Қазақ деген - мен үшін ыстық сөз.

Қай жерде, қай елде, қай ұлттың қасында болмасын, туған тілімде, қазақша сөйлегенім мен үшін әрқашан абырой саналады. Қазақ деген сөзді естігенде, қазақ деген жазуды көргенде мен үшін ыстық сезіліп, өз ұлтымның аңқыған иісін иіскеп тұрамын. Мейлі мен патриотсымақ боп көріне берейін, есесіне менде туған жер, туған тіл, ұлт, дін, салт-дәстүр, бәрі-бәрі бар. Осы байлықтарға жер бетінде қаншама ұлттар қол жеткізе алмай кетті, жеткізе алмай да отыр әлі. Мен осылардың қадірін түсіне отыра, туған ұлтымды, туған тілімді көтеру, асқақтату, дамыту, өркендету, қандай бай, көркем тіл екенін көрсету жолында қолымнан келген үлкенді-кішілі іс-әрекеттердің барлығын соңғы деміме дейін жасап қалуға тырысамын. Әрине бұлар тек Ислам дінінің аясында орын алуға тиіс. Себебі, дін — адамға ақ пен қараны айқындап көрсетіп отыратын, біздің жолбастаушымыз, біз тек дін арқылы ғана түзу, тура жүре аламыз.
Біз өз ұлтымызға, өзге ұлттарға туған тілімізді білу арқылы, тек барынша туған тілімізде ғана сөйлеу арқылы үлгілі, абыройлы бола аламыз. Қазақ тілін көтеру әрбір қазақтың қолында, бұл тіпті де қиын емес. Барынша қазақша сөйлеуге тырысса болды жетіп жатыр. Мен киелі қазақ тілімді қатты жақсы көремін, осы тілде сөйлей бергім, жаза бергім келеді…
Әрі қарай

Сабын мен дін

Діннен еш хабары жоқ, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі бірде діндар кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді:
-Сендердің сенімдеріңнен пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, оыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой ?!
Әрі қарай

Бұл жерде өлім өмірге қызмет етеді

Блог - Marco: Бұл жерде өлім өмірге қызмет етеді
Түнек, бар болғаны, жарықтың жоқтығы. Суық жылу жоғалғанда ғана пайда болады. Жамандық жақсылық түгесілген жерде туады. Бір болмыс туу үшін екіншісі өлу керек. Ал өлім болса — өмірдің жалғасы. Рух жаратушының әмірімен жер бетіне түскен кездегі пәктігінен жұрдай болып, қайта көкке көтеріледі. Оның әлі тазарудан үміті бар. Ал күнә біткеннің бәріне куә болған ет пен сүйек Жер Анасының қойнына оралып, шіріп кетуі керек. Бірақ, әрдайым олай бола бермейді. Мәйітке де жаңа миссия жүктелетін кездер бар. Оны білуге дайын болсаңыз, кеттік.
Әрі қарай

Қазақтар нағыз "НАЦИКТЕР"

Блог - KazaXXX: Қазақтар нағыз НАЦИКТЕР
"Қазақтардың бір-бірін көре алмаушылықтың сыры неде" деген сұраққа ойлана келе осындай тұжырымға келдім. Неге дейсіз ғой?! Түсіндіріп көрейін… Алдымда 2л кола мен парламенттің бір пашкесін қойып алып, арзан пәлсәпаға кірістім.
Әрі қарай

