы тұр. Сен соңғы он күндікке аман жетуіңді Алладан тіле! Алла құлшылық еткен пендесін тозақтан құтқарамын деген уәледі күндері дәл осы соңғы он күндік. Осы күндерді бос жібермесең — бағың жанды.
Елімізде алғаш рет мешіт сайтында Ораза chatbot-ы қызметі қосылды. Chatbot қолданушылардың оразаға қатысты түрлі сұрақтарына лезде жауап береді. Жоба және идея авторы Жангелді мешітінің аты-шулы 