Менің күнделігім

Блог - nurbolkarataev: Менің күнделігім

Биылғы жылы өзіме көптеген мақсаттарымды орындау үшін, алдыма үлкен жоспарларды қойып отырмын. Соның бірі Кіріс-шығыс күнделігі. Яғни 2018-ші жылдың қаңтар айының бірінен бастап тапқан табысыммен, жұмсаған әр теңгемді (ойын-сауыққа, жолақы, ішіп-жеу, тамаққа, қонақтық, сыйлықтар,) күнделікті кіріс-шығыс күнделігіме жазып отыру. Осы арқылы айлық табысымды барынша реттеу, мейлінше шығындарды азайту.
Кіріс-шығыс күнделік журналын жазу маған не береді?
1. кіріс-шығындарымды реттеу,
2. әр тапқан табысымның қайда жұмсалғанын анықтап отыру,
3. мүмкіндігінше шығындарымды азайтып, артық ақшаны өз қорыма қосу, жинау,
4. әр айдың бірінші аптасында кіріс-шығыс журналымды реттеп, әлеуметтік желіде көппен бөлісу.
Осы арқылы күнделікті жұмсалатын әр теңгемнің қайда жұмсалғанын, тапқан табысым арқылы есептеп реттеудің жақсы шешімі.
Құрметті оқырман сізде өз табысыңызды реттеп, менің қатарыма қосылыңыз. Алға қарай жоспар құрып, бірге кіріс-шығыс күнделік журналын жүргізейік.
Іске сәт!!!
Әрі қарай

Жасы үлкен қыз

Үміттенген көздеріңе қараймын,
Менен, сірә, күтесіз-ау жылы сөз
Кейде сізбен кездесуді қалаймын,
Көргім келген арманымның бірі сіз.

Бірі емессіз кезектегі он қыздың,
Бөлектенді байқадыңыз жол біздің
Құмарымыз қанбаса да сол кеште,
Жақсы болды басылғаны тормыздың

Салынбадық уақытпен ерегеске,
Біздер жүрген қараңғы ел емес пе?!
«Қарамайды махаббат жасқа» десе,
Сыңғырлаған күлкіңіз келеді еске…

***

Хабары оның кеп тұрады, неліктен?
Кездеспекке, бәлкім, сылтау іздейді
Әңгімеміз суыса да еліткен,
Жасы үлкен қыз үмітін бір үзбейді
Әрі қарай

Ақ көйлек

Р.S. Ескі күнделігімді ақтарып отырып, мына өлең жолдарына көзім түсті. Осыдан бір-екі жыл бұрын жазылған-ау деймін шамасы…
Оқи отырып, " киім көрдім ішінде адамы жоқ, адам көрдім үстінде киімі жоқ"- деген сөздер ойыма орала берді...

Блог - Kutpegen-konak: Ақ көйлек

Ақ қардай көйлек кигенсің

Сағынып жүрек сүйген шын,
Өлең мен әсем күйге енсін.
Адалдық бояуларындай,
Ақ қардай көйлек кигенсің.
Алысып асау сезіммен,
Ақ таңмен бірге көз ілгем.
Бақыттың құсы басыма,
Қонады жалғыз өзіңмен.
Қашанда іңкәр сенім өр,
Жүректен жыр боп төгілер,
Сен киіп жүрген сол көйлек,
Жібектей маған көрінер.
Қиялы, ойлар, танымдар.
Жүрекке жыр боп қондырар,
Ақ көйлекті жан, қайдасың?
Сені іздеп жүрген сағым бар…

* * * * *
Ақыреттік көйлек кигенше,
Жауқазын көңіл солмасын.
Көкейден кетпей жүргенсің,
Түсіне мені білгейсің…
Күндіз ой, түнде түсімде,
Ақ қардай көйлек кигенсің.
Әрі қарай

Таңдауым - төртінші билік

Анамның айтуы бойынша, мен туған жылдар дағдарыс уақыты болса керек. Үйде кішкентай ғана теледидар болатын, оның өзі жай ғана үйдің мүлкін толтырып тұрғаны болмаса, көрсетіп, қарық қылғаны шамалы. Бір күні анамның әпкесінің үйіне қонаққа барамыз. Сол үйде теледидардан соғыс туралы кино көрсетіліп жатады. Жасым ол кезде 3-те, атылған танкінің дауысынан мен шар етіп жылап, далаға қарай қаштым. Содан кейін теледидар қарауға жүрексінетінмін. Өсе келе теледидардың әр хабарын үзбей көретін болдым. Балалығым ғой, «теледидарға адам артынан кіре ме екен?» деп те ойлап жүретінмін. Ойымды тербеп, өмір атты өзеннің ағысына қабаттастырған, әсемдік пен әдемілік әлеміне енгізген көгілдір экранның құдіреті-ай!