Дін бірлігі - ел бірлігі

Аллаға шүкір тәуелсіз Қазақ еліміз. Әлемде жер көлемі жағынан 9 орын аламыз деп мақтана да қуана айтып, жар саламыз. Жас тәуелсіз ел ретінде жеткен жетістіктеріміз аз емес, бірақ қордаланып, сыздауықтай сыздатып, рухани азғындау мен ауытқушылыққа алып бара жатқан қоғам мүшелері жоқ емес.
Гитлер: «Жаулап алған жерлердің халқына таң азаннан кешке шейін дауыстап музыка тыңдату керек. Кітап оқуға мұрша келтірмеу керек. Рухани сусындамаған халықта уайым аз болады. Тиісінше басқару да оңай түседі» деп атап өткен екен. Қазіргі қоғамды қарап отырсақ, ақпараттық тасқынның арасында рухани құндылық жүйемізде де үлкен өзгерістер мен бетбұрыстар болып жатқаны жасырын емес. Жартылай жалаңаш былай тұрсын, тыржалаңаш қыздарды көріп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың ертеңгі күнін көз алдымызға елестету қорқынышты. Рухани азғындаудың бастауы осыдан болса, ұлттық тұтастықтан айыратын жаңа бас ауру діни алауыздық болып отыр. Дәстүрлі дінімізден алшақтап, исламнан түбегейлі баз кешіп, шоқынып жатқан қазақтың ұл-қыздарын, Иса мәсіхті жырлап, домбыралатып, әндетіп жатқанды да көріп отырмыз. Осының ішінде ислам дінін ұстанушы халқымызыдң өзінде түрлі ірткі оқиғалары болып, арты әлеуметтік алауыздық, түсініспеушілікке әкеліп отыр.
Бүгін ойланбасаң ертең кеш болатыны анық. Бірақ, көзсіз ерушіліктің салдарынан көптеген қандастарымыз алған беттерінен танбай отыр. Бұл болашақта неге әкеліп соғуы мүмкін. Оны мөлшерлеп, қаперіне қыстырып та жатқан жоқ. «Дініміз ислам, тегіміз түркі» екенін ұмытпайық ағайын деп жар сала жариялап жатқанымен де, ұлттық, мемлекеттік ауқымда ойлап, бас қатырып жатқандар шамалы. Кешегі «Алаш» қозғалысының мүшелерінің жан айқайын елеп, ескеріп, қаперімізге алып, өткеннен сабақ ала отырып, болашаққа бағдар құрсақ, жастардың бойына рух беретін, ұлттық идея деңгейіне көтерілетін ұран тастай білсек, барша халыққа қозғау болар еді. ертеңгі күнге сенімсіз жігерсіз, әлжуаз, қабілетсіз, ынжық болып бара жатқандай ұрпақ. Бәріне бірдей топырақ шашқанымыз жарамас, көзінде оты бар, ұмтылып, талаптанып отырғандарымызда жетерлік. Бәрібірде бізге ұлтты ұйыстырушы "ұлттық идея" керек!
Әрі қарай

