Байтасовтың отбасында

Тараздағы террактте өз денесін гранатаға тосқан Байтасовтың ерлігін ескеріп, біз де естелік бермекші болып келіскен едік қой. Сурет дайын болып, Айкона беріп жіберген еді. Неге екенін қайдам, суретті алған соң біраз уақыт барудың сәті түспеді. Тек, сенбі күні кешкісін барып қайттым. Сіздердің де қайғырып көңіл айтатындарыңызды, КерекИнфо блогшылары мен Ғаламарт атынан деп суретті табыс еттім. Жары Гүлжамал, анасы Гүлзат рахметтерін айтып жатыр.
Әрі қарай

Капитан Байтасовтың жанұясына

Құрметті керекинфо қолданушылары!



Алдынада konvict пен balzaminka ның бастауымен Таразда орын алған қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан капитан Байтасовтың жанұясына көмек көрсетеміз деген ұсыныстар болған еді. Мұнда. Кешегі Алматылықтырдың жиналысында осы мәселені тағы да талқыладық. Домбыра сыйлау туралы идеяны жарамсыз деп тапқан соң, Ғаламарт атынан келген Алмас тамаша бір ұсыныс айтты. Егер Капитан Байтасовтың балаларына ұмытылмас естелік сыйлағымыз келсе, оның портретін салдырып, әдемі багетке салып керекшілердің атынан Таразға беріп жіберуге болады. Әрине, портреттің сапасы бұл сыйлықтың мағынасын сездіріп тұратындай өте жоғары болуы керек. Алмастың рекомендациясымен суретті Нұрлан Қилыбай аға салып беруге келісімін берді. Алмас Нұрлан ағаның профессионализіміне күмән келтірмеуге болатындығына бізді сендірді.

Ендігі сұрақ сыйлықтың бағасында. Нұрлан Қилыбайдың салған суреттері 75 000 теңге көлемінен асады екен. Алмас өтінген соң, ол бізге портретті 50 000 теңгеге салып беруге келісімін берді.

Біз кешегі жиналыста ақша жинауды бастап та кеттік. Барлығы 11 қолданушыдан 11 500 теңге жиналды. Егер кімде-кім бізге қосылғысы келсе, менімен немесе Айконамен хабарлассын. Не болмаса, осында жазсын.

Астаналық керекші достар! 16 желтоқсан күні patick елордаға аттанғалы жатыр. Әрине, зорлық жоқ. Дегенмен, беретін ақшаларыңызды сол кезде жинап, Ернардан беріп жібере салсаңыздар жақсы болар еді.
Әрі қарай