Өмір -өзен күні-түні,
Тоқтаусыз ол ағады.
Өз орнынды таба білсең,
Сонда өмірің бағалы, — деген өлең шумақтары санамда жатталып қалыпты. Дана Абай атамыз айтқандай, әр адам дүниенің кетігіне кірпіш болып қалануы керек. Алайда оған асқақ арман мен нық мақсат қажет. Сөйтіп, сиқырлы қорапшадағы аға-әпкелерімізге қарап отырып, қиялдаған арманым өмірлік мақсатыма айналды. Мен академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың филология факультеті журналистика кафедрасының 2 курс студентімін. Өз басым Әзілхан Нұршайықов атамыздан бастап, өткір тілді қаламгерлердің жолын қууды армандаймын. Шынайы тақырып — шынайы өмірден туады. "Өмірді білген- өрбіте жазады, өмірді білмес — өтірік жазады" деген сөз бар. Журналист болсам, өмірден көргенімді өрбіте жазып, шындықтың жолымен жүрер едім…

Достар, бұл менің алғашқы жазбам болғандықтан, өзім жайлы бірер сөз арнағанды жөн көрдім. Асыл сөздің майын ішіп, жілігін шақпасам да жеткізуге тырыстым. Пікір алмасып, баға беріңіздер! Алдағы уақытта жаңа жазбалар күтіңіздер!
Әрі қарай

Махаббатымның аяқ кимі мен жидесі

Мен бірінші рет блог жазып тұрмын. Сондықтан махаббаттан бастадым. Өйткені менің өмірімді өзгерткен, менің өмірімдегі басты нәрселер менің махаббатыммен байлансып жатыр.
Студент атандым. Ауылдан келдім. Үлкееен университет
Әрі қарай

Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Елбасымыз биылғы Жолдауында мем­лекеттің 2050 жылға дейінгі жаңа саяси ба­ғытын айқын­дап берді. Еліміз үшін бар­лық мәсе­лені назарынан тыс қалдырмаған Нұрсұлтан Назарбаев отандық тауар өндірісіне де ерекше мән берген.
Қазіргі таңда Отандық өнімді дамыту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Елбасымыздың айтқанына орай жастар өз еркілерімен Қарағанды қаласында "Қазақша күнделіктер" шығара бастады. Күнделік болғанда, балаларға арналған күнделік емес, әр күндік жоспарыңды жазып отыруға арналған қойын дәптер.
Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Күнделік — "Қазақтар үшін жыл басы Наурыз айынан басталады" — деген ұғыммен, бірінші бет 22 наурыз айынан бастау алған. Және де, әр беті қазақша оюмен әшекейленіп, астыңғы жақта бабалар сөзі жазылып отырады. Мысалға: бүгін Абай атамыздың туған күні болса, бір ай ол кісінің сөздерін жариялайды, "Қазақ хандығының 550 жылдығына" бір ай арнайды, оған тарихымыз жайлы мағлұматтар беріледі. Жалпы, күнделік, әр күнге мақсат қойып, оған есеп беріп өмір сүретіндер үшін өте қолайлы! Күнделік жоспар және нәтиже деп екі бөлікке бөлінген. Мұқабасы Винил материалымен қапталған.

Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Күнделіктің бағасына келетін болсақ:
1 дана – 3500 теңге
5 данадан көп – 3000 теңге
50 данадан көп – 2700 теңге
100 данадан көп – 2500 теңге

Күнделікті шығарушы: «Лұғат» сайты. «Күнделіктен түскен қаржы сол сайтқа жұмсалады» — дейді олар.
Күнделікке өзгелердің пікірі қандай болды? Бірі "қажет емес", бірі "қатесі бар", — деп, көбісі «бағасы тым қымбат» — деп шу ете түсті жан — жақтан. Мысалға Фейзбуктан мысал келтірейік:

Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Блог - KerimAyankyzy: Отандық өнімге қолдауыңыз қандай?

