Ордабасы-Русенборг матчы

Еліміздің «Ордабасы» футбол клубы Норвегияның «Русенборг» командасымен ойнайтыны туралы естігеннен бастап, бірге жұмыс істейтін қыздар жігіттер болып командаға жанкүйер болуды ұйғардық. Лейрвик-Берген-Тронхейм маршруты арқылы матч өтетін қалаға кешкі сағат бестерде жеттік. Аэропорттан дереу стадионға барып билет алып, қонақтарға берілетін секторға өттік. Ол жердегі стадион қызметкерлер Қазақстанға болысатын ешкім келмейді деп, жайбарақат жүр екен, жетіп барған төртеумізге басында өз тілдерінде бірдеңе деп күліп алды. Стадионға өтіп киініп, «пісіміллә» деп командамызға болыстық барымызша. Қолымыздан келгенше барымызша дайындалып көк футболкамен, кішкентай офиста тұратын флажокты да алып келдік. Айналамызға қарасақ Русенборгтың жанкүйерлері 2-3 секторды алып отыр, ал біздер тек төртеуміз. Сонымен не керек дымға қарамай болысып, бірінші таймда сәл еңсеміз түсіп қалды. Басыма келген алғашқы ойлар «Неге біздің қазақтың командасына үнемі жеңілу жазылып қойған ба?» «Эх, біз де ГОЛ деп айқаласақ қой» деген нешетүрлі ойлар. Бірақ екінші таймда бізге тағы бір жанкүуйер қосылып, еліміздің байрағын қоса алып келді. Көк байрақтың әсері ме екінші таймда тек айқайлаумен болдық, уақыттың қалай өткенін де байқамаппыз. Екі гол соғылып есеп теңескенде қуанышымзда шек болған жоқ, менің де «ГОЛ» деп айқайлаңым келген арманым орындалды ;-) Сол үшін Ордабасы командасына рахмет!!! Қазақтар алға!!!  Енді кезек суреттерде:










мына видеодан көре аласыздар Your text to link...
Әрі қарай

Баспен соғылған супер гол

Норвегияның «Одд Гренланд» командасының «Тромседен» 3-1 есебімен айла асырған матчы хавбек Самуельсонның өз «жартысынан» баспен соққан голымен тарих анналдарында қалайын деп тұр. Ойынның соңғы сәттерінде алаң иелері қараусыз қалған қақпаны дәл көздепті:

Әрі қарай

Норвежского террориста посадят в роскошную тюрьму

До двойного теракта, совершенного в пятницу, 22 июля, Андерсом Брейвиком, Норвегия считалась самой безопасной страной мира с самым высоким уровнем жизни. Здесь практически не происходило мелких преступлений, а убийства считались крайней редкостью. Именно поэтому к преступникам в этой стране относятся очень лояльно.

Норвежского террориста посадят в роскошную тюрьму (12 фото)
Әрі қарай

Түрменің де түрі болады екен

Ғаламторды шарлап жүріп мына бір түрме туралы жазылган мақалаға кезіктім. Норвегияда салыныпты. Он жыл салынған бұл түрмеге 252 млн. АҚШ доллары кеткен дейді. Пайдалануға 2010 жылдың сәуірінде беріліпті. Мұндай абақтыдан ешкім қашпайтын да шығар.
Әрі қарай