ел боламын десең

Біздің қазақ халқы – мұсылман, діні – ислам екендігін үнемі Елбасымыз биік мінбелерден тектен текке айтып жүргені жоқ. Сан ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған ата бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдеп-ғұрып, салт дәстүрін, наным сенімдерін жасаған, әрі ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.
Бірақ тарихтан білетініміздей, еліміз 250 жылдан аса Ресей елінің боданында болып, олардың күштеп жүргізілген орыстандыру саясатының зардабын тарттық. Халқымыздың қасиеттеген ислам дінін мансұқтап және 70 жылдай халықтың санасын билеген коммунистік идеологияның атеистік тәрбиесі дінімізді мүлдем жоққа шығарып, мәңгүрт ете жаздаған болатын. Құдайға шүкір қазір еліміз тәуелсіздік алып, егеменді елміз. Халқымыз ислам дінімен қайта қауышып, көпшілік имандылыққа бой ұруда.
Тәуелсіздік алған алғаш жылдарында еліміздегі экономикалық қиындық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси жағдайға көптеген қиындықтар алып келген болатын. Сондықтан елбасымыз «алдымен экономика, одан кейін саясат» деген қағиданы ұстанып, мемлекетті аяғынан тұрғызуға барлық күш жігерін арнаған болатын. Міне осындай өтпелі кезеңде және қабылданған Ата Заңда көрсетілгендей зайырлы мемлекет болғандықтан, тәуелсіздіктен кейінгі жылдары мемлекет органдарының діни ұйымдардың жұмыстарына бақылау функциясынан тыс тікелей араласпаған болатын. Осындай жағдайды пайдаланған дәстүрлі емес діни ағымдар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын емін еркін жүргізіп, өздерінің діни сенімдерін елімізде таратқан болатын. Бұл Қазақстан халқының рухани жағдайына үлкен әсерін тигізіп, діни сауаты төмен көптеген қаракөз қандастарымыздың сол діндердің шырмауына кіріп, рухани азғындауына алып келді. Соңғы уақыттарда қоғамда жиілеп кеткен дәстүрлі емес діни ағымның жетегіне өтіп кеткен адамдардың отбасыларында болып жатқан орны толмас оқиғаларға апарып соғуы үлкен мәселеге алып келді. Экономикалық жағдай тұрақталып, даму жолына түскен еліміздегі мұндай діни алауыздық оқиғалары ұлтаралық татулық, діни толеранттылық, еліміздің біртұтас дамуы жолында кедергі келтіретінін білеміз.
«Еліміздің болашағы – жастардың қолында» деп Елбасымыз жастарға арнаған әр сөзінде сенім білдіріп отырады. Ол жастар сендер Қазақстанның төл тумасы болып табыласындар.Сендердің ата- аналарың аңсаған тәуелсіз, еркін мемлекеттің ұл қызы болып табыласындар. Сендердің қазіргі таңдағы басты міндеттерің білім алып, ата аналарыңның аттарына кір келтірмей, болашақта армандаған мақсаттарыңа қол жеткізу жолында еңбектену болып табылады. Ал осының орнына сендер жаңағыдай өзге діннің шырмауына кіріп, ата аналарыңмен араздасып, еліміздің сан ғасырдан қалыптасқан салт-дәстүріне қарсы шығып жатсаңдар еліміздің болашағы қандай болмақ?
«Жау жүрек мыңбала» фильмін көрген боларсыңдар. Ата бабаларымыз осындай ұлан байтақ жерді, найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалғанын көруге болады.
Тәуелсіз ел ұландары тәуелсіздіктің қадірін жете түсінбей келе жатқандай болып көрінеді. Қазіргі қоғамда болып жатқан оқиғаларды бағамдай отырып осындай ой түйесін. Жастарымыз рухани азғынданған, тым қатыгезденіп барады. Жастарды қойып, жасөспірімдеріміз арасындағы қылмыс өршіп тұр. Мұның бәрі жас тәуелсіз мемлекетіміздің рухани-әлеуметтік саласына сын болып табылады. Кінәні алыстан іздемей, бірінші өзімізден іздеуіміз керек. Қазіргі таңда ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-аналарымызда мынадай қағида қалыптасып кеткен: баланы материалдық тұрғыдан қарап, мектепке киімі мен күнделікті тамағын қамтамасыз етіп отырсам болды, қалғанын мектеп және басқа орта тәрбиелеп өсіреді деген сияқты. Міне осыдан келіп көптеген әлеуметтік қайшылықтар туындап отырады, ата-аналар ұстаздарды, ұзтаздар ата-аналарды кінәләп жатады. Екі ортада өскелең ұрпақ зардабын тартады. Жиырма бірінші ғасырға келіп адам психологиясы өзгеріп, жаңғырудың жаңа сатысына өтті. Еліміз өтпелі кезең қиыншылықтарымен қатар сананың да өтпелі кезең үдерістерін басынан кешіруде. Адам санасының өзгергенінің белгісі деп қазір кез келген адамның жеке басының құндылықтарын, ой-пікірін, тәлім-тәрбие, санасы мен өресіні, оның дүниеанымдық көзқарасына орай жеке мүддесіне сай әрекетке көшуін айтумызға болады. Басым көпшілігімізде эгоизм, эгоистік көзқарас жоғары тұр. Эгоизм басым болған жерде адамгершілік, көпшілдік, қоғамшылдық туралы пікірлердің әлсіз болатыны түсінікті жағдай. Эгоистік көзқарастың басымдығынан қоғамда орын алып жатқан оқиғалардың түп-негізін байқауға болады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» — деген М. Әуезовтың ұлағатты сөзі бар. Қазақ халқының даналық сөздер қорында осы сияқты тағылымды сөздер көптеп сақталған. Осы ұлағатты сөздерді жасөспірімдеріміздің санасына сіңіріп өсірсек, «сабақты ине сәтімен» дегендей, сәтімен түсіндіре білсек, еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін, ұлжанды азаматтарды көптеп тәрбиелеген болар едік. Қоғамдағы әлеуметтік-рухани ахуалға баға бере отыра кінәні біржақты жастар мен жасөспірімдерге арта бермеуіміз керек. Жас ұрпақ жас отырғызылған шыбық секілді, оны қалай иісең солай қарай өседі, яғни жас кезінде қандай тәлім-тәрбие көрсе, өскенде солай қарай бет бұрмақ.
Әрі қарай