Бағаның қымбат болу себебі: баспада әр бет өзгелердікі сияқты дайын бетті көшіре салып емес, әрбірін жеке — жеке басып дайындайды. Сондықтан баспаға кететін қаржының да құны қымбаттау, әрі, әр қалаға тегін жеткізілетіндіктен почтаға, комиссиясының шығынын да өздері көтереді. Егер баға түсетін болса, олардың әрі қарай өңдеп, дамытуға шамалары болмай қалуы мүмкін… Алайда, пікірлерге еш өкпеміз жоқ, керісінше, ақыл айтып, пікірлескендері дұрыс — ақ!.. Оларды ескереміз! Бәсекеге қабілетті, әрі сапалы өнім шығару біз үшін міндет. Сұраныстың артуына ұжым барын салады!
Жоқ болса: «жоқ» деп, бар болса әр жерінен ілік іздеп керексіз қылып тастаймыз… :) "Қазақ" деп," өзіміздің өнім", — деп ұрандатып отыратын аға — әпкелеріміздің өзі «Мм жақсы екен», «Сәттілік» — деген пікірден әрі аса алмады… Дәлме — дәл іске келгенде тым — тырыс болып үнсіз қалды… Дегенмен, қолдау көрсетіп, біреуге болса да тапсырыс беріп, өзгелерге насихаттап жүрген адамдарға рахмет!
Бұл күнделік жаңа жылға жақындарыңыз үшін ерекше сыйлық болары сөзсіз, сіз де қалыс қалмаңыз! Өзіміздің тауарды насихаттап, өрбуіне ат салысайық!
Әрі қарай

Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан "водовоз"

Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Бірінің өнері бірінен асқан блогерлер сайысында маңдайыма қара тігілгендей, ешқандай байланыс ұстамайтын, спутник антеннасы арқылы интернетті бастықтан тек шектеулі уақытқа тіленіп алуға болатын жерге көшкенімді қарашы. Уақытым да барынша тығыз. Сондықтан, күніне жарты сағат болса да, блог жазуға бөліп, содан шыққанын оқырманға ұсынамын деп шештім.
Әрі қарай

Осыдан дәл 10 жыл бұрын күнделік жаза бастаған екем

Иняздың общагасы
Сәкестік пе білмеймін, бүгін ескі кітаптар, суреттер салынған шкафты ақтарып отырып, он жыл бұрын, яғни 2002 жылдың 27-ші Қарашасында «біссіміллә» деп бастаған күнделігіме тап болдым.
Мына сурет те осыдан дәл 10 жыл бұрын Әлем Тілдері Университетінің жатақханасында түсірілген. Мұнда мен 19 жасқа таяп қалғам.
Әрі қарай

Сезім мұңы... (сағыныш хат)


Мына жалған дүниеде әр пенденің жүрегінде ерекше сезім болатыны ақиқат қой! Ал, Жүрегімдегі сол сезімге селқос таныткан да сенсін… Маған арнап бірде-бір жыр арнамадын деп өкпелеуін орынсыз еді, себебі сен менің жүрегімнің түкпіріне бір рет үңіліп қарасан, сен одан том-том болып жинақталып жаткан жырларды оқитын едін, ешбір жанға көрсетпеген, ешбір жерге жарияламаған, ешбір адам көре алмаған жырды көрер едің ғой… ал енді неліктен былай деп себебін сұрар болсан, саған берер жауабым: жүрегіме сақтаганым, ешбір жанның көлеңкесі түспесе екен дедім, ешбір жерге жарияламағаным, ешкімнің назары түспесе екен дедім, ешбір адам көре алмағаны, олардың көздері мені сенен кызғанбаса екен дедім.
Жарығым, сен енді мына менің көзіме,өзіме, сөзіме де өкпелеме! Мен енді келместің кемесіне мініп кетіп барам, барар бағытым белгісіз… Жүрегіме сезімнің мұңын арқалап енді сенімен кезікпес үшін, осы күйге қайтадан түспес үшін, жолдарымыз екіге бөлініп кетті. Махаббаттың мұңын жүректерге тұмар еткен алғашкысы да, соңғысы да біз емеспіз… тәтті бір түске еніп, ұйыктап кетсем ғой, шіркін! Киялдардың әлеміне саяхаттап қайтар едім, мен ол жақта бақыттың кұшагында, сезімге толы жүрегімдегі жырымды өмірімнің иесі саған арнап оқып берер ем, мына жалған дүниенің бақытына жете алмаған біздер, ең болмағанда қиялдарда бірге мәңгі болайықшы деген сертімізді бір-бірімізге беріп үлгерсек болар еді! Ояна келе бұлардың жай ғана тәтті түс екенін білу де ауыр екен… Саған арнап жаза берсем назымды, жүрегім көтере алмайма деп қорқам! Махаббатқа сенім арткан жүректеріміздің келесі өмірде жолығуын тіледім! Мен сені сол мекенге барып тосатын болам… Үзілмеген үмітімнің жібін жалғап келеріне сенем!
Әрі қарай

Күнделігіме "құда" түсіп жүр...


