Хабарландыру! «Мінбердің» дәстүрлі семинары!

Құрметті оқырман!



Былтыр «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында екі күндік республикалық семинар-тренинг өткізген еді. Негізгі мақсат – жаңа медиа технологияларын қазақтілді ақпарат тәжірибесіне енгізу болған. Біздің алға қойған мақсатымыз толығымен болмаса да, ақталды. Сол семинардың нәтижесінде Өркен Кенжебек, Бүркіт Нұрасыл, Тоты Атышева, Ербол Азанбек, Амангелді Құрмет. Кәмшат Тасболат, Динара Мыңжасарқызы, Еркін Қуатайұлы т.б. секілді аса танымал қазақ блоггерлері туып шықты. Биыл әз-Наурыз мейрамы қарсаңында “Мінбердің” мұрындық болуымен өткізілген Блогқұрылтай да осы блог семинардың жемісі.
Әрі қарай

Kcell тренингін қалай ұйымдастырдық?

Блог Құрылтайдың бас демеушісі GSM Kazakhstan/Kcell компаниясымен келіссөздер жүргізіп жүріп, кеңселеріне жиі бас сұғуға тура келеді. Сондай кездесулердің бірінде Еркін Үдербайға (Kcell Жобаларды басқару бөлімінің маманы): “ҚазҰУ журналистика факультеті студенттеріне арнап, бір кездесу ұйымдастырсақ” деген ойымды айтып едім. Былтыр осындай бір шараны Nokia компаниясымен бірлесіп өткізген едік.
Әрі қарай

Блог бастаушыға арналған кеңестер

Негізі бұл кітапшаны бірінші шығаруым керек еді. Бірақ орайы осылай болды. Шағын кітапшаны жаңа медианы студенттерге түсіндіру барысында қолданып жатырмын (жүктеп алу үшін www.slideshare.net ресурсына тіркеліп, download дегенді түртесіз).

Кітапша көбіне блогшылардың кеңес жазбаларынан тұрады. Қазақ тілінде алғашқы болып wordpress.com тұғырында блог бастаған Бақытгүл, Бақытнұрдың және Есенгүл апай мен Айжанның жазбаларын оқи аласыздар.
Әрі қарай