8-наурыз

Сегiзiншi наурыз деп жарына гүл сыйлайды
Бүгiнгi күн мейрам деп үйдi де өзi жинайды
Бiр жылдағы бiр күндi әйелiне арнайды
Осы күнi әйелдерге мадақ жырлар жырлайды
Басқа күнi ол серi жарын еске алмайды
Ойын, бойын, мүшесiн жамандықтан тыймайды
Осылайша дiнсiздер өзiн-өзi алдайды
Ал исламда әйелдi жыл он екi ай сыйлайды
Әрі қарай

Жасырын Бақ

Жасырын Бақ
Жас болдық, шала және бала болдық,
Жастықтың әдеттерін жасырумен
Бізде өсіп, ақыл айтар дана болдық.
Жас кезде әдет болған ойынпаздық,
Қалған ба сіңіп әбден сана болып,
Жасырынбақ ойнаумен қылған әдет,
Кетемін кейде ойынпаз бала болып.
Қырыққа толса қатының қылық ашар,
Емес екен ақылы тозып, болар нашар,
Еркектің ақылы толып, сабыр келіп,
Байқайды қалмайтынын түңлік ашар,
Сары қарын жасқа келген бәйбішенің
Жастығын, келіншектік ұйқыны ашар.
Оны да байқамайды сырын білем,
Алдайды бала құсап мені кейде,
Балаша алданам да іштей күлем.
Махаббаттың бал сыйы осы ма екен?
Өмірге ғашық болып Құдай берген,
Балаша жасырынбақ ойнап күлген.
Немерем ақылды боп және алдайды,
Байқамағансып, сұрағанын бере салам.
Алдансам қуаныштан жайраңдайды.
Жасырынбақ ақыл, естің ойыны екен,
Болмаса екен тентектік ойы бөтен.
Жасырынып Атамыздан үш жүз жылдай,
Хау анадан «Жасырын Бақ» қалған екен.
Сонан бері еркекпен, әйел заттың,
Жасырынбақ ар-ойыны болған екен.
Әйелге нәзік жанды қылығы жарасады,
Жасырын бақ ойнап, әуретін жасырғаны.
Ішімде қажетің, керегің бар тауып ал деп,
Етегі жерге жетіп, басына да жабылғаны.
Ғашық боп, құпия сырдың ашылғаны,
Ұйқы көрмей, іздеп тапай жасырғанды.
Еркектің міндеті іздеу ғашық әнін.
Сыңарын жүрек көрсе, сезіммен бойлап.
Жеңгесін қызды ауылдың, аңдып бойдақ,
Жасырын бақ, махаббатың ойынын ойнап,
Кілтінде алады екен қыры қүн күн тойлап.
Махаббат адамзаттың, ойыны жасырынбақ.
Қыз бұрымды, ұлы ұрымды болған елде,
Жасырбақ ойнаған ауылда қаламас бойдақ.
Сағынамын, іздеп ойын жасырынбақ,
Жасырынған нәзік жанды көзім шалса,
Еске түсер жасырынбақ жүрген ойнап.
Жастық жақ, балалықпен жүрген бойдақ.
Тағдырдың жазғаны екен жасырынбақ,
Әйел еркек егіндік азығы, асы болмақ.
Қарындас, жұмбақ болшы қуантсаңшы,
Шашты тығып, етек жауып, есті жинап.
Кел ойнайық, үлкен ойынын жасырынбақ!
Көрейінші не жасырдың, сөзбен барлап.
Құдайға да құлшылық, жүрсең ойлап?
Қуантшы құрбы-құрдас шабыт сыйлап,
Жасырынбақ ойнашы арыңды ойлап,
Ақын жанды еркектердің жатқан қалғып
Оятшы, тылсым сезім болған жұмбақ!
Әрі қарай