Күнделік — күнделікті өмірің дегенді оқыған едім, (авторын білмедім) соған толықтай да келісуге болады деп ойлаймын. Мен өзім қойын дәптерді әр бөлімге құрап қоятынмын. Мысалға, өзімнің өмірімді арнайы дәптерге арнап жазсам, ақындардың өлеңдерін, философиялық сөздіктерді, мақал-мәтел мен нақыл сөздерді басқа дәптерге жазып сақтайтынмын. Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде жазған талай қойын дәптерім «отқа» кетті, біреулер оқып қояма деп тығып жасырып жазатын едім. Біреулер көрген бойда сол сәтте оны жыртып болмаса отқа тастайтынмын, жасыратындай да еш сыр жоқ соның ішінде..)) қазір сол күндерім естелікке айналды…

Енді мына оқиғаны сіздерге баяндап берейін: Осы жылдың көктемінде Алматыдан қайтып келе жатқанымда купемізде екі жігітпен жолсерік болдық. Жанымда бөлем болды. Біздің бағыт- Қазалы қаласы болса, олар Ақтөбеге қарай бет алған екен. Содан жол бойы әңгіме-дүкен құрып, танысып-білісіп келе жатырмыз. Өзіммен бірге үнемі тастамай жүретін «асыл қазынамды» (ақындардың өлеңдері мен нақыл сөздіктеріме осылайша өзім ат құрап алғам) оқып отырғам, кенет әлгі ағамыз (небәрі төрт жас үлкен екен менен) сұрап алды. Қолыңа алып парақтап оқып отыр, арасында басын шайқап күліп қояды. Бәрін оқып бітіріп, маған қарады да: сен маған мынаны сатсаң қайтеді,- деді. Мен сасқанымнан не айтарымды білмей қалдым. Дәл қазір қанша сұрасаң да берейін, мынаны маған беріп кетші деп отырып алды. Ішімнен өзімше ойға қалдым, мына жігітке соншама не үшін қажет болды екен деп ойлап отырғанымда, ол өзінің осы Алматының бір театрында «режиссер» екенін айтып, және сол үшін қажет екенін айтты. Қойылымдарға, оқушыларға беруге жақсы дүниелер екен деген соң, беріп-ақ кеткім келді. Бірақ…

Қия алмадым. мен үшін бұлар жәй дүние емес, өміріме тікелей маңызы бар нәрсе еді. Содан біраз ақылдаса келе, мынандай шешімге тоқтадық: Олар екі күннен кейін осы пойызбенен Ақтөбеден Алматыға қайтатынын біліп алғанымнан кейін, мен оларға осы дәптердің «копиясын» жасап жолда беріп кетемін деп келістім. Ақшасын бермек болып отырғанда мен қарсы болдым. Сіздердің жұмыстарыңыздың қажетіне айналғанына шын жүректен қуанып қалдым, сол үшінде мен бұны ешқандайда ақшаға жасауға келіспейтінімді айттым. Олар әрине, маған сенбей ұзақ ойланды онысы да дұрыс қой енді, кім жолдағы жолшыбайға сенім артсын?!

Қойшы, әйтеуір әрең дегенде көндіріп телефон нөмерін беріп міндетті түрде хабарласатынын айтты. Пойызымыз, Қазалыға келіп біз жолда түсіп қалдық. Үйге келіп ертеңгісіне өзіме артқан «аманатты» орындауға кірісіп кеттім. Уәделі күнде келіп, пойыз жолда келе жатқан режиссер ағайларға кездесіп аманатын тапсырдым. Қуанғанынан алғысын жаудырып, Алматыға келіп жатсаң хабарлас деп қол алысып, қоштасып пойызыңа мініп кетті…

P.S: өмірімде бір адамға пайдамның тигені үшін, Аллама мың мадақ айтып өттім…
Сурет гуглден алынды.
Әрі қарай