«Қазақ әлемі» – фанатизм бе, әлде ұлттық сана ма?

Автор: Арнур Ауезхан
«Қазақ әлемі» – екі достың оқиғасы арқылы road movie жанрында түсірілген туынды. Басты кейіпкер – сүйіктісінің қолын алып, ауылда қалғысы келсе, қыздың арманы – Америка. Осы қарама-қайшылықты шешу үшін кейіпкерлер «Нұрлан Қоянбаевты тауып алып келу керек» деген ойға келеді. Бұл сәттен бастап фильмнің негізгі желісі – қазақ болмысы мен қазіргі ұрпақтың ұлттық сана мәселесіне айналады. Нұрлан Қоянбаев фильмде өзін «қазақ болмысына ықпал еткен, тарихты танитын, отансүйер миллионер» ретінде көрсетеді. Бірақ ең қызығы – бұл фильмде өзін ойнайды. Өзін тек актер емес, ұлттық идеяның жетекшісі ретінде көрсетуі, кейде тіпті саясаткер не болашақ президент ретіндегі образды ишаралап беруі – ойландырады. Бұл фильмде реалистік актерлік шеберлік емес, өзін-өзі насихаттау алдыңғы қатарға шыққандай әсер қалдырады.Актерлік құрам кең емес, оқиға тек екі достың төңірегінде өрбиді. Екеуінің рөлі – өздерінің бұрынғы веб-сериалдарындағы жеңіл әзілге толы образдары. Бұл – фильмнің терең идеяны жеткізу мүмкіндігін шектейді. Ал Нұрлан Қоянбаевтың бейнесі – тек «қуатты тұлға» ретінде беріледі, бірақ бұл көрерменге жасанды әсер береді. Әзілдер – шынайы емес, күлкілі болудан алыс.


Бүркітпен аң аулаудағы ең қызықты әрі қиыны-түлкі аулау болып табылады. Себебі: түлкі басқа аңдардай емес дыбыс, иіс, дүбірді алыстан сезеді, дереу жасырынады. Бүркітті көрген түлкі шамасы келсе қыранның тасасын сығалап, қараған-бұтаны аралай қашады. Түлкінің бұлай жықпылдата бой тасалауын құсбегілер «жабыттап қашу» дейді. Ал, жасырынған түлкінің үстіне қағушы немесе ит барып қалмаса, жатқан жерінен тыпыр етпейді. Көбінде бүркітті алыстан байқап, осылай бұғып қалады. 



Және олардың қолдарында мылтық емес, винтовка, автоматқа ауыстырған. Және де саятшылдықтың рахатын сезіну үшін емес, бас-көз жоқ жазықсыз аңдарды арам пиғылмен аулайтын болған. Яғни, бағалы мүйізі, терісі үшін.


Көктем туа Донгьянг қаласының асханаларының көбінде осынау тамаша тамақтың (жергілікті тұрғындардың айтуынша) исі бұрқырайды екен. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша әлі жыныстық қатынасқа түспеген ұл балалардың кіші дәретіне пісірілген жұмыртқалардың емдік қасиеті жоғары-мыс.

Туристік маршрут картасы
Доңғалақтың қолданыста пайда болуы жайлы бір жерден оқып едім. Түпнұсқасын қояйын деп, түйіншектерімнен таппадым. Есімде қалғаны: "Қаңлыдан ұл туса, ағашқа күн туады" — мәтелінің аржағында не тұр екен, деген ойдың келесі бір ойға душар қылғаны. Сол жерде доңғалақ жайлы әңгіме бар еді…